Нұра ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі
Нұра орталықтандырылған кітапханалар жүйесі

Ай кітабы

Астана.Путеводитель / Составитель Р.Турлынова. – Астана: Фолиант, 2018. – 144 с.
Самоучитель английского языка для начинающих + СD / С.А. Матвеев. – Москва: АСТ, 2014. - 351с.
Ағылшынша өз бетімен үйрену қарапайым және қолжетімді курсы. Оқу құралы 3 бөлімнен және қосымшадан тұрады. Бірінші бөлімде сіз қажетті грамматикалық ақпаратты, сонымен қатар дискіде тындауға болатын ағылшын тілінің қысқаша фонетикалық курсын таба аласыз. Екінші бөлімде сіз алған білімдерді практикалық қолдану мүмкіндіктерімен танысасыз. Үшінші бөлімде тиісті тақырыптар .бойынша көптеген қызықты диалогтарды ұсынады, оларды дискіде тыңдауға, оқуды, айтылымды және аударманы орындауға болады. Бұл оқу құралы ағылшын тілінің негіздерін меңгеруге, кедергілерді еңсеруге және сөздік тілін толықтыруға көмектеседі.

Анонс

Іс-шара анонсы Қазан – 2019 жыл


 

Көпшілік жұмыс

 

Уақыты

1

«Поэзиядағы, музыкадағы, бейнелеу өнеріндегі күз»

02.10.19

2

Өлеңдер сайысы «Сәкен - жырдың сарқылмас дариясы» Сәкен Сейфуллиннің 125 жылдығына арналған

15.10.19

3

Актуалды диалог  «Рухани келісім әлемі»

18.10.19

4

Көрме «» А.Нүрпейісовтың 90 жылдығына арналған

22.10.19

5

Акция «Бір ел- бір кітап»

25.10.19

6

Флешмоб  «Кітапқа құрметпен»

29.10.19

 

Көрнекілік насихат

 

1

Таңғажайып әлем!»

01.10.19            

2

 Көрме-ақпарат «Стратегия-2050: дамудың жаңа стратегиясы»

Тоқсан бойы

3

Көрме шақыру  «Жат ағымнан аулақ бол»                                     

07.10.19

4

Кітап көрмесі «Духовность – путь к миру и согласию»

14.10.19


Авторландыру

Тәттібаев Ы.Б.

Қаралды (434)

Тәттібаев Ықсан Балтабайұлы 1950 жылдың ақпан айының 21 жұлдызында Қарағанды облысы Нұра ауданы Плаховка ауылында дүниеге келген. Целиноград ауыл шаруашылық институтының «ауыл шаруашылығын электендіру» мамандығын аяқтап шыққан. Еңбек жолын 1969 жылы Екібастұз қаласының Ертіс көмірі №1 «Ертіскөмір» трестінде токарь,  кейін Шахтинск қаласының ГПТУ – 168 шахта электрослесарларының өндірістік оқыту шебері болып бастаған.
1976 жылдан бастап Нұра ауданының Захаровка кентінің қауіпсіздік техникасының инженері, «Куйбышева»  кеңшарының профком төрағасы қызметін атқарған. 1985 – 1991 жылдар аралығында Ивановка ауылының Қорғанжар халық депутаттары кеңесінің атқару комитетінің төрағасы, Пржевальское ауылының партком хатшысы қызметін жемісті атқарған. 1991 – 1996 жылдар аралығында «Амантауский» кеңшарының директоры, 1996 жылы Пржевальское ауылының ПКтөрағасы болған. 1999 жылы барлық ауыл шаруашылықтарын мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру нәтижесінде,«Пржевальское»ЖШС-і болып өзгертіліп, оның директоры Ықсан Балтабайұлы қазіргі уақытқа дейін қызмет атқаруда.
"Пржевальское" ЖШС ауданның жетекші астық шаруашылығы болып табылады.
Дала жұмыстарын жүргізу үшін озық технологиялар қолданылды.
Ірі шаруашылық басшысы ретінде ауылды абаттандыруға, әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға көңіл бөледі.
2016жылы серіктестік қаражатына ескі клубтың ғимараты күрделі жөндеуден өтіп, турғындардың қуанышына қарай пайдалануға берілді. 2018 жылы спорт алаңын салу үшін 38,0 млн теңге ауданның 90 жылдық мерейтойына арнап отыр.
Марапаттары: Ордені "Құрмет" - 2009 жыл,"Парасат" - 2016 жыл
Медаль: "Ерен еңбегі үшін" - 2001 жыл
Аудандық маслихатының бірнеше шақырылымдарының депутаты болып сайланған. 

© 2013 Нұра орталықтандырылған кітапханалар жүйесі
Әзірлеуші және қолдаушы: Интернет-компания Creatida
Яндекс.Метрика