Нұра ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі
Нұра орталықтандырылған кітапханалар жүйесі

Ай кітабы

Әлімжанов Ә. Ұстаздың оралуы, Жазушы, Махамбеттің жебесі: Романдар (Орысшадан аударған: С. Муратбеков пен Т. Жанұзаков. – Алматы: Жазушы, 1981.-544 б.

Дж.  Неру атындағы халқаралық сыйлықтың, Қазақ ССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Әнуар Әлімжановтың «Ұстаздың оралуы» атты бір томдық жинағына тарихи тақырыпқа жазылған «Ұстаздың оралуы», «Жаушы», «Махамбеттің жебесі» атты шығармалары еніп отыр.

            «Ұстаздың оралуы» романында орта ғасырларда өмір сүрген Ұлы ғалым әл-Фарабидің тарихи бейнесін жасаған.

Қазақстанның өз еркімен Россияға қосылуының 250 жылдығына арналып жазылған «Жаушы» романында қазақ халқының1723 жылдың көктеміндегі жоңғар шапқыншылығына қарсы ұлт-азаттық көтерілісі суреттеледі.

«Махамбеттің жебесі» романы Исатай Тайманұлымен бірге қазақ халқының 1836-1838 жылдардағы ұлт-азаттық көтерілісін басқарған ардагер ақын Махамбет Өтемісұлының тарихи тулғасын сомдауға арналған.

 

Анонс

Іс-шаралар анонсы мамыр -2020 жыл


Іс-шаралар анонсы

25.05 – 31.05. 2020 жыл.

Көпшілік жұмыс

Уақыты

Онлайн-өтінімдер бойынша оқырмандарға қызмет көрсету

күнделікті

«Байғұт Мархабат – жазушы, журналист»  «Алаш» халықаралық әдеби сыйлығының лауреаты, туғанына 75 жыл (1945) Виртуалды кітап көрмесі. Жараспай ауылдық кітапхана.

25.05.2020

«Қазақ әдебиетінің майталмандары»- виртуалды-онлайн кітап көрмесі. Мынбаев ауылдық кітапхана.

25.05.2020

Бейне шолу обзор «Кітабын оқы, киносын көр!» ЦРБ

25.05.2020

Белгілі журналист, әдебиетші, қазақ стенографиясының негізін қалаушы Данабике Байқадамовың (Каралдина) туғанына 100 жыл толуына арналған «Оның өмірі – дәуір стенограммасы»атты посты. Заречный ауылдық кітапханасы.

25.05.2020

«Пришла пора – звучат фанфары» виртуалды экскурсия. Егінді ауылдық кітапханасы.  

25.05.2020

«Қазақстанның мәдени мұрасы». Ахметауыл ауылдық кітапханасы.

25.05.2020

Ұлы Жеңіске 75 жыл

«Соғыс менің тағдырымда» акциясын жалғастыру.

«Тыл ардагері» естелік лентасын әлеуметтік жүйеге қою. Кертінді ауылдық кітапхана.

26.05.2020

«Қымызмұрындық» мәлімет, Изенді ауылдық кітапхана.

26.05.2020

«Қош бол, менің мектебім!» видеобейне. ОБК

26.05.2020

«Ақылы асқан Әз – Тәуке» Қазақ хандығы 555 жыл. Көбетей ауылдық кітапхана.

26.05.2020

«Жаңа кітаптар шеруі».Онлайн-көрме (К.Мыңбаев ауылдық кітапханасы).

26.05.2020

«Память как осколок в сердце» қуғын-сүргін жылдарды еске алу күні. Тассуат ауылдық кітапханасы.

26.05.2020

«Кітап инсталляциясы» Жаңа кітаптар шеруі. Көбетей балалар кітапханасы.

26.05.2020

«Сенің досың мерзімді басылымдар» - видео-шолу. Байтуған ауылдық кітапханасы.

26.05.2020

31 мамыр Саяси қуғын сүргін құрбандарын еске алу күні. Презентация. Жараспай ауылдық кітапхана.

27.05.2020

«Тарихтан тағылым – өткенге тағзым» онлайн кітап көрмесі. ОБК

28.05.20

«Үш арыс» библиопост. Изенді ауылдық кітапхана.

28.05.20

«Қайғылы жылдар естелігі» видеоролик, 31 мамыр саяси қуғын сүргін құрбандарын еске алу күні. Көбетей ауылдық кітапхана.

28.05.20

«Алаш туы астында,Күн сөнбесін!». Онлайн әңгіме оқу.Егінді ауылдық кітапхана.

