Нұра ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі
Нұра орталықтандырылған кітапханалар жүйесі

Ай кітабы

Астана.Путеводитель / Составитель Р.Турлынова. – Астана: Фолиант, 2018. – 144 с.
Голубев, К Козы, овцы, коровы: содержание и разведение / К.А. Голубев, М.В. Голубева. – Москва: Издательство АСТ, 2018. – 128с. – (Азбука дачника)
Бұл кітап ісін жаңа бастаған фермерге да, үлкен тәжірибесі бар малшыларға да қажет. Кітаптан сіз үй жануарларын қалай дұрыс өсіру және ұстау, олар немен ауырады және оны қалай болдырмау, сіздің фермер шаруашылығының өнімділігі мен табыстылығын қалай арттыру және оған кеткен шығындарды аз өтеуге үйретеді. Кітап беттерінде уақытпен тексерілген құнды тәжріби ұсыныстар жинақталған!

Анонс

Іс-шаралар анонсы – қаңтар 2019 жыл


Көпшілік жұмыс

Уақыты

Әдеби өлкетану сағаты «Дәуірмен үндес өмір» (жазушы Бүркіт Ысқақовтың 95 жылдығына арналған)

4.11.19

Слайд – фильм «Қазақстанның ұлттық валютасы»

15.11.19

Ақпарат күні «Дүниежүзілік теледидар күні»

20.11.19

Экономикалық ойын «Бизнес сатылары бойынша»

17.11.19

Дөңгелек үстел «Жаңа дәуірдің Көшбасшысы»

29.11.19

Көрнекілік насихат

 

Көрме-ақпарат «Қазақстан-2050: жаңа даму стратегиясы»

Ай бойы

 Кітап көрмесі «Елін сүйген ердің ізі» (жазушы Бүркіт Ысқақовтың 95 жылдығына арналған)

4.11.19

Кітап көрмесі «Тәуелсіздіктің алтын қазығы-теңге»

11.11.19

«Өз бизнесіңді табысты ет!» (Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің күніне арналған)

13.11.19

Кітап көрмесі «Елбасы әлем таныған тұлға»

26.11.19

 


Авторландыру

Пара беру

Қаралды (1820)

Пара беру

Пара беру дегеніміз:

Заттар – ақшы, оның ішінде шетел валютасы, банк чегі және құнды қағаздар,  бағалы металдар мен тастардан жасалған бұйымдар, автомашина, азық-түлік, бейнетехника, тұрмыстық құралдар және басқа тауарлар, пәтерлер, саяжай, қала сыртындағы үйлер, гараждар, жер телімдері және басқа жылжымайтын мүлік.

Қызметтер мен пайдалар – емдеу, жөндеу және құрылыс жұмыстары, санаториялық және туристік жолдамалар, шетелге бару, ойын-сауықты және басқа да шығындарды тегін немесе төмендетілген құнмен төлеу.

Параның бүркемелі түрі – банк қарызы немесе жоқ қарызды өтеу түрімен төмен бағамен сатып алынған тауарларды төлеу, жоғары бағаға тауар сатып алу, парақорға, оның туыстарына, достарына жалақы төлеуге арналған жалған еңбек шарттарын жасау, жеңілдікті несие алу, дәрістер, мақалалар және кітаптарға арналған қаламақыны көтеру, казинодағы «кездейсоқ» ұтыс, жалгерлік ақыны төмендету, несие бойынша пайыздық мөлшерлемені азайту және т.б.

Параны алғаны үшін кім қылмыстық жауапкершілікке тартыла алады?

Мемлекеттік қызметті орындауға өкілетті лауазымдық тұлға және оған теңестірілген адам пара алушы ретінде танылуы мүмкін.

Жауапты  мемлекеттік қызметті атқаратын адамдар, мемлекет қызметтерін және мемлекеттік органдардың өкілеттіктерін тікелей орындау үшін Қазақстан Республикасының Конституциясымен, Қазақстан Республикасының конституциялық және басқа заңдарымен бекітілетін лауазымды тұлғалар. 

