Нұра ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі
Нұра орталықтандырылған кітапханалар жүйесі

Ай кітабы

Астана.Путеводитель / Составитель Р.Турлынова. – Астана: Фолиант, 2018. – 144 с.
Голубев, К Козы, овцы, коровы: содержание и разведение / К.А. Голубев, М.В. Голубева. – Москва: Издательство АСТ, 2018. – 128с. – (Азбука дачника)
Бұл кітап ісін жаңа бастаған фермерге да, үлкен тәжірибесі бар малшыларға да қажет. Кітаптан сіз үй жануарларын қалай дұрыс өсіру және ұстау, олар немен ауырады және оны қалай болдырмау, сіздің фермер шаруашылығының өнімділігі мен табыстылығын қалай арттыру және оған кеткен шығындарды аз өтеуге үйретеді. Кітап беттерінде уақытпен тексерілген құнды тәжріби ұсыныстар жинақталған!

Анонс

Іс-шаралар анонсы – қаңтар 2019 жыл


Көпшілік жұмыс

Уақыты

Әдеби өлкетану сағаты «Дәуірмен үндес өмір» (жазушы Бүркіт Ысқақовтың 95 жылдығына арналған)

4.11.19

Слайд – фильм «Қазақстанның ұлттық валютасы»

15.11.19

Ақпарат күні «Дүниежүзілік теледидар күні»

20.11.19

Экономикалық ойын «Бизнес сатылары бойынша»

17.11.19

Дөңгелек үстел «Жаңа дәуірдің Көшбасшысы»

29.11.19

Көрнекілік насихат

 

Көрме-ақпарат «Қазақстан-2050: жаңа даму стратегиясы»

Ай бойы

 Кітап көрмесі «Елін сүйген ердің ізі» (жазушы Бүркіт Ысқақовтың 95 жылдығына арналған)

4.11.19

Кітап көрмесі «Тәуелсіздіктің алтын қазығы-теңге»

11.11.19

«Өз бизнесіңді табысты ет!» (Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің күніне арналған)

13.11.19

Кітап көрмесі «Елбасы әлем таныған тұлға»

26.11.19

 


Авторландыру

Семинарлар -2016

Қаралды (2296)

«Отбасылық оқу ұрпақтар диалогы» семинар-практикумының
(21.06.16 ж.)
Семинардың мақсаты: кітапханашыларды отбасылық оқудың дәстүрлерін жаңғырту үшін отбасымен жұмыс жасаудың инновациялық әдістерімен таныстыру.
Біліктілікті арттыру аясында АОК базасында «Отбасылық оқу – ұрпақтар диалогы» семинар-практикумы өткізілді. Семинардың жұмысына 27 кітапхана кітапханашылары қатысты.
ОКЖ директоры Л.А.Кумпан өз сөзінде семинар-практикумның тақырыбының маңыздылығын белгілеп семинарды ашты.
Семинар барысында кітапханашылар АБК меңгерушісі Н.Б.Қалиеваның «Үлкендердің есіне:отбасылық оқу» ұсынымынан және кітапханларды дамыту секторының әдіскері Д.А.Бейсенованың «Сиқырлы жолқапшық» науқанының ашылуында жұмыстың көптеген қызықты формалары мен әдістерін меңгерген.
Семинар-практикумның қатысушыларымен кітапханаларды дамыту секторының меңгерушісі С.Р.Нұртазина мен Заречное а. кітапханасының кітапханашысы Н.И.Кривопляс «Кітапханадағы отбасылық клуб» тренингін өткізген.
Тренингтің тапсырмалары «Кітапханалардағы  клубтар мен әуесқойлар бірлестіктері» ұсынымдарын қарастырды.  Бұл үшін кітапханашылар отбасылық клубын құрған, үш топқа бөлінген, клубтың атауын ойлап тапқан, мақсаттар мен міндеттерді, адамдардың жас ерекшелігіне байланысты топтарды, отырыстардың мерзімділігін, ұранды, эмблеманы, іс-шаралардың қысқаша жоспарын белгілеген.
Заречное а. кітапханасында тәжірибе алмастыру мақсатымен өткізілген семинарға қатысушылар кітапханашының «Отбасылық оқудың дәстүрлерін жаңғыртамыз» тақырыбындағы сөзінен ата-аналар мен балалармен жұмыс туралы көптеген қызықты кеңестер алды.
Кітапханашылар «Отбасы оқуын қолдауға арналған кітапханалық жаңғыртулар» семинар тақырыбы бойынша әдістемелік ұсынымдарға қол жеткізді – ғаламтор мәліметтері, қазақ, орыс тілдерінде «Ата-аналардың есіне», «Кітап оқитын баланың ата-анасы қалай болған дұрыс?» бүктемелері.
Семинар-практикумның қорытындысында келесі ұсынымдар қабылданды:
- отбасыларға кітапханалық қызмет көрсету формаларын жетілдіру және дамыту

