Нұра ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі
Нұра орталықтандырылған кітапханалар жүйесі

Ай кітабы

Астана.Путеводитель / Составитель Р.Турлынова. – Астана: Фолиант, 2018. – 144 с.
Голубев, К Козы, овцы, коровы: содержание и разведение / К.А. Голубев, М.В. Голубева. – Москва: Издательство АСТ, 2018. – 128с. – (Азбука дачника)
Бұл кітап ісін жаңа бастаған фермерге да, үлкен тәжірибесі бар малшыларға да қажет. Кітаптан сіз үй жануарларын қалай дұрыс өсіру және ұстау, олар немен ауырады және оны қалай болдырмау, сіздің фермер шаруашылығының өнімділігі мен табыстылығын қалай арттыру және оған кеткен шығындарды аз өтеуге үйретеді. Кітап беттерінде уақытпен тексерілген құнды тәжріби ұсыныстар жинақталған!

Анонс

Іс-шаралар анонсы – қаңтар 2019 жыл


Көпшілік жұмыс

Уақыты

Әдеби өлкетану сағаты «Дәуірмен үндес өмір» (жазушы Бүркіт Ысқақовтың 95 жылдығына арналған)

4.11.19

Слайд – фильм «Қазақстанның ұлттық валютасы»

15.11.19

Ақпарат күні «Дүниежүзілік теледидар күні»

20.11.19

Экономикалық ойын «Бизнес сатылары бойынша»

17.11.19

Дөңгелек үстел «Жаңа дәуірдің Көшбасшысы»

29.11.19

Көрнекілік насихат

 

Көрме-ақпарат «Қазақстан-2050: жаңа даму стратегиясы»

Ай бойы

 Кітап көрмесі «Елін сүйген ердің ізі» (жазушы Бүркіт Ысқақовтың 95 жылдығына арналған)

4.11.19

Кітап көрмесі «Тәуелсіздіктің алтын қазығы-теңге»

11.11.19

«Өз бизнесіңді табысты ет!» (Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің күніне арналған)

13.11.19

Кітап көрмесі «Елбасы әлем таныған тұлға»

26.11.19

 


Авторландыру

Шабыт

Қаралды (2678)

КЛУБ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ
  «Шабыт» әдеби өмір клубы: аудан кітапханасы жанынан 2009 жылы құрылды.  
Мақсаты мен міндеттері:

  • қазақ тіліндегі әдебиеттерді оқуға тарту, кітап оқуға баулу;
  • туған тілде мәдениетті сөйлеуді меңгерту;
  • қаламгерлік қызуғышылықтарын, әртүрлі әдеби сұраныстарын қанағаттандыру;
  • ақындық табиғатын ұштастыру;
  • шығармашылық кештер ұйымдастыру;

жергілікті ақындардың өмірі мен шығармашылығын насихаттау;

Акция  «Ол – біздің ақынымыз, ол – біздің мақтанышымыз»
2015 жылы халық ортасынан шыққан, көрнекті талант иесі, ақын-жерлесіміз  Қайып Айнабековке – 130 жыл толды.
    Осыған орай  «Шабыт» клубының мүшелерінің белсенді қатысуымен  жерлес ақынымыз - Қайып Айнабековтың мерейтойы қарсаңында «Көненің күмбезі» атты әдеби кешіне арнап жасалынған шақыру билеті таратылды.
      Қайып Айнабеков туралы «Ол – біздің ақынымыз, ол – біздің мақтанышымыз» атты мақала жергілікті «Нұра» газетіне берілді. 

Әдеби марафон «Сарыарқа жыршысы»
  «Жазғы оқу залы» акциясы аясында «Сарыарқа жыршысы» атты әдеби марафон өткізілді. 
 Шара барысында «Көненің күмбезі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, көрмені келіп тамашалаған кент тұрғындарына шабыт клубының мүшелері ақынның өлеңдерін дауыстап оқып және көрмені келіп тамашалаған кент тұрғындарына ақынның шығармашылығынан үзінді оқуларын ұсынды.

Әдеби-өлкетану сабағы «Сарыарқа саңылақтары»
 «Сарыарқа саңылақтары» атты әдеби-өлкетану сабағы өткізілді. Сабақ барысында «Шабыт» клубының мүшелері жазғы оқу залына келушілерді жерлес ақын жазушылардың шығармашылығымен таныстырып, насихаттады.  Насихатталған кітаптардың ішінде: Қанат Жойқынбектегінің «Ел Шоңы», Сәйділ Талжановтың «Ұлдай кегі» мен «Сейфулланың Сәкені» атты хикаяттары, «Кәлила мен Димнә» атты шығыс ертегісінің аудармасы, қаламгердің ой-толғаныстары, сын мақалалары, естелік әңгімелері енгізілген 3 томдық шығармалар  жинағы, Махмет Теміровтың «Арман мен азап», «Азаттық аңсап азап шеккендер», «Қуан қазақ азаттық алғаныңа» атты кітабы, Дәкен Шалабековтың «Қарағанды жұмысшыларының әңгіме жырлары» атты кітабы, Н.А.Кузнецовтың «Штурвал и курс» атты кітабы және т.б.қойылды.

