Нұра ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі
Нұра орталықтандырылған кітапханалар жүйесі

Ай кітабы

Астана.Путеводитель / Составитель Р.Турлынова. – Астана: Фолиант, 2018. – 144 с.
Самоучитель английского языка для начинающих + СD / С.А. Матвеев. – Москва: АСТ, 2014. - 351с.
Ағылшынша өз бетімен үйрену қарапайым және қолжетімді курсы. Оқу құралы 3 бөлімнен және қосымшадан тұрады. Бірінші бөлімде сіз қажетті грамматикалық ақпаратты, сонымен қатар дискіде тындауға болатын ағылшын тілінің қысқаша фонетикалық курсын таба аласыз. Екінші бөлімде сіз алған білімдерді практикалық қолдану мүмкіндіктерімен танысасыз. Үшінші бөлімде тиісті тақырыптар .бойынша көптеген қызықты диалогтарды ұсынады, оларды дискіде тыңдауға, оқуды, айтылымды және аударманы орындауға болады. Бұл оқу құралы ағылшын тілінің негіздерін меңгеруге, кедергілерді еңсеруге және сөздік тілін толықтыруға көмектеседі.

Анонс

Іс-шара анонсы Қазан – 2019 жыл


 

Көпшілік жұмыс

 

Уақыты

1

«Поэзиядағы, музыкадағы, бейнелеу өнеріндегі күз»

02.10.19

2

Өлеңдер сайысы «Сәкен - жырдың сарқылмас дариясы» Сәкен Сейфуллиннің 125 жылдығына арналған

15.10.19

3

Актуалды диалог  «Рухани келісім әлемі»

18.10.19

4

Көрме «» А.Нүрпейісовтың 90 жылдығына арналған

22.10.19

5

Акция «Бір ел- бір кітап»

25.10.19

6

Флешмоб  «Кітапқа құрметпен»

29.10.19

 

Көрнекілік насихат

 

1

Таңғажайып әлем!»

01.10.19            

2

 Көрме-ақпарат «Стратегия-2050: дамудың жаңа стратегиясы»

Тоқсан бойы

3

Көрме шақыру  «Жат ағымнан аулақ бол»                                     

07.10.19

4

Кітап көрмесі «Духовность – путь к миру и согласию»

14.10.19


Авторландыру

Семинарлар-2018

Қаралды (940)

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауын іске асыруға арналған «Жаңа мүмкіндіктер, жаңа перспективалар, жаңа көкжиектер» семинар-кеңесі
(23.01.2018)

    Семинардың мақсаты: – ҚР Президентінің Қазақстан халқына арнаған «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауында қойылған міндеттерді насихаттау.
     23.01.2018 жылы Нұра ОКЖ-да ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауы тұрғысында «Жаңа мүмкіндіктер, жаңа перспективалар, жаңа көкжиектер» семинар-кеңесі өтті.
         Семинарға қатысушылар – АОК, АБК және ауылдық кітапханалардың 30 маманы.
Семинарды Нұра ОКЖ басшысы Л.А.Кумпан «Жаңа мүмкіндіктер, жаңа перспективалар, жаңа көкжиектер» презентациясымен бастады, назарды негізгі 10 бағытқа аударта отыра, ұжымды Жолдаудың негізгі бағыттарымен таныстырып өтті. Басшы Жолдау жалпы алғанда Төртінші өнеркәсіптік даму жағдайында Қазақстанды жаңғырту жүйесінің нақты бағдарламасынан тұратындығын атап өтті. Л.А. Кумпан әріптестерді іс-шараларда осы маңызды құжатты талқылауға белсенді қатысуға шақырды.
          Кітапханаларды дамыту секторының басшысы С.Р. Нұртазина «ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауының негізгі бағыттарын насихаттауға арналған іс-шаралардың жоспарымен» таныстырды. Мемлекет Басының Қазақстан халқына Жолдауын талқылау барлық кітапханаларда 2018 жылдың 10 қаңтары, яғни жарияланған күнінен басталғанын атап айтылды. Ең алдымен Жолдаумен кітапхана қызметкерлері танысты. 35 кітапхананың әрқайсында ҚР Президентінің Жолдауы бойынша тақырыптық кітап көрмелері ұйымдастырылған. Онда жаңа Заңнамалық құжаттар мен кітап басылымдары орналастырылған. Іс-шаралар жоспары даярланған ¬– толық кешен: ақпарат сағаттары, дөңгелек үстелдер және алдағы жұмыстардың ұзақ мерзімді басымдықтарында белгіленген көптеген басқа іс-шаралар.
    Әрі қарай Нұра ОКЖ басшысы Л.А.Кумпан 2017 жылдағы ірі іс-шаралар мен акцияларды, Нұра кітапханаларының жұмыс тәжірибесін зерттейтін «Жылдың үздік кітапханасы» аудандық байқауын қорытындылады. Байқаудың мақсаты – нұралық кітапханалардың үздік жұмысын зерттеу. Байтуған үлгілі ауылдық кітапханасы жеңімпаз атанды. Кітапханаға ауыспалы жүлде – үлкен үкі тапсырылды. Қызмет көрсету бөлімі АОК-ның үздік бөлімі атанды (орташа үкі) және бала оқырмандармен жұмыс жасайтын ең үздік кітапхана Баршын балалар кітапханасы болды(кішкентай үкі).
    «Ауылдық кітапхананың үздік портфолиосы» аудандық байқауының қорытындысы жасалған. Байқау ауылдық кітапханалар арасында пайдаланушылар үшін жұмыстың жаңартпашылық үлгілерін, қызықты істер, іс-шаралар, кітапхана қызықтырығыштығын  көрнекі көрсету, біліктілікті арттыру, ОКЖ мамандарын аттестаттауға дайындау мақсатында  өткізіледі. Байқаудың жеңімпазы – Заречное ауылдық кітапханасының кітапханашысы Ж.Ж.Сүлейменова. Кітапханашы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің алғыс хатымен, сыйлықпен марапатталған.
            Қорытындысында келесі ұсынымдар қабылданды:

