Нұра ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі
Нұра орталықтандырылған кітапханалар жүйесі

Ай кітабы

Астана.Путеводитель / Составитель Р.Турлынова. – Астана: Фолиант, 2018. – 144 с.
Голубев, К Козы, овцы, коровы: содержание и разведение / К.А. Голубев, М.В. Голубева. – Москва: Издательство АСТ, 2018. – 128с. – (Азбука дачника)
Бұл кітап ісін жаңа бастаған фермерге да, үлкен тәжірибесі бар малшыларға да қажет. Кітаптан сіз үй жануарларын қалай дұрыс өсіру және ұстау, олар немен ауырады және оны қалай болдырмау, сіздің фермер шаруашылығының өнімділігі мен табыстылығын қалай арттыру және оған кеткен шығындарды аз өтеуге үйретеді. Кітап беттерінде уақытпен тексерілген құнды тәжріби ұсыныстар жинақталған!

Анонс

Іс-шаралар анонсы – қаңтар 2019 жыл


Көпшілік жұмыс

Уақыты

Әдеби өлкетану сағаты «Дәуірмен үндес өмір» (жазушы Бүркіт Ысқақовтың 95 жылдығына арналған)

4.11.19

Слайд – фильм «Қазақстанның ұлттық валютасы»

15.11.19

Ақпарат күні «Дүниежүзілік теледидар күні»

20.11.19

Экономикалық ойын «Бизнес сатылары бойынша»

17.11.19

Дөңгелек үстел «Жаңа дәуірдің Көшбасшысы»

29.11.19

Көрнекілік насихат

 

Көрме-ақпарат «Қазақстан-2050: жаңа даму стратегиясы»

Ай бойы

 Кітап көрмесі «Елін сүйген ердің ізі» (жазушы Бүркіт Ысқақовтың 95 жылдығына арналған)

4.11.19

Кітап көрмесі «Тәуелсіздіктің алтын қазығы-теңге»

11.11.19

«Өз бизнесіңді табысты ет!» (Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің күніне арналған)

13.11.19

Кітап көрмесі «Елбасы әлем таныған тұлға»

26.11.19

 


Авторландыру

Кітапханалардың өлкетанулық қызметі: мүмкіндіктердің зор аумағы.

Қаралды (5071)

