Нұра ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі
Нұра орталықтандырылған кітапханалар жүйесі

Ай кітабы

Астана.Путеводитель / Составитель Р.Турлынова. – Астана: Фолиант, 2018. – 144 с.
Голубев, К Козы, овцы, коровы: содержание и разведение / К.А. Голубев, М.В. Голубева. – Москва: Издательство АСТ, 2018. – 128с. – (Азбука дачника)
Бұл кітап ісін жаңа бастаған фермерге да, үлкен тәжірибесі бар малшыларға да қажет. Кітаптан сіз үй жануарларын қалай дұрыс өсіру және ұстау, олар немен ауырады және оны қалай болдырмау, сіздің фермер шаруашылығының өнімділігі мен табыстылығын қалай арттыру және оған кеткен шығындарды аз өтеуге үйретеді. Кітап беттерінде уақытпен тексерілген құнды тәжріби ұсыныстар жинақталған!

Анонс

Іс-шаралар анонсы – қаңтар 2019 жыл


Көпшілік жұмыс

Уақыты

Әдеби өлкетану сағаты «Дәуірмен үндес өмір» (жазушы Бүркіт Ысқақовтың 95 жылдығына арналған)

4.11.19

Слайд – фильм «Қазақстанның ұлттық валютасы»

15.11.19

Ақпарат күні «Дүниежүзілік теледидар күні»

20.11.19

Экономикалық ойын «Бизнес сатылары бойынша»

17.11.19

Дөңгелек үстел «Жаңа дәуірдің Көшбасшысы»

29.11.19

Көрнекілік насихат

 

Көрме-ақпарат «Қазақстан-2050: жаңа даму стратегиясы»

Ай бойы

 Кітап көрмесі «Елін сүйген ердің ізі» (жазушы Бүркіт Ысқақовтың 95 жылдығына арналған)

4.11.19

Кітап көрмесі «Тәуелсіздіктің алтын қазығы-теңге»

11.11.19

«Өз бизнесіңді табысты ет!» (Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің күніне арналған)

13.11.19

Кітап көрмесі «Елбасы әлем таныған тұлға»

26.11.19

 


Авторландыру

Құрметті ата-аналар!

Қаралды (2352)

    Ата — ана — бала тәрбиесіндегі басты тұлға. Сондықтан әке де, шеше де балаларының жан дүниесіне үңіліп, мінез-құлқындағы ерекшеліктерді жете білгені жөн. Балалармен әңгімелескенде олардың пікірімен де санасып отырған орынды.    Өз баласымен ашық сөйлесе алмай, сырласа білмейтін ата — аналар «Екеуміз де жұмыстамыз, кешкісін үй шаруасынан қол тимейді, баламен сөйлесуге уақыт жоқ» дегенді айтады. Бұл дұрыс емес. Баламен сөйлесуге тіпті арнайы уақыт бөлудің қажеті жоқ. Әке мен шеше ұл-өыздармен үй шаруасында жұріп-ақ әңгімелесіп, ой бөлісуге неге болмасқа.
  Жанұядағы жанжал, үлкендердің аузына келген сөздерді айтуы, баланың көзінше басқа біреуді сөгуі, біреудің сыртынан өсек айтуы балаға теріс әсер етеді. Бала алдында әке-шешеғ үй ішінің үлкендердің әдептілік танытқаны жөн. Мысалы, арақ пен темекінің толып жатқан зиянын біле тұра, балалардың көзінше арақ ішіп, үсті-үстіне темекі тартқандар бар. «Көрінген таудың алыстығы жоқ» дейді, ертең-ақ ұл өсіп ер жетеді, қыз өсіп бой жетеді. Сонда арақ пен темекінің зиянын қалай ұқтырамыз.
   Бұзақылықтың басы бос жүруден басталады. Жас шыбықты қалай исең, солай өседі ғой. Иә, «Ұяда не көрсең ұшқанда соны ілерсің» демекші ата-ана тәрбиесі бала өмірінде үлкен із қалдырады. Баланың бойына барлық жақсы қасиеттерді дарыту, тіпті жанында жүрген достарына дейін мән беру, табиғат сыйлаған дарыны болса дамыту, дұрыс білім алуына жағдай жасау — ата-ананың басты парызы. Ендеше бала тәрбиесінде ұсақ-түйек дейтін ешнәрсе жоқ және сол нәрседен де қателесуге қақымыз жоқ. Бала — әр жанұяның бақыты. Олай болса, өз бақытымызды бағалай білейік.
     Өз балаңызды ол басқаларға ұқсамайтындығы үшін аямаңыз.
Балаңызға махаббатыңыз бен зейініңізді силаңыз, алайда жанұяның басқа да мүшелерін ұмытпаңыздар.
Қандай жағдай болмасын өз балаңыз туралы жағымды  түсісінікте болыңыз.
Балаңызды міндеттер мен мәселелерден алшақтатпаңыз. Барлық мәселелерді бірге шешіңіздер.
Әрекеттер мен мәселелерді шешуде бала дербестігін дамытыңыз.
Өзіңіздің сыртқы келбетіңіз бен әрекет қылықтарыңызды қадағалаңыз. Бала сізді мақтан тұту керек.
    Балаңызбен көбірек сөйлесіңіз. Есіңізде болсын, теледидар да, радио да сіздің орныңызды баса алмайды.
Балаңыздың құрдастарымен қарым-қатынасын шектемеңіз.
Баласы бар отбасылармен араласыңыздар. Өз тәжірибелеріңізбен алмасыңыздар.
Балаларыңыз өсіп, жеке өмір сүретін кез келетіні естеріңізде болсын. Оны болашақ өмірге дайындаңыздар, ол туралы әңгімелесіңіз.

 

© 2013 Нұра орталықтандырылған кітапханалар жүйесі
Әзірлеуші және қолдаушы: Интернет-компания Creatida
Яндекс.Метрика