Нұра ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі
Нұра орталықтандырылған кітапханалар жүйесі

Ай кітабы

Есенберлин И. Кочевники: ист. Трилогия/пер. с каз. М.Симашко.- Алматы: Фонд И. Есенберлина, 1998. – 536 с., ил. 52 с.
Есенберлин И. Кочевники: ист. Трилогия/пер. с каз. М.Симашко.- Алматы: Фонд И. Есенберлина, 1998. – 536 с., ил. 52 с.
Ілияс Есенберлиннің трилогиясы- қазақ халқының ХV ғасырынан ХІХ ғасырдың ортасына дейінгі тарихын қайта қалпына келтіретін көптомдық, көп қырлы кітап. Онда Темір империясы ыдырағаннан кейін қазақ тайпаларының бірігуі, шетелдік жаулармен күресу үрдісі көрсетілген және Қазақстанның ХVIII ғасырда Ресейге ерікті түрде қосылуының тарихи негіздемесі берілген.

Анонс

Іс-шаралар анонсы Ақпан – 2020 жыл


Көпшілік жұмыс

Уақыты

Әдеби кеш «Ұлы дала ақыны» (Ілияс Есенберлиннің 105 жылдығына арналған)

5. 02.2020

Патриоттық кеш «Ауғанстан-жылдар өтсе де біздің жадымызда»

14. 02.2020

Кітап көрмесінің тұсаукесері «Бабалар ізімен»

19.02.2020

 Сауалнама «Сіздің кітап оқуға деген көзқарасыңыз»

25.02.2020

 Қайырымдылық акциясы «Пусть будет мир в наших душах» (1 наурыз-Қазақстан халқы Ассамблеясына 25 жыл)

28. 02.2020

Көрнекілік насихат

 

Кітап көрмесі  «Ұлы дала ақыны» (Ілияс Есенберлиннің 105 жылдығына арналған)

03.02.2020

Кітап көрмесі «Стратегия 2050: шаг за шагом»

В теч.месяца

Кітап көрмесі «Ауғаныстан біздің жадымызда»

12.02.2020

Кітап көрмесі «Өз тарихыңды есте сақта»  

26.02.2020

 


Авторландыру

Колодий Иван Михайлович

Қаралды (2230)

Колодий Иван Михайлович – Орталық майданның 65-інші атқыштар дивизиясы 69-ыншы Қызылтулы Сев 118-інші артиллериялық полкінің радиотелеграфисі, ефрейтор.
    1912 жылы 1 мамырда қазіргі Қарағанды облысы Нұра ауданы  Киевка елді мекенінде шаруа отбасында туған. Украиндық. Сауатты жою мектебінде оқыған, қазіргі Өзбекістан Сурхандария облысы Денау қаласында мемлекеттік жемісті көшендік бақта ұста болып жұмыс істеген.
    Қызыл әскер қатарына 1941 жылы Өзбекістан КСР Сурхандария облысы Денау қалалық әскери комитеті арқылы шақырылған. Ұлы Отан соғысына 1942 жылдан бастап қатысқан. 1943 жылдан бастап ВКП/б/КПСС мүшесі. 118-інші артиллериялық полкінің радиотелеграфы ефрейтор Иван Колодий Днепр өзенінде болған майданда ерекшеленді.
    1943 жылдың 15 қазанының түнінде лейтенант Бутылкин, аға сержант Тимонов және Колодий алдыңғы атқыштар бөлімшелерімен артиллерия миномет отымен Днепр өзенінде Украинаның Чернигов облысы Репкин ауданында Радуль қала типтес ауылында қарсылыстарын ығыстырды.
    Ефрейтор Колодий отырған қайық, Днепрдің оң жағасында снарядтың жарылуынан су түбіне кетті. Ауыр жарақат алған байланысшы, жағадағы радиостанцияға жүзіп барып артиллериялық қуат көзімен байланыс орнатып, атыс жайлы мәліметтер жеткізіп отырды.
          Осы шайқас үшін ефрейтор Колодий Иван Михайлович Кеңес Одағының Батыры атағына ұсынылды. Жоғары Кеңестік төрелер Алқасының жарлығымен 1943 жыл 30 қазаннан бастап жауынгерлік тапсырмаларды және майдандағы қолбасшылық тапсырмаларды жақсы орындағаны үшін, сонымен қатар неміс-фашист басқыншыларымен күресте ерлік және батырлық танытқаны үшін Колодий Иван Михйлович Кеңес Одағының Батыры Ленин орденімен және «Алтын Жұлдыз» /№1593/ медалымен марапатталды.
    Соғыстан кейін Колодий Молотов қаласында соғыс-теңіз техникалық-авиациялық училищесін бітірді/1957 жылдан бастап қазіргі Пермь қаласы/. Кировта ДОСААФ аудандық комитетінде төрағалық қызметін атқарды. 1954 жылы 18 қарашада майданда алған жаралар салдарынан қайтыс болды.
   Марапаттаулары:
   Ленин орденімен марапатталған /30.10.43/, медальдармен, соның ішінде – «Ерлік үшін» /07.10.43/ және «Жауынгерлік еңбегі үшін» /30.08.43/. Батырдың аты Өзбекістан Сурхандария облысы сариасин оқушылар үйіне берілген. Батырдың автоматы және радиостанциясы Мәскеу қаласының Орталықтағы Қарулы күштер мұражайында көрмеге қойылған.
    Даңқты жауынгердің атын жерлестері ардақтап еске түсіреді. Қазіргі уақытта Киевка кенті  көшесінің бірі оның атымен аталады.

© 2013 Нұра орталықтандырылған кітапханалар жүйесі
Әзірлеуші және қолдаушы: Интернет-компания Creatida
Яндекс.Метрика