Өлкетану сабағы «Жазықсыз жапа шеккендер»
 31 мамыр - Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні қарсаңында жерлестеріміз Мəжен Сүлейменов пен Торғай Сүлейменоваға арналған «Жазықсыз жапа шеккендер» атты өлкетану сабағы «Шабыт» клубы мүшелері арасында өткізілді. Бұл сабақтан балалар ерлі-зайыптылардың өмірінен көп мағлұмат алып, «Нұрам менің, ғұмыры дастан елім» атты викторинаға қатысып, «Тағдырлар тарихы» атты кітап көрмесімен танысты.
Тарихи-әдеби уеш  «Ұлы даланың ұлы ұлдары»-«Великие сыны великой страны»
 Орталық кітапхананың ұйымдастыруымен «Ұлы даланың ұлы ұлдары»-«Великие сыны великой страны» атты екі бөлімнен тұратын тарихи-әдеби кеш «Нұра әр салалы колледжінде» өткізілді. Кеш қазақ хандығының 550 жылдығы және Ильяс Есенберлиннің 100 жылдығына арналды
      Бақытұлы Жандос өзінің Абылай ханға  арнауын және биылғы айтулы күндерге арналған «Мерекелі жыл» атты өлеңін оқыды. Нұрлан Шахабаев«Біз қазақпыз!», Ернар Шүлембаев «Земля Казахстана» өлеңдерін оқыды.

Қатысушылардың назарына қазақ тарихында «Ақтабан шұбырынды, алқа көл сұлама» деп аталған халықтың ұлы апатында шұбыраған елдің қанды жасынан туған, қайғысына жер жүзіндегі бірде-бір әуен пар келмес атақты «Елім-ай» әні  бейнекөрініс арқылы ұсынылды.

«Көшпенділер» триллогиясындағы өлең-жырлардан үзінділер оқылды. Атап айтсақ: ұлы жырау Асан Қайғының толғауын Айбек Ілиясов, «О мой многострадальный народ!» («Елім-ай» әнінің орысша нұсқасын) Туркина Дана мен Самат Салтанат оқыды.

 

Кездесу кеш «Соғыс менің тағдырымда»
Соғыс миллиондаған адамдардың тағдырын өзгертті. Балаларды балалық шағынан айырды... Олардың бірі қару көтеріп соғысқа, енді бірі тылдағы еңбекті үлкендермен бірге бөлісті. Мұндай жағдайлар біздің ауылымызда да орын алды.
Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 71 жылдығы карсанында балғын балалық шақтары осынау зұламат жыдармен тұспа-тұс келген соғыс балалары, қазіргі кезде тыл ардагерлеріне арналған «Соғыс менің тағдырымда» атты кездесу-кеш орталық кітапхананың оқу залында өткізілді. Кешке:      Ардагерлер кеңесінің төрайымы К. А. Жұмәділова, тыл еңбеккерлері: А.К.Камзин, М.А.Айтжанов, К.Шулембаев, Р.И.Петриченко шақырылды. Сондай-ақ  кездесуге  Нұра көпсалалы колледждің студенттері мен мектеп оқушылары қатысты.
Кешке катысушылар Ұлы Отан соғысында құрбан болған жандарды 1 минут тыныштықпен еске алды.
К. А. Жұмәділова кездесуге келген қонақтарды Жеңіс күнімен құттықтап, ардагерлерімізді таныстырды. Олардың әрқайсысы жайында жылы лебізін айтты.кАл тыл Ал
Тыл еңбеккерлері  өздерінің соғыс кездегі тылда атқарған жұмыстары жайында естеліктерімен бөлісті. Сол кездері таң атып күн батқанша колхоз егістіктерінде, басқа да жұмыстарға белсене араласқандарын мақтанышпен әңгімеледі.
«Шабыт» әдеби өмір клубының мүшелері Жақия Ербол мен Бақытұлы Жандос өзерінің Тәуелсіз Қазақстанға арнаған өлеңдерін оқып берді.
Оку залында «Ерлік пен даңқ жолы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, шолу жасалды.
ОКЖ  директоры  Л.А.Кумпан қонақтарды мерекемен құттықтап сыйлықтар табыстады.
Кешке қатысқан ардагерлер жас ұрпаққа ақ баталарын беріп, толағай табыстар тіледі. Уақыт өткен сайын қатары сиреп бара жатқан соғыс және тыл ардагерлерімен болған бұл кездесу - жастардың бойында патриоттық сезімді қалыптастыруға, ұрпақтар сабақтастығын сақтауға ықпал жасайды деп сенеміз.

© 2013 Нұра орталықтандырылған кітапханалар жүйесі
Әзірлеуші және қолдаушы: Интернет-компания Creatida
Яндекс.Метрика