Нұра ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі
Нұра орталықтандырылған кітапханалар жүйесі

Ай кітабы

Астана.Путеводитель / Составитель Р.Турлынова. – Астана: Фолиант, 2018. – 144 с.
Досанов С. Он екі томдық таңдамалы шығармалары: 1том. Әңгімелер, повестер. – Алматы: «Арда+7», 2018
Қазақтың әйгілі жазушысы, ҚР Мемлекеттік сыйлықтың және М.Шолохов ат. Халқаралық сыйлықтың лауреаты С. Досановтың он екі томдық шығармаларына таңдамалы еңбектері енгізілді. Жазушының 1 томына әңгіме, повестері берілген. Жазушының 2 томына «Екінші өмір» романы берілген. Жазушының 3 томына «Тау жолы» романы берілген. Жазушының 4 томына «Жиырмасыншы ғасыр» романының 1кітабы берілген. Жазушының 5 томына «Жиырмасыншы ғасыр» роман-эпопеясының екінші кітабы берілген. Жазушының 6 томына «Жиырмасыншы ғасыр» роман-эпопеясының үшінші кітабы берілген

Анонс

Іс-шара анонсы- желтоқсан - 2019ж.


Көпшілік жұмыс

Уақыты

Мерзімді басылымдар күні «Егемен Қазақстан» газетінің жарыққа шығуына 100 жыл» 

05.12.19

 Дискуссия «Тәуелсіз Қазақстанның дамуына қосқан үлесім»

11.12.19

Буккроссинг «Молодежный книговорот»

20.12.19

Бейне круиз «Қазақстанның қасиетті жерлері»

24.12.19

Акция «Библиотерапия в подарок» (мед. мекемесіне әдебиеттерді жинау бойынша қайырымдылық акциясы)

27.12.19

Көрнекілік насихат

 

 Ақпараттық көрме «Барлығы ЖИТС туралы»

29.11.19

- 01.12.19

Көрме-импульс «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес»

9.12.19

Көрме есімнама «Халқым деп соққан жүрегі»  (Ж. Аймауытовтың туғанына 125 жыл, Т. Рысқұлов 125 жыл, Мұстафа Шоқай 130 жыл)

25.12.19

 


Авторландыру

Шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимдері (АСР)

Қаралды (298)

