Нұра ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі
Нұра орталықтандырылған кітапханалар жүйесі

Ай кітабы

Астана.Путеводитель / Составитель Р.Турлынова. – Астана: Фолиант, 2018. – 144 с.
Астана.Путеводитель / Составитель Р.Турлынова. – Астана: Фолиант, 2018. – 144 с.
Астана бойынша жол көрсеткіш Қазақстанның астанасына сапардың барлық ерекшеліктерін көрсетеді: Қазақстанға қалай жету ыңғайлылығы, жетуді тиімді жоспарлау, Ескі қала мен Сол жағалаудың көрнекі жерлерін, мейманханалар мен мейрамханалар, барлар мен кинотеатрлар - барлығын осы басылым арқылы оңай табуға болады.

Анонс

Іс-шаралар анонсы Тамыз-2019 жыл


Көпшілік жұмыс

 

Пайдалы ақпарат минуты «Темекі орнына кітаптар мен газеттер»

05.08.19

Жаңа кітаптарға шолу «Не проходите мимо! С новинками витрина!»

09.08.19

Спорт-круиз " Спорт - бұл өмір, қозғалыс, денсаулық!»

14.08.19

 Библиодесант «Кітап балалар алаңында»

20.08.19

Обзор «Невада-Семей жаңғырығы»  (Семей  полигонына - 70 жыл)

26.08.19

 Азаматтық сабақ «Елдің басты кітабы»

29.08.19

Көрнекілік насихат

 

Кітап көрмесі «Кітап арқылы салауатты өмір салтын танамыз»

12.08.19

Кітап көрмесі «Жастарға жігер сыйлаған Жолдау»

07.08.19

Көрме-импульс "STOP. Сыбайлас жемқорлық»

17.08.19

Кітап көрмесі «Ата заңым – елдігімнің айбыны»

27.05.19


Авторландыру

2011 жыл

Қаралды (1851)

Думан Ахатұлы Абильдинов
Думан Ахатұлы Абильдинов 1944 жылдың 23 ақпанында Нұра ауданының Жараспай ауылында туған.  Еңбек жолын 1959 жылдың тамыз айынан 1960 жылға дейін «Кенжарық» шаруашылығында әр түрлі жұмыстар істеуден бастаған. Содан кейін бір жылдай «Индустриальный» шаруашылығында жұмысшы болды.
1961 жылы Целиноград ауыл шаруашылығы институтына оқуға түседі. 1966 жылы институтты  бітіргеннен кейін Нұра ауданының «Маржанкөл» шаруашылығының агрономы болып тағайындалады. 1966 жылдың қазан айында әскер қатарына шақырылады.
1967 жылдың желтоқсан айында әскерден оралғаннан кейін «Индустриальный» шаруашылығының №3 бөлімшесінің аға агрономы болып тағайындалады. 1972 жылдан 1977 жылға дейін Чкалов атындағы шаруашылықтың бас агрономы міндетін атқарады. 
1975 пен 1990 жылдар арасында «Путь Ленина» шаруашылығының директоры болып істейді. 1990 жылдың сәіур айынан Нұра аудандық Компартиясының бірінші хатшысы болады. 1992 жылдың ақпанынан 1995 жылдың қазанына дейін Киевка кентінде Нұра аудандық әкімшілігін басқарады. 1995 жылдан 1996 жылы Нұра ауданының Әкімі қызметін атқарады. 1996 жылдан 2002 жылға дейін Сенат депутаты.  2002 жылдың желтоқсан айынан егін шаруашылығы Департаментінің агротехнологиялық саясат Басқармасының өсімдік шаруашылығы бөлімінің бастығы қызметінде болды.
Думан Ахатұлы Абильдинов Еңбек Қызыл Ту ордені, «Қажырлы еңбегі үшін» медалымен марапатталған. Думан Ахатұлы Абильдиновке 2011 жылы 18 қазанда Нұра ауданының Құрметті азаматы атағы берілді.

© 2013 Нұра орталықтандырылған кітапханалар жүйесі
Әзірлеуші және қолдаушы: Интернет-компания Creatida
Яндекс.Метрика