Нұра ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі
Нұра орталықтандырылған кітапханалар жүйесі

Ай кітабы

Астана.Путеводитель / Составитель Р.Турлынова. – Астана: Фолиант, 2018. – 144 с.
Самоучитель английского языка для начинающих + СD / С.А. Матвеев. – Москва: АСТ, 2014. - 351с.
Ағылшынша өз бетімен үйрену қарапайым және қолжетімді курсы. Оқу құралы 3 бөлімнен және қосымшадан тұрады. Бірінші бөлімде сіз қажетті грамматикалық ақпаратты, сонымен қатар дискіде тындауға болатын ағылшын тілінің қысқаша фонетикалық курсын таба аласыз. Екінші бөлімде сіз алған білімдерді практикалық қолдану мүмкіндіктерімен танысасыз. Үшінші бөлімде тиісті тақырыптар .бойынша көптеген қызықты диалогтарды ұсынады, оларды дискіде тыңдауға, оқуды, айтылымды және аударманы орындауға болады. Бұл оқу құралы ағылшын тілінің негіздерін меңгеруге, кедергілерді еңсеруге және сөздік тілін толықтыруға көмектеседі.

Анонс

Іс-шара анонсы Қазан – 2019 жыл


 

Көпшілік жұмыс

 

Уақыты

1

«Поэзиядағы, музыкадағы, бейнелеу өнеріндегі күз»

02.10.19

2

Өлеңдер сайысы «Сәкен - жырдың сарқылмас дариясы» Сәкен Сейфуллиннің 125 жылдығына арналған

15.10.19

3

Актуалды диалог  «Рухани келісім әлемі»

18.10.19

4

Көрме «» А.Нүрпейісовтың 90 жылдығына арналған

22.10.19

5

Акция «Бір ел- бір кітап»

25.10.19

6

Флешмоб  «Кітапқа құрметпен»

29.10.19

 

Көрнекілік насихат

 

1

Таңғажайып әлем!»

01.10.19            

2

 Көрме-ақпарат «Стратегия-2050: дамудың жаңа стратегиясы»

Тоқсан бойы

3

Көрме шақыру  «Жат ағымнан аулақ бол»                                     

07.10.19

4

Кітап көрмесі «Духовность – путь к миру и согласию»

14.10.19


Авторландыру

ҚазҰЭК қорын қалыптастыру

Қаралды (1967)

Кеңес беру
Қазақстандық ұлттық электронды кітапхана қорын қалыптастыруға еліміздің барлық ірі кітапханалары, облыстық және жоғары оқу орын кітапханалары, қоғамдық ұйымдар мен жеке адамдар, жақын және алыс шетелден 75 ұйым және 300 автор Қазақстаннан қатысты. Олардың ішінде 2 – Ұлттық кітапханалар, 18 облыстық әмбебап ғылыми кітапханалар, 10 Орталық қалалық кітапханалық жүйелер, 33 жоғары оқу орын кітапханалары, қоғамдық орталықтар, институттар, мұражайлар және басқа ұйымдар бар.
Электронды каталогтардан іздеуді қалай жасау керек
Пайдаланушылардың билігінде бірнеше каталог бар:
«Кітаптың Е-көшірмелері» бөліміндегі каталогтар:
«Қазақстандық» - Қазақстан кітапханаларының қорларындағы кітаптар
«Сирек кітаптар» (19 ғасыр – 1940 жыл аралығы)
«Мәдени мұра» - мемлекеттік бағдарлама шеңберінде басылып шығарылған кітаптар
«Мәдени мұра» басылыммен берілген, 2004 жыл мен 2008 жыл аралығында жарық көрген кітаптар.

Бұл бөлімдегі кітаптың е-көшірмелерін толық мәтінмен қарауға болады, кейбіреуін pdf форматында жүктеуге немесе кітаптың бір бөлігін ғана жүктеп алуға болады.

