Нұра ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі
Нұра орталықтандырылған кітапханалар жүйесі

Ай кітабы

Әлімжанов Ә. Ұстаздың оралуы, Жазушы, Махамбеттің жебесі: Романдар (Орысшадан аударған: С. Муратбеков пен Т. Жанұзаков. – Алматы: Жазушы, 1981.-544 б.

Дж.  Неру атындағы халқаралық сыйлықтың, Қазақ ССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Әнуар Әлімжановтың «Ұстаздың оралуы» атты бір томдық жинағына тарихи тақырыпқа жазылған «Ұстаздың оралуы», «Жаушы», «Махамбеттің жебесі» атты шығармалары еніп отыр.

            «Ұстаздың оралуы» романында орта ғасырларда өмір сүрген Ұлы ғалым әл-Фарабидің тарихи бейнесін жасаған.

Қазақстанның өз еркімен Россияға қосылуының 250 жылдығына арналып жазылған «Жаушы» романында қазақ халқының1723 жылдың көктеміндегі жоңғар шапқыншылығына қарсы ұлт-азаттық көтерілісі суреттеледі.

«Махамбеттің жебесі» романы Исатай Тайманұлымен бірге қазақ халқының 1836-1838 жылдардағы ұлт-азаттық көтерілісін басқарған ардагер ақын Махамбет Өтемісұлының тарихи тулғасын сомдауға арналған.

 

Анонс

Іс-шаралар анонсы мамыр -2020 жыл


2020 жылы мамырдың  11-нен – 16 на дейінгі аралықта өткізілетін іс-шаралар анонсы 

Көпшілік жұмыс

Уақыты

Онлайн-өтінімдер бойынша оқырмандарға қызмет көрсету (Күн сайын)

 

Виртуалды кітап көрмесі «Өлмейтұғын артында сөз қалдырған» (АОК)

11.05.20

Пайдалы тандау «Улы жәндіктерден қалай сақтанамыз» (АБК)

11.05.20

«Мерзімді басылымдар» онлайн таныстырылымы (Жараспай ауылдық кітапханасы)

11.05.20

«Ел рухын көтерген ер» Касым Кайсенов-библиопост. (Изенді ауыллдық кітапхана)

11.05.20

«Елін сүйген қорықшы» Ерлан Нұрғалиев өмірбаяны бейнеролик (Мынбаев ауылдық балалар кітапханасы)

11.05.20

«Қазақ хандары – халық қорғандары» қазақ хандығының тарихы туралы библио-глобус ( Ахмет ауылдық кітапханасы)

11.05.20

«Абай туралы сөз» ақынның 175 жылдығына орай (Тассуат ауылдық кітапханасы)

11.05.20

Қабдеш Жұмаділов «Дарабоз» кітабын оқуға ұсыныс (Көбетей ауылдық кітапхана)

11.05.20

«Ертегілер елінде» виртуалды кітап көрмесі (Кертінді балалар кітапханасы)

11.05.20

 Әлімжанов Әнуар Тұрлыбекұлы – жазушы, Қазақстанның халық жазушысы, туғанына 90 жыл (1930-1993) виртуалды кітап көрмесі «Әнуар – әлемі» (Жараспай ауылдық кітапханасы)

12.05.20

«Қазақтын қаһарман ұлы». Н.Әбдиров-библиопост. (Изенді ауылдық кітапханасы)

12.05.20

Нығмет Нұрмақұлы Нұрмақовтың туылғанына 125 жыл толуына орай «Өз елін сүйген тұлға» атты бейнеоролик (Ақмешіт ауылдық кітапханасы)

12.05.20

«Туған өлке туралы айтатын кітаптар» әдеби круизі (Байтуған ауылдық кітапханасы)

12.05.20

«Дархан халықтың дана Абайы» виртуалды кітап көрмесі (Кертінді ауылдық кітапханасы)

              12.05.20

«Мен сіздерге соғыс туралы айтамын...» Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 - жылдығына арналған. (Қарой ауылдық кітапханасы)

12.05.20

 «Журналдар әлемі»  библиофреші (ОАК)

13.05.20

«Сапарғали Бегалиннің шығармашылығына саяхат» викторина (АБК)

13.05.20

«Жараспайлық жас шайыр»  Жараспайлық жас ақын Ерболат Қуатбековтің өмірі мен өнеріне шолу (Жараспай ауылдық кітапханасы)

13.05.20

Ақындық минуттар Молдағалиев Ж."Әлия". Көбетей балалар кітапханасы)

13.05.20

М. Әуезов шығармашылығының шыңы – «Абай жолы» роман – эпопея (Заречный ауылдық кітапханасы)

13.05.20

«Ұлы халықтың - ұлы Абайы» . 175 жыл.  Виртуальная выставка (Егінді ауылдық кітапханасы)

13.05.20

«Жазда не оқу керек!» кіші мектеп жасындағы балаларға арналған кітап көрмесі (Ахметауыл ауылдық кітапханасы)

13.05.20

«Дарынды ақын» Қайып Айнабеков (Көбетей ауылдық кітапханасы)

13.05.20

 «Жақында қандай кітапты оқыдыңыз?» сауалнамасы (Байтуған ауылдық кітапханасы)