  • Басқа кітапханалардың кітап оқу бірізділігі бойынша өз жұмысына оқырмандар әулетінің оң тәжірибесін зерттеп енгізу
  • «Ғаламтор, мен БАҚ, ішкі және сыртқы жарнаманы пайдаланып «Сиқырлы жолқапшық» науқанының жарнамасын қамтамасыз ету
  •  Отбасылық оқуды ұйымдастыратын және дамытатын «Үлкендердің есіне», «Оқитын баланың ата-анасы қалай болу керек?» әдістемелік мәліметтерін тарату 

 «Қазақстан кітапханалары қызметін заңнамалық және нормативті-құқықтық басқару» семинарының
(3.03.16 ж.)
Мақсаты: Нұра ОКЖ кітапханаларының әлеуметтік-еңбек қатынастарын нормативті-құқықтық басқару.
Кітапхана әкімшілігі ауылдық кітапханашылар үшін «Қазақстан кітапханалары `қызметін заңнамалық және нормативті-құқықтық басқару» атты семинар өткізген. Семинар барысында ОКЖ директоры Л.А.Кумпан мен директордың орынбасары Г.С.Ажмағамбетова «Әлеуметтік еңбек қатынастарын нормативті-құқықтық басқаруда 100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыру (Қазақстан Республикасының 2015 жылдың 23 қарашасындағы Еңбек кодексі) мәселелерімен танытырып өтті; ОКЖ директоры Л.А.Кумпан «Қазақстанның кітапханалық қызметінің құқықтық ортасы» тұсаукесерін көрсетті. «Ауылдық кітапханашының кәсіби біліктілігін арттыру: оны шешу мәселелері мен жолдары» мәселесімен «Нұра ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ кадр бөлімінің қызметкері Ш.М.Мажитова таныстырды, «Мәдениет қызметкерлерінің еңбекақысын төлеудің жаңа жүйесі» тақырыбында мекеменің бас есепшісі В.Н. Швец сөз сөйледі.
Семинардың қорытындысында Ақмешіт ауылының кітапханашысы Н.М.Сүлейменова құрметті демалысқа шығарып салынды. 

Семинарда келесі ұсынымдар қабылданды:

-Нұра ОКЖ кітапханаларының әлеуметтік-еңбек қатынастарындағы нормативті-құқықтық басқаруда ауылдық кітапханашылардың кәсіби біліктілігін арттыру.
-Ауылдық кітапханашылар мен мәдени қызметкерлерге еңбекақы төлеудің жаңа жүйесімен таныстыру.