«ҚРҰАК каталогтары» бөлімінде:
«Кітаптар»
«Медиатека»
«Мұнай мен газ»
«Шетел тілдеріндегі әдебиет»
Бұл каталогтарда Астанадағы ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының қорында орналасқан кітаптардың библиографиялық сипаттамасы берілген. Каталогтар кітаптарды ҚРҰАК оқырман залдарына тапсырыс беруге, керек кітаптардың е-көшірме бөліктерін алдыртуға мүмкіндік береді. Бұл қызметтер ҚРҰАК оқырманының тұрақты оқырмандық номері бар пайдаланушыларға қолжетімді. Номерді мына мекен-жай бойынша алуға болады Registr@nabrk.kz 
Каталогтардағы әдебиетті іздеу үшін кітапты кең әрі оңай, барлық өлшем бойынша, толық мәтінді іздеулер жасауға арналған іздеу жүйесі ұсынылады. Қарапайым іздеуде ұсынылатын өлшемдердің бірін (автор, аты, кілт сөздер және т.б.) және түрін (электронды нұсқасы бар не жоқ кітаптар немесе барлық жазбалар) таңдау керек. Сіз үшін ыңғайлы іздеу өлшемдерін таңдап, мәтінді көрсетілген өріске жазып «Іздеуді» басу керек. 
Кеңейтілген іздеу функциясы сұрауға ие болған әдебиеттің неғұрлым нақты өлшемдерін ескере отыра іздеу жасайды. Қарапайым іздеуден гөрі, сіз бұл жерде авторды, атауды, кілт сөздерді т.б. көрсете аласыз. Бұдан басқа, кеңейтілген іздеу функциясына басылым жылы сияқты өлшем қосылған. Автор мен атау өлшеміне нақтылаушы бөлімдер –  және «Бұл сөзді қоса іздеу» қосылған. Мысалы: сіз кітап іздейсіз, бірақ оның толық атауы есіңізде жоқ. Сол кезде сіз «Бұл сөзді қоса іздеуді» таңдайсыз. Егер де сіз кітаптың толық атауын білсеңіз, онда «Бұл сөзден бастап іздеуді» таңдайсыз.
Кілт сөздер арқылы іздеу сізге іздеу нәтижесін арттыруға көмек береді.

Бірнеше өлшемді бірден пайдалану сұраныстың нәтижесін тарылтады, бірақ ол нақтылауға көмек беруі мүмкін. Осылайша нақты кітапты іздеуде ғана оның пайдасы зор. 

Сіз іздеуді ISBN номерімен (кітартың халықаралық стандартты номері), басылым жылы мен жері бойынша, соған қоса кітапты шығарған басылым бойынша да  жасай аласыз. Іздеу параметрлерін негізгі мәтіннің тілін таңдау арқылы тарылтуға болады.

Сіз іздеуді тоқтатқыңыз немесе жүзеге асырғыңыз келсе, «Өшіруді» басыңыз.

Барлық өлшемдер бойынша іздеу сөзді бір өріске, бұл сөзден бастап және бұл сөзді қоса іздеу нақтылаушы функцияларымен жүзеге асырылады.   

Өріске сөзді жазып «Толық мәтінді іздеу» дегенді таңдап басқаннан кейін, нәтижесінде берілген сөз көрініс табатын әдібиеттер тізімі шығады.
Сіз енгізген деректерді өңдегеннен кейін, сіздің сұранысыңыздың шарттарына сәйкес библиографиялық сипаттамасы бар іздеу нәтижесі шығады. Сіз өзіңіздің сұранысыңызға сәйкес келіп табылған библиографиялық жазбалардың санын көресіз. Тізімнен сізді қызықтырған басылымды таңдау арқылы оның толық сипаттамасын көре аласыз, онымен танысу үшін кітаптың белгілі бір бөлігін жүктеп ала аласыз немесе тізімде болған кітапты (кітаптың көшірмесін) толықтай қарап шыға аласыз.
Пайдалы кеңестер:
• Іздеу жасағанда, тым ұзын сұраныстан аулақ болыңыз.
• Егер сіз ештеңе таппасаңыз, бәлкім сұраныс ұзын болып кеткен. Ондағы мағыналы сөздердің санын қысқартып көріңіз.
• Сұраныстың дұрыс жазылуына көңіл бөліңіз.
Егер сіздің сұранысыңыздан бірде-бір нәтиже шықпаса, сұраныста бір немесе екі сөз дұрыс жазылмай қалуы мүмкін. Енгізілген сөздерді жақсылап тексеріңіз. Егер ол сөздер дұрыс жазылса, сұрақты басқа формада жазып көріңіз.
«Кітаптың Е-көшірмелері» бөлімі туралы
«Кітаптың Е-көшірмелері» бөлімі өзіңе үш каталогты сидырады: «Мәдени мұра», «Қазақстандық», «Қазақстан кітапханаларының сирек баслымдары».

