Нұра ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі
Нұра орталықтандырылған кітапханалар жүйесі

Ай кітабы

Астана.Путеводитель / Составитель Р.Турлынова. – Астана: Фолиант, 2018. – 144 с.
Досанов С. Он екі томдық таңдамалы шығармалары: 1том. Әңгімелер, повестер. – Алматы: «Арда+7», 2018
Қазақтың әйгілі жазушысы, ҚР Мемлекеттік сыйлықтың және М.Шолохов ат. Халқаралық сыйлықтың лауреаты С. Досановтың он екі томдық шығармаларына таңдамалы еңбектері енгізілді. Жазушының 1 томына әңгіме, повестері берілген. Жазушының 2 томына «Екінші өмір» романы берілген. Жазушының 3 томына «Тау жолы» романы берілген. Жазушының 4 томына «Жиырмасыншы ғасыр» романының 1кітабы берілген. Жазушының 5 томына «Жиырмасыншы ғасыр» роман-эпопеясының екінші кітабы берілген. Жазушының 6 томына «Жиырмасыншы ғасыр» роман-эпопеясының үшінші кітабы берілген

Анонс

Іс-шара анонсы- желтоқсан - 2019ж.


Көпшілік жұмыс

Уақыты

Мерзімді басылымдар күні «Егемен Қазақстан» газетінің жарыққа шығуына 100 жыл» 

05.12.19

 Дискуссия «Тәуелсіз Қазақстанның дамуына қосқан үлесім»

11.12.19

Буккроссинг «Молодежный книговорот»

20.12.19

Бейне круиз «Қазақстанның қасиетті жерлері»

24.12.19

Акция «Библиотерапия в подарок» (мед. мекемесіне әдебиеттерді жинау бойынша қайырымдылық акциясы)

27.12.19

Көрнекілік насихат

 

 Ақпараттық көрме «Барлығы ЖИТС туралы»

29.11.19

- 01.12.19

Көрме-импульс «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес»

9.12.19

Көрме есімнама «Халқым деп соққан жүрегі»  (Ж. Аймауытовтың туғанына 125 жыл, Т. Рысқұлов 125 жыл, Мұстафа Шоқай 130 жыл)

25.12.19

 


Авторландыру

ҚР зейнетақы заңнамасындағы өзгерістер

Қаралды (304)

2019 жылдың 19 наурызында БЖЗҚ-ның барлық филиалдарында биыл алғаш рет Ашық есік күні өтеді. Аталмыш шара әдеттегідей барша салымшылар мен алушылар үшін өте өзекті  тақырып – зейнетақы жүйесіндегі өзгерістерге арналмақ. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры тұрғындардың арасында түсіндірмелік жұмыстарды белсенді жүргізіп, салымшыларға зейнетақы жүйесіне қатысты кешенді сауалдар бойынша жан-жақты мәлімет беруде.
Зейнетақы жүйесін жаңғыртудың басты мақсаты – зейнетақы жинақтарының тиімділігін арттыру.  Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесі зейнетақыны зейнеткерлерге еңбекке жарамсыз жаста жүйелі табыстың  лайықты көлемін қамтамасыз ету мақсатында  түрлі төлем  көздерінен, нақтылар болсақ, мемлекеттік бюджет қаржылары есебінен (бұл базалық және ортақ зейнетақы) және салымшының өз қаржыларынан (жинақтаушы компонент, БЖЗҚ-ның төлемдері) берілетін қаржы ретінде қарастырады.
2014 жылы Мемлекет басшысы бекіткен Зейнетақы жүйесін жаңғырту тұжырымдамасына сәйкес, зейнетақы жинақтарын бір мәрте шешіп алуға шектеу қойылып, ай сайын төлем жасау тәртібі бекітілді. Бұл шаралар зейнетақы жүйесінің тұрақтылығы мен тиімділігін арттыру, бюджет есебінен және жинақтаушы зейнетақы есебінен жасалатын зейнетақы төлемдерінің ортақ көлемін ұлғайтуға бағытталған.
Бүгінде зейнеттегі азаматтарға төленетін зейнетақының 80−85% мемлекеттік зейнетақыдан құралады. Бұл жағдай біртіндеп өзгермек. 2018 жылға дейін еңбек өтілі жоқ азаматтар 2040 жылдан бастап зейнетке  шыға бастағанда олар тек өз жинақтары мен базалық зейнетақыға иек арта алады.   Әрі 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап азаматтардың зейнетақысы   жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысу мерзіміне қатысты белгіленеді.
  Яғни, зейнетақымен қамту деңгейі  мемлекет пен жұмыс берушінің жарнаныуақытылы аударуына ғана емес, азаматтың өзіне көбірек байланысты болмақ», -деп атап өтті «БЖЗҚ» АҚҚарағанды облстық филиалының өкілдері.
Зейнетақы заңнамасына 2019 жылдың бірінші қаңтарынан бастап күшіне енген және таяу болашақта енгізілетін басқа да өзгерістермен қор  мамандары 19 наурызда өтетін шара барысында кеңірек таныстырады.  Сонымен қатар, салымшылар мен алушылар Ашық есік күні барысында өздерін толғандыратын сауалдарға жан-жақты жауап алып, мамандармен жеке кеңесе алады.

 

© 2013 Нұра орталықтандырылған кітапханалар жүйесі
Әзірлеуші және қолдаушы: Интернет-компания Creatida
Яндекс.Метрика