Нұра ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі
Нұра орталықтандырылған кітапханалар жүйесі

Ай кітабы

Астана.Путеводитель / Составитель Р.Турлынова. – Астана: Фолиант, 2018. – 144 с.
Голубев, К Козы, овцы, коровы: содержание и разведение / К.А. Голубев, М.В. Голубева. – Москва: Издательство АСТ, 2018. – 128с. – (Азбука дачника)
Бұл кітап ісін жаңа бастаған фермерге да, үлкен тәжірибесі бар малшыларға да қажет. Кітаптан сіз үй жануарларын қалай дұрыс өсіру және ұстау, олар немен ауырады және оны қалай болдырмау, сіздің фермер шаруашылығының өнімділігі мен табыстылығын қалай арттыру және оған кеткен шығындарды аз өтеуге үйретеді. Кітап беттерінде уақытпен тексерілген құнды тәжріби ұсыныстар жинақталған!

Анонс

Іс-шаралар анонсы – қаңтар 2019 жыл


Көпшілік жұмыс

Уақыты

Әдеби өлкетану сағаты «Дәуірмен үндес өмір» (жазушы Бүркіт Ысқақовтың 95 жылдығына арналған)

4.11.19

Слайд – фильм «Қазақстанның ұлттық валютасы»

15.11.19

Ақпарат күні «Дүниежүзілік теледидар күні»

20.11.19

Экономикалық ойын «Бизнес сатылары бойынша»

17.11.19

Дөңгелек үстел «Жаңа дәуірдің Көшбасшысы»

29.11.19

Көрнекілік насихат

 

Көрме-ақпарат «Қазақстан-2050: жаңа даму стратегиясы»

Ай бойы

 Кітап көрмесі «Елін сүйген ердің ізі» (жазушы Бүркіт Ысқақовтың 95 жылдығына арналған)

4.11.19

Кітап көрмесі «Тәуелсіздіктің алтын қазығы-теңге»

11.11.19

«Өз бизнесіңді табысты ет!» (Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің күніне арналған)

13.11.19

Кітап көрмесі «Елбасы әлем таныған тұлға»

26.11.19

 


Авторландыру

2016 жыл

Қаралды (1957)

«Бір ел – бір кітап» - 2016 акциясы

 

Қазақстанда «Бір ел – бір кітап» республикалық 2007 жылдан бастап ҚР мәдениет және ақпарат Министрлігінің қолдауындағы Ұлттық академиялық кітапхана мен ҚР Кітапханалық ассоциациясының бастамасымен жүргізілуде.
Акция қазақ әдебиетін атақты ету үшін, рухани мұраны сақтап арттыру үшін, жас ұрпаққа дұрыс адамгершілік-патриоттық тәрбие беру үшін жүргізіледі.  2016 жылдың кітабы – Дулат Бабатайұлының «Өсиетнама» ("Книга поучений").
Қазақтың көрнекті ойшылы, ақыны Д.Бабатайұлы Омск губерниясы Семей обллысы Аягөз ауылында қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданында оған өз заманының оқымысты адамы болуға бөгет етпеген қарапайым көшпенді кедей отбасында дүниеге келген. Ол жерде найман-сыбандар деп аталған ру көшіп қонып жүрген.   
Ол ежелден шешендік өнер мен ақындық өнер бағаланған өлкеде тұрып, өзіне дейінгі XV—XVIII қазақ ойшылдар шығармашылғынан, ежелгі тарихи мұралардан, шежіре мен эпостық аңыздардан ең жақсысын сіңірген. Дулат араб сауатын жақсы білген.  
      Дулат Бабатайұлының шығармашылығы – XIX ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ қоғамының әлеуметтік өмірі қандай болғанын, сол уақытта Қазақстанда философиялық, психологиялық, педагогикалық идеялардың қалай бірте-бірте дамығанын көрсететін дәлелді айғақ. Оның көмегімен біздерге XVII ғасырдың ақыны Ақтамберді жыраудың өлеңмен жазылған туындылары жеткен.
    Ду­лат Ба­батайұлы өз халқына 1874 жылға дейін қызмет етіп дүниеден өткен. Әрбір ақын ұлы Абайға ұстаз боларлықтай шыңдарға жете бермейді. 
    Белгілеуге келерлік жағдай, Ду­лат Ба­батайұлы – өлеңдері типографиялық жолмен кітап болып басылып шыққан ең алғашқы қазақ ақыны. Бірінші жинағы «Өсиетнама» («Кни­га по­уче­ний») 1880 жылы Қазанда басылып шыққан.
     Аудандық орталық кітапхана, ауылдық кітапханаларда ауданымыздың тұрғындары мен қонақтарын кітап көрмелері мен ашық қарауларда ұсынылған кітаптармен танысуға, библиографиялық шолулар мен әдеби пікірталастарға, кештерге, оқырмандық үйірмелерге және т.б. Дулат Бабатайұлының «Өсиетнама» кітабы бойынша «Бір ел – бір кітап» акциясына орай өткізілетін іс-шараларға белсенді қатысуға шақырады
Біз сіздерден  nuralib.kz  сайтынан оқығандарыныздан пікірлеріңізді күтеміз!

Біздің оқырманымыз болыңыз, өміріңізді қызықты етіңіз!

© 2013 Нұра орталықтандырылған кітапханалар жүйесі
Әзірлеуші және қолдаушы: Интернет-компания Creatida
Яндекс.Метрика