Нұра ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі
Нұра орталықтандырылған кітапханалар жүйесі

Ай кітабы

Астана.Путеводитель / Составитель Р.Турлынова. – Астана: Фолиант, 2018. – 144 с.
Голубев, К Козы, овцы, коровы: содержание и разведение / К.А. Голубев, М.В. Голубева. – Москва: Издательство АСТ, 2018. – 128с. – (Азбука дачника)
Бұл кітап ісін жаңа бастаған фермерге да, үлкен тәжірибесі бар малшыларға да қажет. Кітаптан сіз үй жануарларын қалай дұрыс өсіру және ұстау, олар немен ауырады және оны қалай болдырмау, сіздің фермер шаруашылығының өнімділігі мен табыстылығын қалай арттыру және оған кеткен шығындарды аз өтеуге үйретеді. Кітап беттерінде уақытпен тексерілген құнды тәжріби ұсыныстар жинақталған!

Анонс

Іс-шаралар анонсы – қаңтар 2019 жыл


Көпшілік жұмыс

Уақыты

Әдеби өлкетану сағаты «Дәуірмен үндес өмір» (жазушы Бүркіт Ысқақовтың 95 жылдығына арналған)

4.11.19

Слайд – фильм «Қазақстанның ұлттық валютасы»

15.11.19

Ақпарат күні «Дүниежүзілік теледидар күні»

20.11.19

Экономикалық ойын «Бизнес сатылары бойынша»

17.11.19

Дөңгелек үстел «Жаңа дәуірдің Көшбасшысы»

29.11.19

Көрнекілік насихат

 

Көрме-ақпарат «Қазақстан-2050: жаңа даму стратегиясы»

Ай бойы

 Кітап көрмесі «Елін сүйген ердің ізі» (жазушы Бүркіт Ысқақовтың 95 жылдығына арналған)

4.11.19

Кітап көрмесі «Тәуелсіздіктің алтын қазығы-теңге»

11.11.19

«Өз бизнесіңді табысты ет!» (Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің күніне арналған)

13.11.19

Кітап көрмесі «Елбасы әлем таныған тұлға»

26.11.19

 


Авторландыру

2013 жыл

Қаралды (2144)

Бақыт Несіпбайқызы Қайырбекова
Бақыт Несіпбайқызы Қайырбекова 1937 жылы туған. 1962 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина институтын бітірген. 
1962 жылдан 1999 жылға дейін аудандық денсаулық сақтау бөлімінде балалар дәрігері болып жұмыс істейді.
1976 жылы «Коммунистік еңбек озаты» атағы беріледі.  1976 жылы «Еңбек Қызыл Ту» орденімен, денсаулық Министрлігінің, аудан Әкімінің мақтау қағаздарымен  марапатталған. 

 

 

Қайыржан Бекішұлы Бекішев
Қайыржан Бекішұлы Бекішев 1943 жылдың 20 қаңтарында Нұра ауданының  Черниговка (қазіргі Көбетей) ауылында дүние есігін ашты. 
1960 жылы Қарағанды   мемлекеттік  педагогикалы институтында биология мамандығы бойынша бес жыл тәлім алып, оқуын «үздік»  дипломмен тамамдады. Ұстаздық қызметін Семеновка ауылында биология пәнінің мұғалімі және оқу ісінің меңгерушісі болып бастайды. 1965 жылы әскер қатарына 
шақырылып, әскери міндетін Кушка қаласының артиллерия бөлімінде атқарады.  Әскери қызметін аяқтап келген соң,Балықтыкөл орта мектебіне 24 жасында  директор болып тағайындалады. 
1969 жылы Қарағанды мемлекеттік мұғалімдер институтының  биология  кафедрасына оқытушы болып шақыртылады.  1974 жылы Мәскеу қаласындағы Серевцев  атындағы ғылыми-зерттеу институтына аспирантураға оқуға түседі.
Осы институтта оқып жүргенде ғылыми еңбегін қорғап, биология ғылымдарының  кандидаты атанады.1978 жылы оның алғашқы еңбектері: 5 оқулық, 15 әдіскерлік  нұсқаулары жарық көрген.  Аспирантураны аяқтағаннан кейін ҚарМУ-нің   биология-химия факультетінің деканы, сонымен қатар партия ұйымының хатшысы, тәрбие  ісі  жөніндегі проректоры қызметтерінде өзіне қойылған талапты абыройлы атқарады.         1996 жылы Алматы қаласындағы «Экология» Академиясының академигі болып  сайланып, 2002 жылы биология ғылымына енгізген жаңалықтары үшін профессор  атағын алады. Қазіргі таңда ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері, ҚР  жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі, «Ы. Алтынсарин»  төсбелгісінің иегері. 
Ғалым бірнеше оқу құралдары мен оқулықтардың, елуден артық ғылыми  еңбектердің авторы.   Ғылыми зерттеулерінің бағыты: ҚР көкейтесті экологиялық  мәселелері. 
2013 жылы Нұра ауданының Құрметті азаматы атағы берілді.

 

© 2013 Нұра орталықтандырылған кітапханалар жүйесі
Әзірлеуші және қолдаушы: Интернет-компания Creatida
Яндекс.Метрика