Нұра ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі
Нұра орталықтандырылған кітапханалар жүйесі

Ай кітабы

Әлімжанов Ә. Ұстаздың оралуы, Жазушы, Махамбеттің жебесі: Романдар (Орысшадан аударған: С. Муратбеков пен Т. Жанұзаков. – Алматы: Жазушы, 1981.-544 б.

Дж.  Неру атындағы халқаралық сыйлықтың, Қазақ ССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Әнуар Әлімжановтың «Ұстаздың оралуы» атты бір томдық жинағына тарихи тақырыпқа жазылған «Ұстаздың оралуы», «Жаушы», «Махамбеттің жебесі» атты шығармалары еніп отыр.

            «Ұстаздың оралуы» романында орта ғасырларда өмір сүрген Ұлы ғалым әл-Фарабидің тарихи бейнесін жасаған.

Қазақстанның өз еркімен Россияға қосылуының 250 жылдығына арналып жазылған «Жаушы» романында қазақ халқының1723 жылдың көктеміндегі жоңғар шапқыншылығына қарсы ұлт-азаттық көтерілісі суреттеледі.

«Махамбеттің жебесі» романы Исатай Тайманұлымен бірге қазақ халқының 1836-1838 жылдардағы ұлт-азаттық көтерілісін басқарған ардагер ақын Махамбет Өтемісұлының тарихи тулғасын сомдауға арналған.

 

Анонс

Іс-шаралар анонсы сәуір -2020 жыл


 

Сәуір айына арналған іс-шаралар анонсы 06.04 -10.04. 2020 жыл

Көпшілік жұмыс

Уақыты

Онлайн-өтінімдер бойынша оқырмандарға қызмет көрсету

06.04.2020

Оқырманға арналған пост «Интернет ресурстар - оқырманға көмек»

06.04.2020

Ертегі викторинасы (Заречная ауылдық кітапханасы)

06.04.2020

Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған онлайн викторина (Ақмешіт ауылдық кітапханасы)

06.04.2020

Ақпараттық тізім «Жаңа әдебиеттер»

07.04.2020

 Фото-селфи «Бүкіл отбасымен кітап оқуды жақсы көреміз» (Байтуған ауылдық кітапханасы)

07.04.2020

Онлайн-кроссворд «Батырлар»

07.04.2020

Онлайн-викторина «Мақал-мәтелді аяқта» 

07.04.2020

Эмоджи марафоны «Ұлы Отан соғысы туралы балалар кітаптары»

08.04.2020

Сайыс «Сен Абайды білесің бе ?» (Көбетей ауылдық кітапханасы)

08.04.2020

Веб - шолу «Интернет ресурстар - оқушыларға көмек»

09.04.2020

Бейне әңгіме: «Сүйікті ертегілер» (Тассуат ауылдық. кітапханасы)

 

Сұрақ-жауап «Ертегілер елінде» (7-12 аралығындағы балаларға арналған)  (Ахметауыл ауылдық кітапханасы)

09.04.2020

Бейне шолу «Ғарышты бағындырған қазақстандықтар»

09.04.2020

Онлайн – викторина «Ғарыш кеңістігінде» ( АБК, ауылдық филиалдар)

 

Байқоңыр ғарыш айлағының құрылғанына 65 жыл толуына арналған қызықты викторина (Заречная ауылдық кітапханасы)

10.04.2020

 

Онлайн шолу «Ғарышқа саяхат» (Көбетей ауылдық балалар кітапханасы)

10.04.2020

 

 

 

Анонс мероприятий на апрель с 06.04 по10.04. 2020 год

Массовая работа

Время

-Обслуживание читателей по онлайн-заявкам ( Сайт nuralib.kz,)

06.04.2020

- Пост для читателей «Интернет ресурсы - в помощь читателю» (Сайт nuralib.kz)

06.04.2020

-Сказочная  викторина (Заречная сел. библиотека

ok.ru/profile/591177797951

vk.com/id577737282

facebook.com/profile.php?id=100046278721050

06.04.2020

- Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған онлайн викторина (Акмешитская сел библиотека -соц. сети)

06.04.2020

-Информационный список «Новинки литературы» ( Сайт nuralib.kz,)

07.04.2020

- Фото-селфи «Любим читать всей семьей»

(Байтуганская сел. библиотека – фейсбук)

07.04.2020

-Онлайн-кроссворд «Батыры» о героях ВОВ (Сайт nuralib.kz,

vk.com/id268904766 , www.facebook.com, ok.ru/profile/559597652185, my.mail.ru/mail/nura70)

07.04.2020

- Мақал-мәтелді аяқта  онлайн-викторина

Продолжи пословицы –поговорки (Изендинская сел. библиотека – соц. сети)

07.04.2020

-Марафон эмоджи на тему «Детские книги о Великой Отечественной войне» (сайт nuralib.kz соц.сети: vk.com/id268904766 , www.facebook.com, ok.ru/profile/559597652185, my.mail.ru/mail/nura70)

08.04.2020

-Конкурсная игра – викторина « Сен Абайды білесің бе?» (Кобетейская сел. библиотека – инстаграм)

08.04.2020

Веб - обзор «Интернет ресурсы - в помощь школьникам» (Сайт nuralib.kz)

Видео рассказ: «Любимая сказка» (Тассуатская сел. библиотека – инстаграм)

09.04.2020

-«Ертегілер елінде» «В мире сказок» -викторина среди детей 7-12 лет (Ахметаулская сел.биб. – инстаграм)

09.04.2020

«Казахстанцы, покорившие космос» видеообзор - соц. сети)

Онлайн – викторина «На просторах космоса» ( РДБ, сельские филиалы-vk.com/id268904766 , www.facebook.com, ok.ru/profile/559597652185, my.mail.ru/mail/nura70)

09.04.2020

-Занимательная  викторина, посвященная  65-летию  со дня  основания   Космодрома  Байконур (Заречная сел библиотека -ok.ru/profile/591177797951 vk.com/id577737282

facebook.com/profile.php?id=100046278721050

10.04.2020

 

«Путешествие в космос» онлайн-обзор Кобетейская дет. Библиотека -

https:vk.com/id573559446)

10.04.2020

 

 


Авторландыру

2018 жыл

Қаралды (1337)

Құрметті пайдаланушылар!

