Нұра ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі
Нұра орталықтандырылған кітапханалар жүйесі

Ай кітабы

Астана.Путеводитель / Составитель Р.Турлынова. – Астана: Фолиант, 2018. – 144 с.
Голубев, К Козы, овцы, коровы: содержание и разведение / К.А. Голубев, М.В. Голубева. – Москва: Издательство АСТ, 2018. – 128с. – (Азбука дачника)
Бұл кітап ісін жаңа бастаған фермерге да, үлкен тәжірибесі бар малшыларға да қажет. Кітаптан сіз үй жануарларын қалай дұрыс өсіру және ұстау, олар немен ауырады және оны қалай болдырмау, сіздің фермер шаруашылығының өнімділігі мен табыстылығын қалай арттыру және оған кеткен шығындарды аз өтеуге үйретеді. Кітап беттерінде уақытпен тексерілген құнды тәжріби ұсыныстар жинақталған!

Анонс

Іс-шаралар анонсы – қаңтар 2019 жыл


Көпшілік жұмыс

Уақыты

Әдеби өлкетану сағаты «Дәуірмен үндес өмір» (жазушы Бүркіт Ысқақовтың 95 жылдығына арналған)

4.11.19

Слайд – фильм «Қазақстанның ұлттық валютасы»

15.11.19

Ақпарат күні «Дүниежүзілік теледидар күні»

20.11.19

Экономикалық ойын «Бизнес сатылары бойынша»

17.11.19

Дөңгелек үстел «Жаңа дәуірдің Көшбасшысы»

29.11.19

Көрнекілік насихат

 

Көрме-ақпарат «Қазақстан-2050: жаңа даму стратегиясы»

Ай бойы

 Кітап көрмесі «Елін сүйген ердің ізі» (жазушы Бүркіт Ысқақовтың 95 жылдығына арналған)

4.11.19

Кітап көрмесі «Тәуелсіздіктің алтын қазығы-теңге»

11.11.19

«Өз бизнесіңді табысты ет!» (Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің күніне арналған)

13.11.19

Кітап көрмесі «Елбасы әлем таныған тұлға»

26.11.19

 


Авторландыру

2017 жыл

Қаралды (735)

Досжанов Қорабай  Досжанұлы 23 маусым 1940 жылы Нұра ауданы Казгородок (қазіргі Кертінді) ауылында дүниеге келген. Қазақ орта мектебін 1958 жылы бітіріп, Алматыдағы Қазақ мемлекеттік ауыл шаруашылығы институтын  1963 жылы тәмамдап, инженер-механик мамандығын алған. Қорабай  Досжанұлы жоғары оқу орнын бітірісімен арнайы жолдамамен туған ауданына қайта оралып қатарлы инженер мамандығын бастап, Қазақстан үкіметінің шөл және шөлейт аймақтарын қой шаруашылығын дамыту туралы қаулысына сәйкес жаңа ашылған Балықтыкөл кеңшарында бас инженер болып тағайындалып, кейін кеңшары директоры қызметін атқарып, осы шаруашылықтың  алғашқы қадамын қағушылардың  бірі болып саналады. 
Қазақстан КП орталық комитетіңің 14 съезінде делегат болып сайланып, съезд жұмысына қатысқан.  Қорабай Досжанұлы көп жылғы еңбек етуі билік тарапынан атаусыз қалған жоқ. Бірнеше жыл қатарынан ауыл парткомының мүшесі, облыстық, аудандық, ауылдық кеңес депутаты болып сайланған.
1991-2004 жылдары мемлекеттік ызметінде Қызыл – Тал ауылының әкімшілік басшысы және Казгородок ауыл әкімі лауазымдарын атқарған. Шаруашылық басқарушы еңбегі үшін «Халықтар достығы», «Құрмет белгісі» ордендерімен, «В.И, Лениннің туғанына 100 жыл», «Тың жерлерді игергені үшін» медальдарымен марапатталған. Қорабай Досжанұлы қазіргі уақыттада ауданның қоғамдық өмірінің ортасында жүреді, аудандық ардагерлер Кеңесінің, Кертінді әкімінің аппаратының жергілікті қоғамдастығының белсенді мүшесі.
2017 жылы Досжанов Қорабай Досжанұлына «Нұра ауданының Құрметті азаматы» атағы берілді.