«Нұра ОКЖ кітапханалары - Тәуелсіздік мерейтойына арнайды»  семинар
(28.09.16 ж.)
Семинардың мақсаты: Нұра ОКЖ кітапханаларының ҚР Тәуелсіздігінің 25-жылдығын лайықты қарсы алуға, мерекелеуге дайындығын белсендіру. 
Нұра ОАК 2016 жылдың басты оқиғасы - ҚР Тәуелсіздігінің 25-жылдығын мерекелеу қарсаңында «Нұра ОКЖ кітапханалары - Тәуелсіздік мерейтойына арнайды» атты семинар өткізілді. 
Семинарға 22 кітапхананың кітапханашылары қатысты. Семинарды ОКЖ директоры Кумпан Л.А. ашты, семинардың бағдарламасы және мақсаты туралы, Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың көреген саясатының арқасында Қазақстан 25 жыл егеменді даму жолымен  дүниежүзіндегі ең дамыған 50 ел қатарына іліккендігі,  Стратегия-2030 даму жоспары мерзімінен бұрын іске асырылғандығы, «100 нақты қадам» - барлығы үшін жаңа мемлекет» ұлт Жоспарының талаптары және басқа жетістіктер жайлы айтып өтті.  
Автоматтандыру және жаңа технологиялар бөлімінің меңгерушісі  Никитова А.А. «Тәуелсіздік кезеңдері» буктрейлерінің және  «www.nuralib.kz» сайтын жүктелген электронды каталогтың тұсаукесерін өткізді.
К. Мыңбаев пен С. Талжановтың 110-жылдықтарына арналған шағын сайттар тұсаукесерін директордың орынбасары Г. Ажмағанбетова жасады. 
Атаулы күн шеңберінде тәжіриби іс-шараны – ақын Қасым Аманжоловтың 105-жылдығына арналған «Сарыарқаның саңлақ ақыны» атты портрет кешін Көбетей үлгілі ауылдық кітапханасының кітапханашысы Г. Қуандықова мен Көбетей балалар кітапханасының кітапханашысы М. Тажмағамбетова өткізді. Ауыл кітапханашылары Қ.Аманжоловтың шығармашылығына арналған сұрақ-жауап сайысына қатысты, үздіктер сыйлықтармен марапатталды.   
Кәсіби ой-өрісті кеңейту мақсатымен қатысушыларға Қазақстан Республикасының 25-жылдығына арналған іс-шараларды ұйымдастыру үшін Қазақстанның жетістіктері мен табыстары туралы әдістемелік ұсынымдар берілді,  тәуелсіздік пен құндылық жетістіктерінің бірі «Мәңгілік ел» қамқорлығы астында  атаулы күндерге арнап өткізілген іс-шараларға талдау жасалды.  Олардың ішінде: кәсіби мемлекет, салауатты ұлт, Ұлы дала дәстүрі, интеллектуалды ұлт, бейбітшілік, ынтымақ пен достық, мемлекеттік рәміздер, Астана, Қазақстанның бітімгерлік бастамалары, еңбек, отбасы және амандық, мәдени мұра, жаңашылдық, индустриаландыру және Казақстандық жол.
Семинар кезінде К. Мыңбаев атындағы ауылдық кітапханашысы С. Шақабаева мен Заречное ауылдық кітапханасының кітапханашысы Н.И. Кривоплясты салтанатты түрде құрметті демалысқа шығарып салу рәсімі өткізілді. 
Семинар қорытындысында келесі ұсынымдар қабылданды:

  • ҚР Тәуелсіздігінің 25-жылдығын атап өтуге арналған тәуелсіздік пен құндылық жетістіктерінің бірі «Мәңгілік ел» қамқорлығы астында ай сайын өткізілетін  іс-шаралар жоспарына сәйкес кітапханалар қызметін белсендіру;
  • тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу және дамуының басты кезеңдеріне, болашақта мемлекеттік нығаюына, барлық қазақстандықтардың "Мәңгілік  Ел» құндылығының айналасында халықтың бірігуі мен шоғырлануына арналған әдебиетті насихаттауды белсендіру;    
  • қазақстандық патриотизм мәслелерінде кітаптың ролі мен мүмкіндігін арттыру;

ҚР Тәуелсіздігінің 25-жылдығы атаулы күнінің тарихи маңыздылығын көрсету мақсатында жаңа заманауи технологияларды пайдалану.

© 2013 Нұра орталықтандырылған кітапханалар жүйесі
Әзірлеуші және қолдаушы: Интернет-компания Creatida
Яндекс.Метрика