13.05.20

«Қазақтың зергерлік бұйымдары». Тұсаукесер (Кертінді ауылдық кітапханасы)

13.05.20

«Ұлы даланың екінші ұстазы» «Әл-Фараби бейнеролик (Кертінді балалар кітапханасы)

13.05.20

Ертегіні сүйетін балалар үшін: орыс халық ертегісі «Маша және аю» бейнеролик (Қарой ауылдық кітапханасы)

14.05.20

« Не ? Қайда? Қашан?». Есірткіге қарсы викторина (АОК)

14.05.20

Шығармашылық конкурс «Абай-дәуірдің тынысы»

14.05.20

«Әкем,шешем және мен-отбасымыз оқырман». Отбасылық оқу-фотогалерея (Изенді ауылдық кітапханасы)

14.05.20

«Соғыс туралы балаларға» мультфильмдер (Көбетей балалар кітапханасы)

14.05.20

«Нуркен Абдиров – прерваный полет...» (Тассуат ауылдық кітапханасы)

15.05.20

Қазақ КСР ҒА академигі, техника ғылымдарының докторы, профессор, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, КСРО Жазушылар Одағының мүшесі Евней Букетовтың туғанына 95 жыл толуына арналған Слайд

15.05.20

Біздің өнеріміздің бай тарихи өткені: Шолохов М. А., 150 жыл. Бейнеролик көрсетіледі. (Егінді ауылдық кітапханасы)

15.05.20

«Саған, кәсіпкер» виртуалды көрмесі (Байтуған ауылдық кітапханасы)

15.05.20

«Ұлылардың  ұлысы – Абай» Абай  Құнанбаевтың  туғанына 175 жыл. (Қарой ауылдық кітапханасы)

15.05.20

 


Авторландыру

2019 жылы күшіне енген, ҚР зейнетақы заңнамасындағы өзгерістер

Қаралды (464)

2019 жылдың 19 наурызында БЖЗҚ барлық филиалында биылғы жылы тұңғыш рет «Ашық есік күні» шарасы өткізіледі.
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры тұрғындар арасында ақпарат беру-түсінджіру жұмыстарын жалғастырып келеді. Осы жұмыстар аясында салымшылар мен алушыларға зейнетақы жүйесіне қатысты маңызды сұрақтар бойынша ақпарат беріліп жатыр.
Бұл шараның тақырыбы – зейнетақы заңнамасына енгізілген өзгерістер. 
Зейнетақы жүйесін жаңғыртудағы басты мақсат – зейнетақы төлемдерінің тиімділігін арттыру.  
Азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша жұмыстар мен қызметтер атқаратын жеке тұлғалардың міндетті зейнетақы жарналарын төлеу рәсімін оңайлату мақсатында зейнетақы заңнамасына мынадай өзгерістер енгізілді:
- егер азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттардың бір тарабы салық агенті болса, жеке тұлғаларға, олардың ішінде фрилансерлерге берілетін табыстан міндетті зейнетақы жарналарын осы салық агенті төлейтін болады;
- егер азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт жеке тұлғамен жасалған болса, міндетті зейнетақы жарналарын төлеу – фрилансердің міндеті емес, құқығы болып табылады;
- егер жеке тұлға жалдамалы жұмысшы болса және азаматтық-құқықтық сипаттағы шартты салық агенті болып табылмайтын жеке тұлғамен жасаса, онда осы шарт бойынша міндетті зейнетақы жарналарын төлеу оның міндеті болып есептелмейді. Бұл ретте жарналарды есептеу үшін алынатын ең жоғары жиынтық жылдық табыс республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі жалақының 50 еселенген мөлшерінің 12 еселенген сомасынан аспауы тиіс.
Биылғы жылғы жаңа енгізілімдердің бірі – жеке зейнетақы шоттарының автоматты түрде ашылуы. Яғни, 2019 жылдың 8 қаңтарынан бастап жеке тұлғаға міндетті зейнетақы жарналары бойынша шот ашу үшін Қорға жүгінудің қажеті жоқ. Жеке тұлғаның Қорда міндетті зейнетақы жарналары бойынша ашылған шоты жоқ болса, онда алғашқы жарна түскен кезде шот автоматты түрде ашылады.
2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап елімізде Бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ) іске қосылды. Сол арқылы қатарынан төрт төлемді:
- мемлекеттік кірістер органына төленетін жеке табыс салығын;
- БЖЗҚ-ға төленетін міндетті зейнетақы жарналарын;
- Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына төленетін әлеуметтік аударымды;
- Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына төленетін әлеуметтік жарнаны жүзеге асыруға болады.
Зейнетақы заңнамасына басқа қандай өзгерістер енгізілгені туралы Қор мамандары «Ашық есік күні» шарасында толыққанды түсіндіретін болады.
Аталмыш шара 2019 жылдың 19 наурызында Қарағанды қаласы Бұхар-Жырау даңғылы 82 үй мекенжайында орналасқан «БЖЗҚ» АҚ Қарағанды облыстық филиалында өткізіледі.

 

© 2013 Нұра орталықтандырылған кітапханалар жүйесі
Әзірлеуші және қолдаушы: Интернет-компания Creatida
Яндекс.Метрика