Нұра ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі
Нұра орталықтандырылған кітапханалар жүйесі

Ай кітабы

Әлімжанов Ә. Ұстаздың оралуы, Жазушы, Махамбеттің жебесі: Романдар (Орысшадан аударған: С. Муратбеков пен Т. Жанұзаков. – Алматы: Жазушы, 1981.-544 б.

Дж.  Неру атындағы халқаралық сыйлықтың, Қазақ ССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Әнуар Әлімжановтың «Ұстаздың оралуы» атты бір томдық жинағына тарихи тақырыпқа жазылған «Ұстаздың оралуы», «Жаушы», «Махамбеттің жебесі» атты шығармалары еніп отыр.

            «Ұстаздың оралуы» романында орта ғасырларда өмір сүрген Ұлы ғалым әл-Фарабидің тарихи бейнесін жасаған.

Қазақстанның өз еркімен Россияға қосылуының 250 жылдығына арналып жазылған «Жаушы» романында қазақ халқының1723 жылдың көктеміндегі жоңғар шапқыншылығына қарсы ұлт-азаттық көтерілісі суреттеледі.

«Махамбеттің жебесі» романы Исатай Тайманұлымен бірге қазақ халқының 1836-1838 жылдардағы ұлт-азаттық көтерілісін басқарған ардагер ақын Махамбет Өтемісұлының тарихи тулғасын сомдауға арналған.

 

Анонс

Іс-шаралар анонсы шілде 2020 жыл


Іс-шаралар анонсы

27.07 – 31.07. 2020 жыл.

Көпшілік жұмыс

Уақыты

«Өзің оқы, өзгемен бөліс!»  онлайн букроссинг. Жараспай ауылдық кітапханасы.

27.07.2020

Библопост  «Дін тәрбие бастауы». Баршын ауылдық кітапханасы.

27.07.2020

Ақпараттық пост «Короновирусқа қарсы әрекеттер немесе карантин кезінде өзін қалай ұстау керек». Тассуат ауылдық кітапханасы.

27.07.2020

Коронавирустың алдын алу туралы «Нұра» газетіне мақала жазу. Изенді ауылдық кітапханасы.

27.07.2020

«Қазақстан – алма мен Қызғалдақ отаны» - қызықты хабарламалар сағаты. Ахметауыл ауылдық кітапханасы.

27.07.2020

«Ұлы даланың Ұлы тұлғасы ұлтымыздың мақтанышы Әбу Насыр Әл-Фарабидің туғанына 1150 жыл» толуына орай «Фараби ғибратты ғалым» бейнеролик. Ақмешіт ауылдық кітапхана.

28.07.2020

«Құлақтан кірап бойды алар» Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған бейнеролик. Кертінді ауылдық балалар кітапханасы.

28.07.2020

«Деңсаулық сенің байлығын» оқырмандар назарына Covid19 індеті жайлы ұсыну/библиопост. Баршын ауылдық кітапхана.

28.07.2020

«Ертегілер әлемінде». Көрме – саяхат. Шахтер ауылдық кітапханасы.

28.07.2020

«Ұлы Абай» Абай Құнанбаев жайында онлайн викторина. ОБК.

29.07.2020

«Дүниенің ең үздік дәрілері»

библиопост. Изенді ауылдық кітапхана.

29.07.2020

«Мейрамдардың сұлтаны Құрбан айт». Онлайн әңгіме. Егінді ауылдық кітапхана.

29.07.2020

«Құрбан байрам дегеніміз не? Мерекенің ерекшеліктері?» Библиопост. Тассуат ауылдық кітапханасы.

29.07.2020

«Мәдени мұра-біздің басты байлығымыз «. Бейне – круизі. ОАК.

30.07.2020

«Коронавирус (Пандемия) қаншалықты қауіпті» атты бейнеоролик. Мұзбел ауылдық кітапхана.

30.07.2020

«Абайлаңыз, вирус!»  Кітапхана оқырманынан бейне ақпарат. Кобетей БК.

30.07.2020

«Коронавирус - 21 ғасыр ауруы». Презентация Ахметауыл ауылдық кітапханасы.