Кеңес беру
Біздің ОКЖ қызметінің басым бағыттарының бірі болып өлкетану жұмысы есептеледі. Біздің кітапханалар оқырмандардың ақпараттық қажеттіліктерін қанағаттандыруға, туған өлкені зерттеуге және 2леуметт3к  мәдениеттік дамуына  жәрдемдеседі. Кіші отанына  деген, шынайы тарихқа деген махаббаттан  нағыз патриоттықтың өскіндері шыға бастайды. Елбасымыз бұл жайлы өзінің "Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам" атты бағдарламалық мақаласында ...  туған жерге деген махаббат - патриоттықтың негізі" деп айтқан болатын.  
Туған ауыл мен кент тағдырына қатысы болу сезімі өздігінен пайда болмайды, ол тәрбиеленеді. Өлке туралы білу, өткенге деген қызығушылықты дамыту өз Отаны мен оның тарихы мен мәдениетін ұғынудың келесі сатысы болып табылады. Өлкетанудың мазмұны қоғам алдыңда тұрған оның өмірінің белгілі бір кезеңінің мақсаттарымен және міндеттерімен анықталады. Кітапханалар оқырмандарға басқа мәдениет мекемелерімен бірігіп біздің аудан туралы тарихи, этнографиялық, және мәдени мәліметтерді жинап, ресімдеп ұсынумен айналысады. Бұл жұмыс бағыты қазіргі уақытта, яғни  Нұра ауданының 85 жылдығының қарсанында ерекше өзекті болып отыр. Біздің аудан аймағындағы әрбір елді-мекеннің тарихы бірегей болып келеді және ол зерттеу қызығушылығын тудырады, себебі өзінің үлкен және кіші Отаны жайлы, әлемде тұрып жатқан адамдар туралы естен шығармау игілікті іс болып есептеледі.
Әдетте кітапхана өлкетануының міндеттеріне оқырмандарға өз ауданы мен ауылының  тарихы туралы, қазіргі жағдайы мен келешегін дамыту туралы мәліметтерді жинап ақпарат беру, өз өлкесіне деген қызығушылықты дамыту, кіші Отанға махаббатпен және ұқыптылықпен қарауды тәрбиелеу, қызықты адамдармен кездесулерді ұйымдастырып өткізу, туған өлкенің ақын-жазушыларының шығармашылығымен таныстырулар жатады. Соңғы жылдары кітапхана өлкетануында түбегейлі маңызды өзгерістер өтуде. Олар дәстүрлі мәселеге - библиографиялық өлкетанулық ақпаратты жинауға қатысты. Кітапханаларды жаңа технологиялермен қамсыздандыру бұл саланы алға жылжытты. Бүгінде кітапхананың күшімен өлкетанулық ақпараттың үлкен ауқымы жасалуда. Сонымен қоса оған халықтың әр түрлі санаттарының қол жеткізуі қамтамасыз етіледі. Бұдан басқа өзіңе библиографияны, CD-R толық мәтіндерін сыйғызатын ақпараттық материалдардың жаңа, әрі өте перспективалы жанрлары қалыптасты. Көптеген кітапхана сайттарында өлкетану құжаттарының толық мәтінді бай жинақтары шығып, сол жерде стратегиялардың түрлі нұсқалары қалыптасқан. Өлкетану құжаттарын дәстүрлі түрде жинау, сақтау және алға бастырумен бірге жүгізуші орынға шын мәндегі іздеу, мұрағаттық, мұражайлық зерттеу жұмысы шығады. Зерттеу жұмысын жүргізген АОК өлкетану секторы тарихи-өлкетанулық мұражайға дейін өсті. Баспа қызметі даму үстінде. Біз кейбір оқырмандарымыздың әсіресе жастардың өз өлкесінің тарихын нашар білуімен, өздерінің аса көрнекті жерлестерін, ескерткіштер мен нысандарын білмеуімен және т.б. жиі кезіктіреміз. Сонымен қоса, біз ақпаратты өлкеге насихаттау керектігін де түсінеміз.
Нұра ауданының қалыптасуының мерейтойына арналған және сол кезеңде талап етілетін   кітапхана жоспарлары өздерінің өлкетанулық ресурстарының тиімді көрсетілуіне, электронды ортада өлкетанулық құжаттарға рұқсаттың болуына бағытталуы тиіс. Кітапхана өзіңе тарихи-өлкетанулық жұмысты үйлестіруші және ұйымдастырушы рөлін алып, мерейтойлық іс-шараларды мұражаймен, мектептермен, мұрағатпен, қоғамдық өлкетанушылармен т.б. бірігіп өткізуде бастамашылық жасай алады. Ескі тұрғындардың естеліктерін жинау, отбасылық және мемлекеттік мұрағаттардағы, орталық кітапхана қорларындағы материалдарды зерттеу, зерттелген деректерді жинақтау, ең құндысын таңдап алу өз елді-мекеніңнің тарихын зерттеуге көмек береді. Көптеген кітапханашылар бұл жұмысты жүргізе отыра, олар әдебиетпен ғана емес бастапқы құжаттармен де жұмыс жүргізе алатындарын және білікті түрде іздестіру мен зерттеу жасап бастапқы құжаттар жасай алатындарын дәлелдеді. Жиналған материалдан альбомдар, бумалар, құжаттамалар ресімделеді. Кітапханалар өлкетану бойынша кітапқа жатпайтын дереккөздерді қалыптастырады: шығармашылық жұмыстар, мұрағаттық материалдар, ауыл тұрғындарымен жасалған жұмыс нәтижесі. Бұл материалдардың алтын қорымы, кітапханалардың өлкетану материалдарының кішкене бөлігін ғана құрайды. Алайда, біз сіздермен альбом мен құжаттамалардың ресімделуінде кемшіліктер барын білеміз. Бұл туралы әрдайым айтылды және біз оларды түзетуіміз керек.