Шағын бизнес субъектілері үшін АСР түрлері:
- Патент негізінде;
- Оңайлатылған декларация негізінде;
- Тіркелген шегерімді пайдаланатын.
Патент негізіндегі АСР
Дара кәсіпкерлер қолданады, олар:
жалдамалы қызметкерлердің еңбегін пайдаланатын емес,
шекті табыс  3 528 АЕК-тен  аспайды.
ДК өзінің салық міндеттемелерін  «Патент құнын есептеу». 911.00 нысынында  есептейді .
Нысан алдағы салық кезеңіне - күнтізбелік жылға тапсырылады. Патенттің құны төлеуге жататын жеке табыс салығы мен әлеуметтік төлемдерден құралады.
Жеке табыс салығы салық салу объектісіне (Табыс) ставканы қолдану жолымен есептеледі:
Сауда саласындағы қызмет үшін 2% (қолма-қол ақшасыз есеп айырысу бойынша сауда 1%);
Сауданы қоспағанда қызмет үшін 1%.
Патент құнын есеп-қисапты табыс етілгенге дейін төлейді.
Егер кезең үшін нақты алынған табыс сомасы есепте көрсетілген табыс мөлшерінен асып кетсе, ЖК асып кету сомасына қосымша есеп-қисапты табыс етеді және осы сомадан салықтар төлеуді жүргізеді.
Оңайлатылған декларация негізіндегі АСР
Келесі шарттарға сәйкес келетін салық төлеушілер қолдануға құқылы:
Кезең ішіндегі қызметкерлердің орташа тізімдік саны-30 адамға дейін;
Кіріс –24 038 АЕК- тен аспайды;
Салық кезеңі жарты жылды құрайды.
Оңайлатылған декларация негізінде АСР қолданатын салық төлеушілер 910.00 «Шағын бизнес үшін оңайлатылған декларация» декларациясында салықтар мен міндеттемелерді есептейді және оларды ұсынады.
Салықтарды оңайлатылған декларация бойынша 3% ставкасы бойынша  салық салу объектісіне есептеледі.
Егер орташа айлық жалақысы  ДК – 2 еселенген ЕТЖ-нан кем емес,  заңды тұлғаларда 2,5 еселенген ЕТЖ-нан кем емес болса онда  әрбiр жұмыскер үшiн салық сомасының.
1,5 пайызы мөлшерiндегi сомаға азайтылу жағына түзетiлуге жатады.
Салықтардың есептелген сомасы былайша төленеді:
Есептелген сомадан ½ – жеке табыс салығы (корпоративтік табыс салығы);
½ – Әлеуметтік салық (әлеуметтік аударымдар сомасын шегерумен).
Декларацияда зейнетақы жарналарының, әлеуметтік аударымдардың, қызметкерлер үшін МӘМС аударымдарының есептелген сомалары бойынша мәліметтер көрсетіледі.
Шағын бизнес үшін оңайлатылған декларация салық органдарына салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 15-не дейін табыс етіледі.
ЖТС (КТС)  мен әлеуметтiк салықты еспепті кезеңнен кейiнгi екінші айдың 25-күнінен кешіктірілмей төлемі жүргiзiледi.
Төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығын есептеу төлем күнінен кешіктірмей жүргізіледі,оларды төлеу және әлеуметтік төлемдерді аудару жалпы белгіленген тәртіппен ай сайын келесі төлем айының 25-күніне дейін жүргізіледі.
Бұл ретте төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығының және әлеуметтік төлемдердің есептелген сомасы оңайлатылған декларацияда көрсетіледі.
Тіркелген шегерімді пайдалану арқылы АСР
Келесі шарттарға сәйкес келетін салық төлеушілер қолдануға құқылы:
Кезең ішіндегі қызметкерлердің орташа тізімдік саны-50 адамға дейін;
Кезең ішіндегі кіріс – 144 184 АЕК.
Салық кезеңі күнтізбелік жыл болып табылады.
Кірістер мен шығыстардың жекелеген түрлерінің арасындағы (тауармен сатып алу; қызметкерлердің табыстары және жеке тұлғаларға төлемдер бойынша шығыстар; салықтарды төлеу; іссапар шығыстары + жеке тұлғалардың стандартты шегерімдері – ЖК үшін) айырма ретінде айқындалатын  салық салынатын табыс салық салу объектісі болып табылады.
Салық төлеуші құқылы:
- расталмаған шығыстардың бір бөлігін (алынған жылдық жиынтық табыс сомасынан 30%-ға дейін) шегерімге жатқызуға, тіркелген шегерімді қолданған кезде шығыстардың жалпы сомасы жиынтық табыс сомасынан 70% – дан аспауға тиіс;
- салық салынатын табысты мүгедектердің еңбегіне ақы төлеуге жұмсалған шығыстардың 2 есе мөлшерінде және мүгедектердің еңбекақысынан және басқа да төлемдерден есептелген әлеуметтік салық сомасының 50 процентіне азайтуға.
Декларация есепті жылдан кейінгі жылдың 31 наурызына дейінгі мерзімде «Тіркелген шегерімді пайдалана отырып, арнайы салық режимін қолданатын салық төлеушілер үшін декларация» 912.00 нысаны табыс етіледі.
Декларацияда көрсетілген салықтарды салық кезеңінің қорытындылары бойынша мерзімнен кейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмейтін мерзімде бюджетке төлейді.
Салық кодексінің 695-бабына сәйкес салық ставкасы келесі құрайды:
заңды тұлғалар үшін-20%;
ауыл шаруашылығы өнімдері және акваөсіру өнімдері  өндірушілері үшін – 10%;
дара кәсіпкерлер үшін – 10%.

 

© 2013 Нұра орталықтандырылған кітапханалар жүйесі
Әзірлеуші және қолдаушы: Интернет-компания Creatida
Яндекс.Метрика