Нұра ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі
Нұра орталықтандырылған кітапханалар жүйесі

Ай кітабы

Астана.Путеводитель / Составитель Р.Турлынова. – Астана: Фолиант, 2018. – 144 с.
Голубев, К Козы, овцы, коровы: содержание и разведение / К.А. Голубев, М.В. Голубева. – Москва: Издательство АСТ, 2018. – 128с. – (Азбука дачника)
Бұл кітап ісін жаңа бастаған фермерге да, үлкен тәжірибесі бар малшыларға да қажет. Кітаптан сіз үй жануарларын қалай дұрыс өсіру және ұстау, олар немен ауырады және оны қалай болдырмау, сіздің фермер шаруашылығының өнімділігі мен табыстылығын қалай арттыру және оған кеткен шығындарды аз өтеуге үйретеді. Кітап беттерінде уақытпен тексерілген құнды тәжріби ұсыныстар жинақталған!

Анонс

Іс-шаралар анонсы – қаңтар 2019 жыл


Көпшілік жұмыс

Уақыты

Әдеби өлкетану сағаты «Дәуірмен үндес өмір» (жазушы Бүркіт Ысқақовтың 95 жылдығына арналған)

4.11.19

Слайд – фильм «Қазақстанның ұлттық валютасы»

15.11.19

Ақпарат күні «Дүниежүзілік теледидар күні»

20.11.19

Экономикалық ойын «Бизнес сатылары бойынша»

17.11.19

Дөңгелек үстел «Жаңа дәуірдің Көшбасшысы»

29.11.19

Көрнекілік насихат

 

Көрме-ақпарат «Қазақстан-2050: жаңа даму стратегиясы»

Ай бойы

 Кітап көрмесі «Елін сүйген ердің ізі» (жазушы Бүркіт Ысқақовтың 95 жылдығына арналған)

4.11.19

Кітап көрмесі «Тәуелсіздіктің алтын қазығы-теңге»

11.11.19

«Өз бизнесіңді табысты ет!» (Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің күніне арналған)

13.11.19

Кітап көрмесі «Елбасы әлем таныған тұлға»

26.11.19

 


Авторландыру

2014 жыл

Қаралды (1964)

Мейірхан Айтжанұлы

 Мейірхан Айтжанұлы – 1934 жылы қара Нұраның бойында Киевка кентінде дүниеге келген.
Мейірхан Айтжанұлы өзінің еңбек жолын Қарағанды мемлекеттік институтынан  «жаратылыстану, химия пәндерінің мұғалімі» мамандығын алып келгеннен бастап Киевка орта мектебінде 40 жылдан астам ұстаздық қызмет атқарып, осы мектептен зейнеткерлікке шықты.  Сол студенттік жылдары өмірлік жары Мәрия Баязитқызымен тіл табысып, 1956 жылдың жазғытұрым кезінде шаңырақ көтерген. Жарымен бір шаңырақ астында 53 жыл отасып, бес бала тәрбиелеп, отбасы мен өзі жан дүниесімен қалаған «медбике» мамандығын қатар алып жүреді. Аудан орталығындағы ауруханада табан аудармастан қырық жыл еңбек етіп, зейнеткерлікке шығады.
Қазір ақсақал Нұра ауданының ардагерлер кеңесінің белсенді мүшесі, Жастар жөніндегі тұрақты комиссияның  төрағасы, Кеңестік президиум, ақсақалдар кеңесі, қоғамдық кеңес, «Қазақ тілі » қоғамының мүшесі. Сонымен қатар ерен еңбегң үшін «Қазақстан Республикасының оқу ісінің үздігі» белгісімен, «Жеңістің 65 жылдығы» медалімен, ардагерлер кенесінің облыстық, аудандық кеңестерінде белсенділік көрсеткені үшін  Құрмет грамоталары, көптеген дипломдармен марапатталған. Сонымен қатар 75 жылдық мерейтойы қарсаңында  балалары «Көңіл толқыны» атауымен өзінің жеке шығармаларынан құралған өлеңдер топтамасын жарыққа шығарған.


Қаржасов Базарбай Қорабайұлы

Қаржасов Базарбай Қорабайұлы (1952ж.т),заңгер-экономист. Ынтымақ ауылының тумасы. ҚарПи, ҚЭУ (1974,2000) бітірген. Нұра ауданы тұтынушылар одағында бухгалтер, бас бухгалтердің орынбасары, жұмысшылар кооперативі бас кеңсесінің аға бухгалтері, төрағасы, аудан тұтынушылар одағының төрағасы (1974-1993), 1993 жылдан Қарағанды облысы тұтынушылар одағы басқармасының төрағасы. «ҚР Тәуелсіздігіне 10 жыл» медалімен марапатталған.


© 2013 Нұра орталықтандырылған кітапханалар жүйесі
Әзірлеуші және қолдаушы: Интернет-компания Creatida
Яндекс.Метрика