28.05.20

Буктрейлер «Қайғылы тағдырлар тарихы» ОАК

28.05.20

«Счастья вам, дети, на нашей планете!» балаларды қорғау күні мерекесінің шығу тарихы.

28.05.20

«Үйле оқимын!» - акция. Байтуған ауылдық кітапханасы

28.05.20

«Сказка-терапия!»пост,аудиосказки. Кобетейская ДО.

«Ертегі-терапия!"пост, аудио. Көбетей ауылдық кітапханасы

28.05.20

«Бұл күндер мәңгі есте қалады» - саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға арналған кітаптарға арналған бейне-шолу.Ахметауылдық кітапхана.

28.05.20

31 мамыр ашаршылық күніне,

«Тарихтан тағылым» онлайн викторина. Ақмешіт ауылдық кітапхана.

29.05.20

«Бас иіп тағзым етеміз,Алаштың арыстары!» Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу. Виртуалды кітап көрмесі. Кертінді ауылдық кітапхан.

29.05.20

«Тарихтағы ұмытылмас қасырет» саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні.Пост, Көбетей балалар кітапханасы.

29.05.20

Дүниежүзілік темекісіз күн. «Кальян: за и против»бейне слайд. Заречный ауылдық кітапханасы.

29.04.20

«Зұлмат заманның құрбандары» - видеоролик Мынбаев ауылдық кітапхана.

31.04.20

«Қасіреті жылдар» әдеби шолу. Изенді ауылдық кітапхана.

31.04.20

Слайд-реквием «Қасырет жолдар тарихы». Заречный ауылының қуғын-сүргінге ұшыраған тұрғындарына арналған библиографиялық жаднаманың тұсаукесері. Заречный ауылдық кітапханасы.

31.05.20

 


Авторландыру

Шебер қолдар үйірмесі

Қаралды (20752)

«Шебер қолдар» үйірмесі
      Үйірме ұраны: Оқы, ойлан, жаса!»
Үйірменің мақсаты мен міндеттері: Оқушыларды қолөнерге баулу, өнерге деген қызығушылығын, шығармашылығын арттыру. Оқушыларды жинақтылыққа, төзімділікке, икемділікке, ұқыптылыққа,  тиянақтылыққа тәрбиелеу.

 

   «Бақа ханшайым», «Ара Майя», «Түймеқыз», «Ақшақар» және басқа ертегілерді дауыстап оқу көлемді «Ертегілер кейіпкері» аппликациясын құрастыруда шығармашылық қиялдарын дамытуға себеп болды. 

«Астана -  арман қала» көрмесі алдындағы сұхбаттан басталған «Менің астанам» үйірме сабағы Қазақстан Республикасының астанасы туралы балалардың ақпараттарын толықтырды, патриоттық сезім тәрбиесіне көмек болды.  «Менің астанам» ұжымдық жұмысы достық қарым-қатынас пен тілектестікті арттырды.


«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік Күні» әңгімесі Отанымыздың өткені және бүгінімен таныстырды. Қиялдарын дамыта отырып, клуб мүшелері мемлекеттің болашағы туралы сұхбаттастыі. Аталмыш тақырыпқа топтасып қабырға газеті дайындалды.
Шығармашылық қабілетті, қиялды, төзімділікті дамыту мақсатында мейірімділік Күніне арналған «Әлемге күлкі сыйлы» сабағы өткізілді.  «Игілі істер» сұрақ-жауабы, өлеңдер оқу және тақырыптық коллаж бойынша жұмыс істеу балаларға көтерінкі көңіл-күй сәттерін сыйлады.

Салауатты өмір салтын ұстануға тарту – үйірме мүшелерінің кезекті кездесуінің басты тақырыбы болды. Мұнда олар адам құрылысының ерекшеліктері туралы, күн тәртібін сақтану және физикалық жаттығулар туралы білімдерін  ғана емес,  аппликациямен жаңа жұмыс түрлерін игерді.


«Ермексазбен сурет салу» шеберлік сыныбы «Мультфильмдер кейіпкері» бейнеролигінен басталды.  Бұдан кейін қатысушылар таңдап алынған кейіпкерін ермексазбен сурет салу арқылы сомдауға кірісті. Дайын жұмыстар көрмеге қойылды.  Осы сияқты сабақтар қағаздан гүл жасау үшін де өткізілді.

© 2013 Нұра орталықтандырылған кітапханалар жүйесі
Әзірлеуші және қолдаушы: Интернет-компания Creatida
Яндекс.Метрика