Нұра ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі
Нұра орталықтандырылған кітапханалар жүйесі

Ай кітабы

Астана.Путеводитель / Составитель Р.Турлынова. – Астана: Фолиант, 2018. – 144 с.
Голубев, К Козы, овцы, коровы: содержание и разведение / К.А. Голубев, М.В. Голубева. – Москва: Издательство АСТ, 2018. – 128с. – (Азбука дачника)
Бұл кітап ісін жаңа бастаған фермерге да, үлкен тәжірибесі бар малшыларға да қажет. Кітаптан сіз үй жануарларын қалай дұрыс өсіру және ұстау, олар немен ауырады және оны қалай болдырмау, сіздің фермер шаруашылығының өнімділігі мен табыстылығын қалай арттыру және оған кеткен шығындарды аз өтеуге үйретеді. Кітап беттерінде уақытпен тексерілген құнды тәжріби ұсыныстар жинақталған!

Анонс

Іс-шаралар анонсы – қаңтар 2019 жыл


Көпшілік жұмыс

Уақыты

Әдеби өлкетану сағаты «Дәуірмен үндес өмір» (жазушы Бүркіт Ысқақовтың 95 жылдығына арналған)

4.11.19

Слайд – фильм «Қазақстанның ұлттық валютасы»

15.11.19

Ақпарат күні «Дүниежүзілік теледидар күні»

20.11.19

Экономикалық ойын «Бизнес сатылары бойынша»

17.11.19

Дөңгелек үстел «Жаңа дәуірдің Көшбасшысы»

29.11.19

Көрнекілік насихат

 

Көрме-ақпарат «Қазақстан-2050: жаңа даму стратегиясы»

Ай бойы

 Кітап көрмесі «Елін сүйген ердің ізі» (жазушы Бүркіт Ысқақовтың 95 жылдығына арналған)

4.11.19

Кітап көрмесі «Тәуелсіздіктің алтын қазығы-теңге»

11.11.19

«Өз бизнесіңді табысты ет!» (Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің күніне арналған)

13.11.19

Кітап көрмесі «Елбасы әлем таныған тұлға»

26.11.19

 


Авторландыру

Салық төлеушілердің қызметін мәжбүрлі тәртіппен тоқтату ерекшеліктері

Қаралды (289)

Қазақстан Республикасы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (одан әрі – Салық кодексі) 93 бабына сәйкес,  мәжбүрлі тәртіппен қызметін тоқтатуға бір мезгілде мынадай шарттарға сәйкес келетін:
1) күнтізбелік жылдың 1 қаңтарына дейін, бірақ осы Кодекстің 48-бабында белгіленген талап қоюдың ескіру мерзімінен кем болмайтын мерзімде:
салықтық есептілікті ұсынбаған;
экспорттық-импорттық операцияларды жасамаған;
егер күнтізбелік жыл ішіндегі төлемнің және (немесе) ақша аударымының сомасы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын жалақының 12 еееленген ең төмен мөлшерінен аспайтын жағдайларды қоспағанда, банктік шоттар бойынша төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын, сондай-ақ зейнетақы төлемдерін және (немесе) әлеуметтік төлемдерді алуды жүзеге асырмаған;
қосылған құн салығын төлеуші ретінде тіркеу есебінде тұрмаған;
2) күнтізбелік жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша:
қосылған құн салығын төлеуші ретінде тіркеу есебінде тұрмаған;
осы Кодекстің 213 және 214-баптарында айқындалган тәртіппен салықтық есептілікті ұсынуды тоқтата тұрмаған;
жеке тұлғалардан мүлік, көлік құралдары салықтары, жер салығы, бірыңғай жер салығы салынатын объектілерді қоспағанда, меншік қүқығында көрсетілетін салықтар салынатын объектілер жоқ;
әлеуметтік төлемдер бойынша берешегі жоқ;
салықтар және бюджетке төленетін төлемдер, кедендік төлемдер және республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын 6 еселенген айлық есептік көрсеткіштен асатын мөлшердегі салықтар бойынша салықтық берешегі жоқ:
• резидент- заңды тұлғалар, олардың құрылымдық бөлімшелері;
• бейрезидент-заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелері;
• қызметін құрылымдық бөлімше ашпай, тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент-заңды тұлғалар;
• дара кәсіпкерлер жатады.
Салық төлеушілердің қызметін мәжбүрлі тәртіппен тоқтату:
1) осы Кодекске сәйкес салықтық мониторингке жататын;
2) қызметін жер қойнауын пайдалануға арналган келісімшартқа сәйкес жүзеге асыратын салық төлеушілерге қолданылмайды.
Бұл ретте, салық органдары жыл сайын:
1. субъектілердің бастапқы тізбесін 1 наурыздан кешіктірмей қалыптастырады;
2. мынадай мәліметтерді:
сәйкестендіру номірін (ол болған жағдайда);
салық төлеушінің тіркеу номірін;
жеке тұлганыц тегін, атын, әкесінің атын (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) не субъектінің атауын;
субъектінің орналасқан жеріндегі салық органының атауын;
кредиторлардың және (немесе) субъект мәжбүрлі түрде таратылған (есептік тіркеуден шығарылған, қызметін тоқтатқан) жағдайда құқықтары мен заңды мүдделері қозғалатын өзге де тұлғалардың өтініштерін (наразылықтарын) қабылдау үшін салық органынын мекенжайын көрсете отырып, мәжбүрлі түрде таратылуға жататын субъектілердің қалыптастырылган тізбесін бұқаралық ақпарат құралдарында 1 сәуірден кешіктірмей орналастырады;
3. субъектілердің қалыптастырылған тізбесі бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланғаннан кейін 1 мамырдан кешіктірмей,мәліметтер алу үшін:
екінші деңгейдегі банктерге жэне банк операцияларыныц жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға айқындалған төлемдер және (немесе) ақша аударымдары туралы;
уәкілетті мемлекегтік органдарға - мүліктің, көлік құралдарының, жер учаскелерінің бар-жоғы туралы;
әділет органдарына - Сәйкестендіру номірлерінің ұлттық тізілімінде мәліметтердіц болуы (болмауы) туралы сұрау салулар жібереді.
Қойылатын наразылықтардың құқыққа сыйымдылығын растайтын құжаттар қоса берілген, кредиторлардың немесе өзге де тұлғалардың өтініштерін (наразылықтарын) салық органдары күнтізбелік жылдың 1 маусымына дейін қабылдайды.
Мәжбүрлі түрде таратуға (есептік тіркеуден шыгаруга, қызметін тоқтатуга) жататын субъектілердіц түпкілікті тізбесі мәліметтер алынған және кредиторлардың немесе өзге де тұлғалардың өтініштері (наразылықтары) болмаған жағдайда күнтізбелік жылдыц 1 шілдесінен кешіктірілмей қалыптастырылады.
Салық органдары тізбеге қосылған субъектілерге қатысты мәжбүрлі түрде тарату (есептік тіркеуден шығару, қызметін тоқтату) үшін талап қою арыздарын сотқа күнтізбелік жылдың 1 қыркүйегінен кешіктірмей  жібереді.
Айтылғанға сәйкес, Салық кодексінің жоғарыда мәлімденген бабының шарттарына сай келген жағдайда, салық төлеуші қызметін мәжбүрлі тәртіппен тоқтата алады.

Нұра ауданы бойынша МКБ
 


 

© 2013 Нұра орталықтандырылған кітапханалар жүйесі
Әзірлеуші және қолдаушы: Интернет-компания Creatida
Яндекс.Метрика