Нұра ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі
Нұра орталықтандырылған кітапханалар жүйесі

Ай кітабы

Есенберлин И. Кочевники: ист. Трилогия/пер. с каз. М.Симашко.- Алматы: Фонд И. Есенберлина, 1998. – 536 с., ил. 52 с.
Есенберлин И. Кочевники: ист. Трилогия/пер. с каз. М.Симашко.- Алматы: Фонд И. Есенберлина, 1998. – 536 с., ил. 52 с.
Ілияс Есенберлиннің трилогиясы- қазақ халқының ХV ғасырынан ХІХ ғасырдың ортасына дейінгі тарихын қайта қалпына келтіретін көптомдық, көп қырлы кітап. Онда Темір империясы ыдырағаннан кейін қазақ тайпаларының бірігуі, шетелдік жаулармен күресу үрдісі көрсетілген және Қазақстанның ХVIII ғасырда Ресейге ерікті түрде қосылуының тарихи негіздемесі берілген.

Анонс

Іс-шаралар анонсы Ақпан – 2020 жыл


Көпшілік жұмыс

Уақыты

Әдеби кеш «Ұлы дала ақыны» (Ілияс Есенберлиннің 105 жылдығына арналған)

5. 02.2020

Патриоттық кеш «Ауғанстан-жылдар өтсе де біздің жадымызда»

14. 02.2020

Кітап көрмесінің тұсаукесері «Бабалар ізімен»

19.02.2020

 Сауалнама «Сіздің кітап оқуға деген көзқарасыңыз»

25.02.2020

 Қайырымдылық акциясы «Пусть будет мир в наших душах» (1 наурыз-Қазақстан халқы Ассамблеясына 25 жыл)

28. 02.2020

Көрнекілік насихат

 

Кітап көрмесі  «Ұлы дала ақыны» (Ілияс Есенберлиннің 105 жылдығына арналған)

03.02.2020

Кітап көрмесі «Стратегия 2050: шаг за шагом»

В теч.месяца

Кітап көрмесі «Ауғаныстан біздің жадымызда»

12.02.2020

Кітап көрмесі «Өз тарихыңды есте сақта»  

26.02.2020

 


Авторландыру

Ата-аналарға кеңес

Қаралды (3013)

Балаңызбен  қалай қарым-қатынас жасау керек ?
/ата-аналарға кеңес/
    Адам баласының өмірінде қарым-қатынас маңызды орын алады, онсыз адамның өмір сүруі мүмкін емес. Қарым-қатынас жасауға деген қажеттілік адамның жаңа бір дүниені тануға және басқа адамдардың бағасын білуге деген ұмтылысынан туындайды. Психологтардың айтуынша, қарым–қатынас өзге адамның қажеттілігін қанағаттандыруға бағытталған тұлғалар арасындағы әрекеттің бір түрі болып саналады. Қарым-қатынас негізінде баланың бойында өзіне тән қасиеттері, адамгершілік көзқарастары, дүниетанымы қалыптасады.  Ата-ана үшін бала қаншылықты қымбат болса , бала үшін де ата-ана махаббаты мен қамқоры өте маңызды. Қарым-қатынас негізінде бала мен ата-ана арасында байланыс орнайды, ең алдымен ол үстірт басталып, біртіндеп тереңдей береді. Бұл отбасында орын алған сыйласымдылық пен мейірімділік, түсіністік пен еркіндіктің нәтижесінде қалыптасады. Қарым-қатынастың ендігі бір маңызды қызметі – бала мен ата-ана арасындағы қарым-қатынас реттілігі. Бұл жанұядағы байланысты реттейді,ата-ана тарапынан балаға бақылау мен талаптарды орната отырып, баланың өзіндік мінез-құлқын, тәртібін, іс-әрекеттерін, сезімдерін реттеуге, басқаруға мүмкіндік береді. Реттегіш құралы ретінде талап, бақылау мадақтау мен жазалау қағидалары мен отбасы дәстүрі қолданылады. Бала өмірінде белгілі бір кезеңде қарым-қатынасқа байланысты қиындықтар туындау мүмкін. Бірақ мұны жүрекке алу тым жақын алудың қажеті жоқ. Коммуникативтік дағдылары қалыптасқан баланың бұл табысын ересектермен бірлесе отырып жетілдіру қажет. Бала тәрбиесінде кейде еркіндік қағидаларын ұстануды жөн көреміз. Мұндай жағдайларда балаларымыз көбінесе, еркіндіктің шегін білмей өседі, қыңыр, қырсық, кірпияз болады. Ата-ананың барлық назары балада болады, баланың тағдырына ,денсаулығына қатты алаңдайды, кейде тіпті,баласын ерекше талант,дарын,керемет ақылды деп санайды, сол себепті баласына ерекше күтім мен бақылау қажет деп ойлайды. Біздің өмірімізде барлығымыз орындауға міндетті белгілі нормалар мен талаптар бар. Мұндай талаптар балаға да қойылады. Бірақ ол талаптар мен нормалар баланың қажетттілігіне сай әрі көп болмауы керек.Сонымен қатар баланы жазалаудан аулақ болған дұрыс. Ата-ана өзінің әрбір іс-әрекеті, қимылы, көзқарасы арқылы баласына айтарлықтай әсер ететін естен шығармаған жөн.

 

© 2013 Нұра орталықтандырылған кітапханалар жүйесі
Әзірлеуші және қолдаушы: Интернет-компания Creatida
Яндекс.Метрика