 

         Қазақстанда осымен он екінші рет «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы басталды. Алғаш рет бүкілхалықтық оқуға 2018 жылы үш кітап таңдалды:

- Шәкәрім Құдайбердіұлы «Үш анық» («Три истины»)

- Бауыржан Момышұлы «Ұшқан ұя» («Наша семья»)

- Немат Келімбетов «Үміт үзгім келмейді» («Не хочу терять надежду»)

      Мүлдем әр түрлі кітаптар, оларды біріктіретін нәрсе – авторлардың қиын тағдыры, олардың өмірдегі қиындықтарды жеңе білуі. Авторлар кітапты жазуда өздерінің естеліктерін, өмірлеріндегі шынайы оқиғаларын негізге алған.

Шәкәрім Құдайбердіұлы – философ, ойшыл, тарихшы, ақын, Абай мұрасын рухани қабылдаушы. Шәкәрімнің шығармашылық, рухани әлемінен оның ешқандай ерекше білімі болмаса да, ол дала қазағы екенін түсінеміз. Шәкәрім «Үш анық» трактатын 30 жыл жазды. Ол «Үш анықты» жазбас бұрын көп дайындық жолынан өткен. Шығыс пен Батыс рухани қазынасының молын қолданған, сол арқылы көптеген еңбектермен танысу мүмкіндігін алған. Шығармада әлем мен адамды түсінуге арналған үш тәсіл ұсынылған: материализм, теология және ұждан. Философ тұрмыстың мәні әрбір адамның жанында өмір сүреді деген түсінікке тоқтаған. Бұл қарапайымдылық, мейірім мен ұятты біріктіретін – ұждан. Дәл осы қасиет – адам жанының ең бірінші қажеттілігі.

 

 

 

 

Бауыржан Момышұлын әрбір қазақстандық біледі. Кеңес Одағының батыры, жазушы, біртума тұлға. Автордың кітаптары патриоттыққа арналған. Олар мемлекет тарихындағы соғыс жанрының алғашқы әдеби шығармалары болды. Оның барлық шығармалары соғыстағы шайқастарға қатысудан пайда болған қасіретке толы және осы шығармалар сол уақыттағы халық тағдырындағы қиын кезеңді суреттейді. Бауыржан Момышұлы өзінің өмірбаяндық повесінде отбасы жайлы, әжесі, әкесі, ағасы, әпкелерінің және ауылдағы т.б. туыстарының қиын өмірі туралы жазған. Дәл осы уақытта Ұлы Отан соғысы батырының туған жерінде дамыған оқиғаларды байқауға болады. 1956 жылы басылып шыққан автордың повесі Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығын алған. Автор осы романда көшпелі дала жағдайындағы қазақ этнографиясын түсінікті және шыншыл көрсеткен. Бауыржан Момышұлы барлық салт-дәстүрлерді қызықты, шынайы суреттейтіндігі соншалықты, оның естеліктеріне енгендей және барлық көшпелі тұрмысты көргендей боласын.

 

 

 

 

Немат Келімбетов – атақты қазақстандық ғалым және педагог. Филология ғылымдарының докторы, әдебиетші, жылдар өткен сайын оның еңбектерінде терең философиялық ойлар байқалған. Немат Келімбетовтың әдеби шығармашылығында ойды білдіретін сөздің күші мен кемелдігі айқын көрінеді. Хикаят-монологтың басты кейіпкері Ержан өмір мен өлім ортасында қалып, ауруханада төсек тартып жатса да, шын адами қасиеттерін көрсеткен: ерлік, табандылық, мейірім. Баяндаушы сәтсіз отадан кейін ұзақ 10 жыл бойы толысқан шақтағы мықты ер азаматты сатып кеткен денесімен, отаға дейін қандай адам болғандығын көрмейтін қоғамдық пікірмен, тоқырау мен уайымға батқан өз-өзімен күреседі. Әдеби әлемде белгілі бір дертті жеңіп шығуға арналған шығармалар көп, бірақ бұл жолды шынайы бейнелейтін шығарма сирек кездеседі. «Үміт үзгім келмейді» хикаяты үміт жоғалтқан адамдарға арналады.

 

Аудандық орталық кітапхана, филиал кітапханалары ауданымыздың тұрғындары мен қонақтарын кітап көрмелерінде ұсынылған осы шығармалармен жақын танысуға, «Бір ел – бір кітап» акциясының аясында оқуға ұсынылған  Шәкәрім Құдайбердіұлы, Бауыржан Момышұлы, Немат Келімбетовтың шығармалары бойынша өткізілетін іс-шараларға белсенді қатысуға шақырады.

© 2013 Нұра орталықтандырылған кітапханалар жүйесі
Әзірлеуші және қолдаушы: Интернет-компания Creatida
Яндекс.Метрика