 

Нұрғалиев Балғабек Нұрғалиұлы1935 жылы қазан айының 5 күні Ақмола облысы Қорғалжын ауылында туған.1950 жылы Қорғалжын орта мектебінің жеті сыныбын тәмамдаған соң, жанұя жағдайына байланысты  Ақмоладағы Мәлік Ғабдуллин атындағы №28-ші теміржол мектебін 1954 жылы бітірген.
         1954-1959 жылдары Алматыдағы бұрыңғы С. М. Киров атындағы (қазір Ә.Фараби) Қазақ мемлекеттік университетінің тарих факультетінің студенті.
         1959-1961 жылдары Қорғалжын орта мектебінде тарих пәнінің мұғалімі, әрі аудандық бөлімінің инспекторы болып бастаған.
         1961-1995 зейнеткерлікке шыққанша Қорғалжын аудандық партия комитетінің нұсқаушысы, «Қорғалжын» кеңшарының партия ұйымының хатшысы, «Қорғалжын» кеңшарының  В.В. Куйбышев атындағы мектебі және Баршын орта мектебінің директоры, Теңіз ауданы оқу бөлімінің меңгерушісі, Теңіз аудандық атқару комитеті төрағасының орынбасарының қызметтерін атқарған. Кеңестік кезеңде Компартия оқуларының жетекшісі, насихатшы. Теңіз аудандық партия комитетінің тексеру комиссиясының төрағасы. Теңіз ауданы сайлау комиссиясының төрағасы қоғамдық жұмыстарын атқарған.
         Зейнеткерлікке шығып 1997-2007 жылдары – Нұра ауданы білім беру бөлімінде аға маман, әдіскер (Теңіз аймағы бойынша) жұмыстарын атқарған.
         Атқарған еңбегі үшін Қазақстан Компартиясы орталық комитетінің Құрмет грамотасы, «Еңбек ардагері», «Тың, тыңайған жерлерді игер», «За доблестный труд», «В.И. Лениннің туғанына -100жыл» медальдарымен, «ҚР-нің оқу ісінің озық қызметкерлері» төс белгісімен марапатталған.
         2017 жылы Нұрғалиев Балғабек Нұрғалиұлына «Нұра ауданының Құрметті азаматы» атағы берілді.

 

 

  Усабаева Нұрғайша Жағанқызы 27 желтоқсан айының (құжат бойынша 5 қаңтар) 1937 жылы Киевка кентінде туған.
Киевка  орта мектебінің 10 жылдығын тәмамдап, 1955 жылы Қарағанды педагогикалық институтына түсіп, 1960 жылы аталған институтын толық курсын қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті мамандығын бойынша бітіріп,  Нұра аудандық халық ағарту бөліміне жолдамамен келген.
1960-1992 жылдары Калинин атындағы ( қазіргі Асубаев атындағы орта мектепте) мұғалім, Киевка орта мектебінде ұстаздық қызмет атқарған. Нұрғайша Жағанқызы 1971 жылы Қазақ КСР-нің Халық ағарту ісінің озық қызметтері, 1978 жылы Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген мұғалімі, 1978 жылы Қазақ КСР-сы оқу министірлігінің «Аға мұғалімі», 1983 жылы «Әдіскер-мұғалім» атақтарының иегері. 1977 жылы Бүкіл Кеңес Одағының мұғалімдер съездінің делегаты. Бірнеше рет облыс, аудан әкімдігінің және Қарағанды облысының білім саласының Құрмет грамоталарымен марапатталған. Ауданның қоғамдық өміріне белсене араласады.
2017 жылы Усабаева Нұрғайша Жағанқызына «Нұра ауданының Құрметті азаматы» атағы берілді.

 
© 2013 Нұра орталықтандырылған кітапханалар жүйесі
Әзірлеуші және қолдаушы: Интернет-компания Creatida
Яндекс.Метрика