Нұра ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі
Нұра орталықтандырылған кітапханалар жүйесі

Ай кітабы

Әлімжанов Ә. Ұстаздың оралуы, Жазушы, Махамбеттің жебесі: Романдар (Орысшадан аударған: С. Муратбеков пен Т. Жанұзаков. – Алматы: Жазушы, 1981.-544 б.

Дж.  Неру атындағы халқаралық сыйлықтың, Қазақ ССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Әнуар Әлімжановтың «Ұстаздың оралуы» атты бір томдық жинағына тарихи тақырыпқа жазылған «Ұстаздың оралуы», «Жаушы», «Махамбеттің жебесі» атты шығармалары еніп отыр.

            «Ұстаздың оралуы» романында орта ғасырларда өмір сүрген Ұлы ғалым әл-Фарабидің тарихи бейнесін жасаған.

Қазақстанның өз еркімен Россияға қосылуының 250 жылдығына арналып жазылған «Жаушы» романында қазақ халқының1723 жылдың көктеміндегі жоңғар шапқыншылығына қарсы ұлт-азаттық көтерілісі суреттеледі.

«Махамбеттің жебесі» романы Исатай Тайманұлымен бірге қазақ халқының 1836-1838 жылдардағы ұлт-азаттық көтерілісін басқарған ардагер ақын Махамбет Өтемісұлының тарихи тулғасын сомдауға арналған.

 

Анонс

Іс-шаралар анонсы шілде 2020 жыл


Іс-шаралар анонсы

07.07 – 10.07. 2020 жыл.

Көпшілік жұмыс

Уақыты

«Әсем қала, арман қала» атты видеоролик. Мұзбел ауылдық кітапхана.

07.07.2020

«Нұрсұлтан – астанасы елімнің» фото-көрме Ахметауылдық кітапхана.

07.07.2020

«Мемлекет астанасы-ел мақтанышы» Библиопост. Тассуат ауылдық кітапханасы.

07.07.2020

«Еуразия төрінде» виртуалды кітап көрмесі. Заречный ауылдық кітапханасы.

07.07.2020

«Бұл есім бәріне таныс» онлайн-презентация. Егіндікөл ауылдық кітапханасы.

07.07.2020

«Нұр-Сұлтан-арман қала»  фотоқұттықтау. Изенді ауылдық кітапхана.

08.07.2020

«Рухани жаңғыру – дәуір талабына сай жаңғыру» библиопост. Ақмешіт ауылдық кітапхана.

08.07.2020

«Елін ертеңіне жетелген Елбасы» видеопортрет Көбетей ауылдық балалар кітапханасы.

08.07.2020

Фотогаллерея  «Қазақстан астанасының көрнекті орындары». Заречный ауылдық кітапханасы.

08.07.2020

«Күйші, композитор,домбырашы, шертпе күй орындаушылық мектебінің  негізін қалаушылардың бірі Тәттімбет Қазанғапұлының  туғанына  205 жыл» видео шолу. Жараспай ауылдық кітапхана.

09.07.2020

Сөзжұмбақ «астана». Изенді ауылдық кітапхана.

09.07.2020

«Мамандық - өмір таңдауы» -  виртуалды кітап көрмесі. АБК.

09.07.2020

«Аулақ бол жаман әдеттен»-шақыру көрме, Ахметауылдық кітапхана.

09.07.2020

«Достопримечательности столицы» Фото карусель. С кратким описанием. Тассуатская сельская библиотека.

09.07.2020

«Кітап атауын тап» сөзжұмбақ. Изенді вуылдық кітапхана.

10.07.2020

«Латын әліпбиіне көшу- күттірмес мәселе» библиопост. Мұзбел ауылдық кітапхана.

10.07.2020

Алтын Орда хандығына 750 жыл Алтын орда сауалнамасы. Жараспай ауылдық кітапхана.

10.07.2020

«Коронавирус. Ауру туралы білу маңызды»  Слайд-шолу. Кобетей балалар кітапханасы.

10.07.2020

 


Авторландыру

Сыбайлас жемқорлыққа қалай қарсы тұру керек?

Қаралды (1831)

Сыбайлас жемқорлыққа қалай қарсы тұру керек?