Баспа қызметі дамып жатыр. 2003 жылы біздің кітапханалар басқа кітапханалар тәжірибесі бойынша өз аумақтарының тарихын мақсатты және толық сипаттауға арналған "Ауылдар энциклопедияларын" жасай бастады. Барлық қызметкерлер өз кітапханаларының тарихын білуге, кітапханалар туралы альбомдар, бумаларды ресімдеуге, кітапханашылар  туралы мәліметті білуге, өз мерейтойларын тойлауға міндетті. Осы жылы Нұра ауданы кітапханасының 75 жылдығына байланысты мерейтойлық іс-шаралар ұйымдастырылады. Мерейтойға байланысты кітапханаларды дамыту секторы өз алдына кітапханалардың тарихын жасау міндетін қойды. Тарихтар АОК-да, Заречное ауылының кітапханасында, Тассуат ауылының кітапханасында бар. Қазіргі уақытта патриоттық тәрбие жалғасуда. Ұлы Отан соғысы жайлы тарих сабақтары үнемі жүреді. Бұл тақырып әрдайым өзекті. Және соның  айқын дәлелі біз әр жыл сайын тойлайтын - Еске алу мен аза тұту күні.
Кітаптың тұсаукесерін жарнамалық-ақпараттық әдіс ретінде қарастыруға болады. Ол өзіне оқырмандарды жаңа, басылымнан енді шыққан кітаппен ақпарттандыруды және жарнамалауды сыйғызады. Терминологияға сүйенейік.  Француз тілінде "тұсаукесер" "бірінші" дегенді білдіреді. Яғни ол біздің ақпарттық іс-шарамызға сәйкес келеді деген сөз. Кейінгі жылдары телевизияның ықпалынан кітапханалар оны "презент" - "сыйлық" сөзінен шыққан  "презентация" сөзімен атайтын болған. Мұндай сөзқолданыс жарнама міндеттеріне көбірек сәйкес келеді. Егер тұсаукесер қатаң салтанатты түрде болса, онда презентация тойға, шоуға жақын деген сөз.      
Кітапханашылар бұл екі ерекшелікті үйлестіре жаңа кітаптың шығуына авторларға қандай мереке мен сыйлық жасаса, оқырмандарға да солай жасайды. Өлкетану тақырыбы бойынша жазылған кітап тұсаукесерінің сәтті өткізілуі оның жарыққа шығуына қатысқандардың барлығын тартуға көмек береді. Ең алдымен автордың өзі. Ол оқырмандарға кітаптың жазылуының тарихын түпкі ойдан бастап іске асырылуына дейін, оның алдынан шыққан қиындықтар мен мәселелер туралы, бас кейіпкерлердің прототиптері жайлы және т.б. айтып береді. Кейін кітаптың шығуына көмек бергендер сөз сөйлейді. Олар кітапты баспаға даярлау барысында бірге жұмыс жасаған баспа өкілдері, редакторлар, рецензенттер. Кітапты ресімдеген суретшіні қызықты таныстыруға болады. Ол ресімдеу нобайларын, оның пайымын ашатын, туындыны түсіндіретін суреттерді алып келеді. Мүмкіндік болса, прототиптерді, куәгерлерді, кейіпкерлерді, жерлестерді, оқиғаға қатысушыларды т.б. шақырады. Ресімдеу ретінде фотоқұжаттарды, материалдық мәдениет заттарын пайдаланады. Сценарийге автордың биографиясымен немесе сюжетімен байланысты өлеңдерді, әндерді, сахналауды енгізуге болады.  Өлке тарихы бойынша кітап тұсаукесерлері, дәстүрді сахналайтын этнографиялар, костюмдер мен тұрмыс заттарының көрсетілімі сәтті өтеді. Қорытындысында автор кітаптарға қол қойып, қолтаңбасын таратады. Оқырмандардың тар шеңберінде шай ішу ұйымдастырылады. Мұндай іс-шаралар АОК және Мыңбаев ауылының модельді кітапханасында - Виталий Туляковтың "Капли вдохновения" кітабының тұсаукесерінде автор өзі қатысқанда өткен.
Кітап тұсаукесерін автордың қатысуынсыз да өткізуге болады. Жарқын түсті шақыру билеттері, көркем плакаттар, сахналаулар, үзінділер мен миниатюраларды мәнерлі оқу іс-шараны нағыз тойға айналдырады. "Тұсаукесер" кезінде кітаптан алынған адамгершілік жағдайларын шешуге арналған тапсырмаларды қолдануға болады. Бәрі мінеп-сынаудың орнына  туындының сахналанған үзіндісін қызығушылықпен қарайтын болады. Нұсқаушы сұрақтар белгілі бір оқиғаға назар аудартады, кейіпкерлердің әрекеттерін бағалауға мүмкіндік береді. Балаларға ескертіңіз, олар кейбір сұрақтарға дауыстап емес, өз-өздеріңе жауап берулері болады: Жүргізушінің аудиториямен тірі, эмоционалды қарым-қатынасы, құрдастардың сөз сөйлеуі т.б. тәсілдер "Кітап тұсаукесерін" қызықты әрі әсерлі етеді.