30.07.2020

«Құрбан-байрам қасиетті мерекесі-ол туралы не білеміз?» Ақпарат күні . Кобетей ДБ.

31.07.2020

 


Авторландыру

Білу маңызды!

Қаралды (1112)

Қылмыстар туралы ауызша хабарламалар және жазбаша арыздар құқық қорғау органдарында қылмыстың орны мен уақытына қарамастан тәулік бойы қабылданады.

Құқық қорғау органының кезекші бөлімінде Сізді тыңдауға және ауызша немесе жазбаша түрдегі хабарламаны қабылдауға міндетті. Сіз бұл ретте хабарламаны қабылдаған қызметкердің тегін, лауазымы мен жұмыс телефонын сұрауыңыз керек.

Сіз құқық қорғау органдарында тіркелуі туралы белгісі бар өз арызыңыздың  көшірмесін немесе хабарламаны қабылдаған қызметкер туралы, оның қолы, тіркеу нөмірі, құқық қорғау органының атауы, мекен жай және телефоны, хабарламаны қабылдау күні көрсетілген талон-хабарламаны алуға құқылысыз.

Сізден алынған хабарлама (арыз) құқық қорғау органдарында тез тіркелуі және Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес іс жүргізу әрекетін жүзеге асыру үшін жоғарыда тұрған басшыға баяндалуы тиіс.

Сіз арызыңызды орындау тапсырылған құқық қорғау органдарынан қабылданып жатқан шаралардың сипаты туралы анықтауға және Сіздің құқығыңыз бен заңды мүддеңізді қозғайтын мәселелер бойынша толығырақ ақпарат алу үшін тиісті бөлімше басшысының Сізді қабылдауын талап етуге құқылысыз. 

Пара беру туралы Сіздің хабарламаңызды (өтініш) қабылдаудан бас тартқан жағдайда, Сіз жоғары соттарда осы заңсыз әрекеттеріне шағымдануға, сондай-ақ құқық қорғау және қауіпсіздік органдарының қызметіне прокурорлық қадағалауды жүзеге асыратын жоғары тұрған органға құқық қорғау органдары қызметкерлерінің заңсыз іс-әрекеттеріне қарсы шағым беруге құқығыңыз бар.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізуші органның сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе өзгеше түрде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске жәрдемдесетін адамдарды көтермелеу жөніндегі әрекеті немесе әрекетсіздігі сот тәртібімен шағым жасалуы мүмкін.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске жәрдемдесетiн адамдарға тиiспеушiлiк кепілдігі

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактiсi туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске жәрдемдесетiн адам мемлекеттiң қорғауында болады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске жәрдемдесетiн адам туралы ақпарат мемлекеттiк құпия болып табылады және әрекеттегі жемқорлыққа қарсы заңнама қарастыратын органдардың сұранысы бойынша ғана немесе заң бекіткен тәртіпте сот арқылы ғана ұсыныла алады.  Бұл ақпаратты жария ету заңда белгiленген жауаптылыққа әкеп соғады.

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактiсi туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте өзге де жолмен жәрдемдескен адам Қазақстан Республикасының Үкіметі көздеген тәртiппен көтермеленедi.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргiзушi органдар қажет болған жағдайда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске жәрдемдесетiн адамдардың жеке басының қауiпсiздiгiн қамтамасыз етедi.

Жалған ақпарат хабарлаған адам Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауап береді.

 

Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті:

Қарағанды қ., Бульвар Мира көш., 39

телефон:  +7 (7212) 50 33 83, факс: 25 04 50

электронды мекен жай: karaganda_uags@list.ru

сайт:  http://krg.kyzmet.gov.kz

 

 

Қарағанды облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) департаменті:

Қарағанды қ., Әлиханова көш., 12
телефон: +7 (7212) 91 37 09, факс: 91 36 26

сайт:  http://anticorruption.gov.kz

© 2013 Нұра орталықтандырылған кітапханалар жүйесі
Әзірлеуші және қолдаушы: Интернет-компания Creatida
Яндекс.Метрика