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі парамен байланысты қылмыстың екі түрін қарастырады:

·       пара алу (366 бап);

·       пара беру (367 бап).

Бұл қылмыстың екі жағы: сөз пара жайлы болғанда, параны алатын адам (пара алушы), және оны беретін адам бар (пара беруші) деген сөз.   

Пара алу – ең қауіпті лауазымдық қылмыстың біріне жатады, егер ол адамдар тобымен жасалса немесе заңды немесе заңсыз әрекет (әрекетсіздік) үшін лауазымды тұлға пайда мен артықшылық алу арқылы қорқытып алушылықпен қоса болса тіпті де ауыр қылмыс болып табылады.

Пара беру – лауазымдық тұлғаны заңды немесе заңсыз әрекет (әрекетсіздік) жасауға итермелеуге,  немесе берушінің пайдасына, соның ішінде қызметі бойынша жалпы қамқорлық пен жол берушілік үшін қандай да бір артықшылықтар ұсынуға,  алуға бағытталған қылмыс.

 

 

Пара алу:

Мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген адамның не оған теңестiрiлген адамның пара берушiнiң немесе оның өкiлi болған адамдардың пайдасына жасаған әрекеттері (әрекетсiздiгi) үшiн, егер мұндай әрекеттер (әрекетсiздiк) осы адамның қызметтiк өкiлеттiктеріне кiретін болса не ол лауазымдық жағдайына байланысты осындай әрекеттерге (әрекетсiздiкке) ықпал жасай алатын болса, сол сияқты жалпы қамқорлығы немесе жол берушілігі үшін өзіне немесе басқа адамдарға ақша, бағалы қағаздар, өзге мүлiк, мүлiкке құқық немесе мүлiк сипатындағы пайда түрiнде жеке өзi немесе делдал арқылы пара алуы – жеті жүзден екі мыңға дейін айлық есептік көрсеткішке дейін жазаланады немесе сотталған адамның жеті айдан бір жылға дейінгі кезеңдегі жалақысының немесе өзге табысының мөлшерінде, немесе бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу, белгілі бір лауазымды атқару құқығынан айыра отырып, дәл сол мерзімге бас бостандығынан айыру,  немесе мүлікті тәркілеп  немесе онсыз бес жылға дейінгі мерзімге дейін белгілі бір қызмет атқарумен жазаланады.

Егер қылмысты мемлекеттік қызметтегі адам жасаса, айтарлықтай мөлшерде жасалған дәл сол іс-әрекет, сол сияқты заңсыз әрекеттері (әрекетсiздiгi) үшiн пара алу –      мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айырылып, үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

 

Егер қылмысты адамдар тобы алдын ала келісім арқылы,  аса ірі мөлшерде немесе қорқытып алушылық арқылы жасаса – біренеше рет мүлкі тәркіленіп, жеті жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

 

Пара беру:

Пара лауазымды тұлғаға жеке немесе делдал арқылы берілсе – жеті жүзден екі мыңға дейін айлық есептік көрсеткішке дейін немесе сотталған адамның бес айдан жеті айға дейінгі кезеңдегі жалақысының немесе өзге табысының мөлшерінде, немесе не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не дәл сол мерзімге бас бостандығынан айырумен  жазаланады.

Пара лауазымды тұлғаға заңсыз әрекет (әрекетсіздік) жасағаны үшін берілсе – бір мыңнан үш мыңға дейінгі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде немесе сотталған адамның жеті айдан бір жылға дейінгі кезеңдегі жалақысының немесе өзге табысының мөлшерінде айыппұл салу немесе бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу, не дәл сол мерзімге бас бостандығынан айырылады. 

Жауапты мемлекеттік лауазым атқаратын адамға пара беру – мүлкі тәркіленіп, жеті жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру ретінде жазаланады.

 
© 2013 Нұра орталықтандырылған кітапханалар жүйесі
Әзірлеуші және қолдаушы: Интернет-компания Creatida
Яндекс.Метрика