Кітап тұсаукесері тақырыбы бойынша кітап көрмесімен, автор қолтаңбасы бар жаңа кітап сатылымымен және т.б. қоса өтеді. Әдеби өлкетану кітапхананың өлкетанулық қызметінің негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Біздің аудынымыздың мәдениеті - өлкеміздің көрнекті жазушылары мен ақындарының, аса көрнекті ғалымдардың есімдерімен бай. Сарыарқада саяхаттап жүрген көптеген жазушылар мен ақындар біздің "кіші отанымызға" арнап жазылған қызықты естеліктер, жол жазбалар мен өлең жолдарын қалдырған. Өлкетанулық жұмыстың маңызды бағыттарының бірі - Ұлы Отан соғысы мен ауған оқиғаларына қатысушы-жерлестеріміздің әскери ерлігін мысалға келтіре жастарды азаматтық-отансүйгіштікке тәрбиелеп оларды жалғастыру. Орталық кітапханада электронды тұсаукесерлер жасалды.
Өлкетану бойынша кітапхананың жетістігі көбіне кітап қорының құрамына, толықтығына, ұйымдастырылуына, ашылуына және зерттелуіне тәуелді. Өлкетанулық әдебиеттермен жұмыс жасағанда барлық кітапхана қызметіне ортақ әдістеме пайдаланылады. Бірақ, кітапханалық өлкетанудың ерекше әдістемелік тәсілдерді пайдалануды талап ететін өзгешелігі бар. "Өлкетанулық әдебиет" түсінігі - басылым мен тіліне тәуелсіз, мазмұны жағынан өлкеге жататын барлық баспа туындыларын алады. Бұл анықтама өлкетанулық әдебиет қорын қалыптастырудың негізінде жатыр. Өлкетанулық қор дербес бірлік болып саналмайды, бірақ ол кітапхананың негізгі қорынан ерекшеленеді.
Кітапхананың ең маңызды қызметі - ақпараттық. Оны сапалы анықтамалы-библиографиялық аппаратсыз жүзеге асыру мүмкін емес. 10 кітапхана "Өлкетану" ЭК жүргізеді, бірақ олардың көбі қатаң рекдакциялауды талап етеді.
Дәстүрлі жұмыс пішіндеріне кітапханалардың ақпараттық және ұсынбалы көрсеткіштерді даярлауы, аудан орталығы туралы әдебиеттердің библиографиялық көрсеткіштерін жасауы, түрлі өлкетанулық тақырыптарға арналған әдебиеттердің ұсынылатын тізімі жатады. Кітапханашылар маңызды ағартушылық қызмет орындайды, тұрғындарға өлкетанулық білімді таратады. Барлық кітапханалар тақырыптық кештер, ауызша журналдар, сұрақ-жауап сайыстарын, өз кенттері мен ауылдары туралы балалар суреттері конкурсын, Ұлы Отан соғысы мен еңбек ардагерлерімен, қызықты адамдармен кездесулер, батылдық сабақтары, өз жерінің табиғаты туралы экологиялық іс-шаралар т.б. іс-шаралар өткізеді.
Өлкетану бойынша іс-шаралардың үлгі атаулары:
• "Менің тағдырым ауылымда"
• "Тарих кезеңдері" (ауыл, өлке)
• "Бұл - менің әкелерім мен аталарымның өлкесі"
• Менің өткен тағдырымның жері
• "Менің қайрымды жерім"
• "Бабалар жері - балалар отбасы"
• "Туған өлкенің өлең-жыры"
• "Біздің аудан есімдермен әйгілі"
• "Отаным, қайнар көзім!"
• "Олардың есімдері - өлкенің тарихында"
• "Нұра ауданының естелік кітаптары"
• "Нұра өлкесі - отаным менің"
• "Менің өлкем - менің мақтанышым "
• "Нұраның әдеби кескіні"
• "Өз өлкеңді сүйіп мадақта"
• "Өз өлкеңді сүй, тарихыңды құрметте"
• "Жүрекпен жақсы көретін өлке"
• "Отан» деп жүрегім соғады"
• "Кіші отан - үлкен махаббат"
• "Менің өлкем - ойлы әрі нәзік"
• "Менің өлкем: көп ойлаған сайын, мәңгі сақтаймын"
• "Біз 41-шіні ұмытпаймыз"
• "Біз жерлестеріміздің ерлігін ұмытпаймыз"
• "Біздің өлкеміз ән мен прозада"
• "Сен туған жер туралы"
• "Отбасы тарихынан аудан тарихына дейін"
• "Өлкетанудан жұмақсүйгіштікке дейін"
• "Туған өлкенің жазушылары"
• "Саған ән саламын, туған өлкем"
• "Нұра - жылдар арқылы ұшу"
• "Туған жерімнің көп дауыстылығы"
• "Туған ауылыма арналады"
• "Сүйікті өлкеммен дем аламын"
• "Кіші Отанның жарығы"
• "Барлық өлкеден қымбатты,  сен"
• "Мен өз жанымда әкелік бұрышымды сақтадым"
• "Нұра ауданы: уақыт пен оқиғалар"
• "Нұра ауданы: тарих пен бүгінгі заман"
• "Мен бұл ауылда тұрамын, мен бұл ауылды білемін"
• "Мен мұнда өстім, бұл өлке маған қымбат"
• "Мен туған жерімнің кездейсоқ қонағы емеспін"

 

© 2013 Нұра орталықтандырылған кітапханалар жүйесі
Әзірлеуші және қолдаушы: Интернет-компания Creatida
Яндекс.Метрика