«Мәдени мұра» каталогы ұлтымыздың құнды материалдарының электрондық қорын сақтандыруды қалыптастыру мақсатымен және ол «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы бойынша басылып шыққан   электронды кітап көшірмелерінің неғұрлым толық дереккөзі болып табылады. 2009 жылдың маусымының басында ол жерде 360 цифрланған кітап бар. Оның ішінде тарих, этнография, археология бойынша керемет топтамалар, мемлекеттік тілдегі ұлттық әдебиет пен жазбалар, соған қоса жаңа эниклопедиялық сөздіктер бар. 2004 жылдан 2008 жылға дейінгі аралықта өткен Мемлекеттік бағдарламаның екі кезеңі бойынша барлығы 350-ден астам кітап атаулары басылып шыққан.

«Қазақстан кітапханаларының сирек баслымдары» каталогы да танымдық әрі қызықты болып табылады. Бұдан оқырмандар жалпы мәдени және ғылыми мағынадағы өткен жылдардың (19 ғ. 1940 жылдар арпалығы) араб және орыс тілдеріндегі басылымын көре алады. Каталогты жасаған кезде еліміздің облыстық және жоғары оқу орындарының кітапханаларының көмегі зор болды. Цифрлауға өзінің құнды нұсқаларын бірінші болып бергендер ҚР Алматы қ. Ұлттық кітапханасы, Гумилев атындағы Евразия ұлттық университетінің «Отырар кітапханасы» Ғылыми орталығы, Қостанай, Қарағанды, Атырау, Батыс Қазақстан, Қызылорда облыстық кітапханалары еді. Кітаптардың тақырыбы сан алуан - өлке тарихы, ислам, мәдениет, әдебиет және тілтану, өсімдіктер мен хайуанаттар әлемі, гидрология, балықшылық, мал шаруашылығы мен жерді пайдалану т.б. Өткен жылдардың кітаптарын цифрлық форматқа көшіргенде, кітапханашылар оларға «жаңа өмір» сыйлады. Енді бұл кітаптар барлығына қолжетімді және олар Қазақстаннның үлкен тарихының бөлігі болып табылады.
Оқырмандар арасында Қазақстан өмірінің қоғамдық, саяси, экономикалық мәдени өміріне арналған кітаптарының е-көшірмелері енген «Қазақстандық» каталогының әйгілігі мол. Цифрлаудың барлық кітаптары еліміздің кітапханаларымен ұсынылған. Каталогты қалыптастыруда өз еңбектерін цифрланған кітапханаға үлкен ынтамен берген белгілі қазақстандық жазушылар, қоғам қайраткерлері, ғалымдар ат салысып көмектесті. «Кітаптың Е-көшірмелері» электронды каталогындағы іздеу бірнеше өлшеммен өтеді. («Каталогта іздеуді қалай жасау керек» бөлімін қараңыз). Іздеу нәтижесі кітаптың нақты көшірмесімен байланысты библиографиялық сипаттама ретінде шығады. Табылған тізімнен сізді қызықтырған басылымды таңдап, сіз библиографиялық сипаттаманы, кітаптың әр бетін немесе кітаппен танысу үшін оның бір бөлігін ғана жүктеп ала аласыз. Құқықтық шектеуден босатылған басылымдар толық жүктеліне алады. Қалған басылымдар көріп шығу тәртібінде ғана, көшіруге мүмкіндік берілмей, бірақ жеке тарауларды өз электронды поштаңызға жіберіп ала алатындай мүмкіндік беріліп басылып шығарылады.
http://www.kazneb.kz/wps/portal/ материалдары бойынша даярлаған автоматизация және жаңа технологиялар секторының жетекшісі А.А.Никитова
 


 

© 2013 Нұра орталықтандырылған кітапханалар жүйесі
Әзірлеуші және қолдаушы: Интернет-компания Creatida
Яндекс.Метрика