            Заманауи әлемде сыбайлас жемқорлықпен күрес үздіксіз жүргізіледі және үнемі жетілдіріледі. Күрестің бірегей жиынтығы мен оңтайлы жүйесі жоқ. Әр елдің тәсілдері саяси және экономикалық тұрақтылыққа, салт-дәстүрге, діни ерекшеліктер мен құқықтық мәдениеттің деңгейіне сәйкес, сонымен қатар алып жатқан аумағына, халық саны мен тығыздығына қарай бірегей болып табылады. 

            Қазақстандағы экономиканы және көлемді әлеуметтік өзгерістерді жаңғырту шарттарында  мемлекеттің заманауи әлеуметтік-экономикалық саясатымен байланысты сыбайлас жемқорлыққа қарсы біртұтас стратегия қажеттігі белгілі. 

            Осымен байланысты 2014 жылғы 26 желтоқсанда  Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы бекітілді.

Стратегияның мақсаты: мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың тиімділігін арттыру, кез келген сыбайлас жемқорлық көрінісіне «нөлдік» төзімділік атмосферасын жасау арқылы барлық қоғамды сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа тарту және Қазақстандағы сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету.

Стратегия белгілеген сыбайлас жемқорлыққа қарсы кілт бағыттар:

  • мемлекеттік қызмет саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қимыл;
  • қоғамдық бақылау институтын енгізу;
  • мемлекеттік сыңайлы және жеке секторда сыбайлас жемқорлыққа қарсы қимыл;
  • құқық қорғаушы органдарда және сот органдарында сыбайлас жемқорлық туралы ескерту;
  • сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін қалыптастыру;
  • сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәселелер бойынша халықаралық серіктестікті дамыту.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметті іске асыратын құзыретті мемлекеттік органдар.

            Президенттің Қазақстан халқына Жолдауларында сыбайлас жемқорлықты алдын алуға бағытталған және мемлекеттік басқару жүйесін оңайлату - әкімшілік реформаның мақсатынан туындайтын міндеттер қызыл сызықпен белгіленеді.  Мемлекеттік органдардың бақылау функциялары кемиді, олардың жұмысының бақылауға алынатындығы және айқындығы қамтамасыз етіледі, экономика мен бизнестегі мемлекеттік қатынасу азаяды.

            Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жетілдіру нәтижесінде мемлекеттік қызметтен өтуді де,  сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл мәселелерін де өзінде  жинаған жаңа орган құру болды.

            Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қимыл бойынша агенттік мемлекеттің Президентіне бағынады және   мемлекеттік қызметті,  кадр саясатын тиімді іске асыруда және сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендетуде мемлекет пен қоғамның күштерін біріктіреді.  

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы орган жұмысының негізгі бағыты – бір жағынан сыбайлас жемқорлық құрамдас бөлігінен айрылмаған мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру.

Сыбайлас жемқорлықпен күрес мыналардың негізінде жүзеге асырылады:

  • бәрінің заң мен сот алдындағы теңдігі;
  • мемлекеттiк органдардың қызметiн анық құқықтық регламенттеудi, мұндай қызметтiң заңдылығы мен жариялылығын, оған мемлекеттiк және қоғамдық бақылауды қамтамасыз ету;
  • жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн, сондай-ақ мемлекеттiң әлеуметтiк-экономикалық, саяси-құқықтық ұйымдық-басқару жүйелерiн қорғаудың басымдығы;
  • жеке және заңды тұлғалардың бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерiн қалпына келтiру, сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықтың зиянды зардаптарын жою және олардың алдын алу;
  • сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылыққа қарсы күреске жәрдем жасайтын азаматтардың жеке басының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету және оларды көтермелеу;
  • мемлекеттiк мiндеттердi атқаруға уәкiлдiк берiлген адамдар мен соларға теңестiрiлген адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн мемлекеттiң қорғауы, аталған адамдар мен олардың отбасыларына лайықты тұрмыс деңгейiн қамтамасыз ететiн жалақы (ақшалай үлес) мен жеңiлдiктер белгiлеу;
  • осындай қызметтi жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғаларға кәсiпкерлiк қызметтi мемлекеттiк реттеуге өкiлеттiк берiлуiн болдырмау, сондай-ақ оған бақылау жасау және қадағалау.

© 2013 Нұра орталықтандырылған кітапханалар жүйесі
Әзірлеуші және қолдаушы: Интернет-компания Creatida
Яндекс.Метрика