• ҚР Президентінің «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауында қойылған міндеттерді насихаттау бойынша ОКЖ кітапханаларының жұмысын жандандыру.
• « В Контакте», «Мой Мир», «Одноклассники» әлеуметтік желілерінде Нұра ОКЖ парақшаларын басқару арқылы «nuralib.kz» сайтында, «Нұра» газетінің бетінде Жолдауды насихаттау  

«Рухани жаңғыру» – менің тарихым, менің мәдениетім, менің өлкем» семинар-кеңесі
(2.02.2018)

      02.02.2018 ж. Нұра ОКЖ-да «Рухани жаңғыру» – менің тарихым, менің мәдениетім, менің өлкем» семинар-кеңесі өткізілді.
     Кітапханаларды дамыту секторының басшысы С.Р.Нуртазина Президенттің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» («Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы жаңғырту») бағдарламалық мақаласы бойынша жұмыстың мақсаты ¬¬- рухани және мәдени құндылықтарды сақтау және арттыру туралы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы: дамудың жаңа мүмкіндіктері» презентациясында айтты. «Рухани жаңғыру» бағдарламасының бағыттары туралы айтқан.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы маңызды өлкетанулық жұмысты көздейді. Нұра ауданының тарихы бай екендігі, Нұра ОКЖ кітапханалары Нұра ауданының 90-жылдығына орай «Рухани жаңғыру» – менің тарихым, менің мәдениетім, менің өлкем» бағдарламасы бойынша жұмыс істейтіндігі туралы белгіленіп айтылды. Бүгінде біздің әрқайсымыздан бағдарламаны одан әрі дамытуға шамамыз келгенше үлес қосу талап етіледі.
    Ақпараттық-библиографиялық сектордың басшысы А.Қ.Садығұлова «Кітапхананың өлкетанулық ресурстарын қалыптастырудың жаңа мүмкіндіктері» сөз сөйледі. Презентацияда Нұра ОКЖ сайтындағы «Өлке туралы» бөлімі бойынша, С.Талжановтың мерейтойына арналған және ғалым К.Мыңбаевтың «Жарқ етіп, сөнген жұлдыз» өмірлік іс-әрекеті туралы шағын сайттар туралы ақпарат болды.
    Сөз сөйлеу барысында қатысушыларға цифрланған кітаптардың саны туралы айтылды, сонымен қатар «Ер есімі ел есінде» электронды жобасы бойынша тақырыптар қозғалды. 
Қызмет көрсету секторының басшысы С.А.Мұстафина «Кітапханалық өлкетану: үлкен мүмкіндіктер аумағы» тақырыбында сөз сөйлеген. Ол сөз сөйлеуінде өлкетану – кітапхана қызметінің басым бағыттарының бірі екендігін атап айтты. Көп жылдар бойы бұл бағытта үлкен жұмыс тәжірибесі жиналғандығы туралы және жұмыстың жаңартпашылық үлгілері белсенді пайдаланылатыны туралы айтты. Семинардың қатысушыларында туған өлке туралы «Менің туған өлкем» сұрақ-жауап ойыны үлкен қызығушылық тудырды.
    «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өлкетану бойынша өткен іс-шаралардың тұсаукесері өткен. Сонымен бірге әріптестердің қызықты кәсіби табыстарымен танысу және жұмыстың жаңартпашылық түрлерін пайдалануға арналған бірқатар ұсынымдар жасалған.
    Н.Ә.Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» электронды форматтағы кітап тұсаукесерін АОК библиографы Б.К.Исакова өткізді. Тарихи көсемсөзбен жазылған басылымда Ұлт көшбасшысы негізі салынғаннан бастап егемен мемлекеттің құрылуы кезеңдеріне сипаттама берілген және дамудың «қазақстандық үлгісі» туралы жазылған. Жаңғырудың үш толқынына маңызды орын бөлінген. Кітапты PDF форматында http://www.akorda.kz сайтынан жүктеуге болады.
    Әлемде белсенді пайдаланылатын QR-код кітапхана саласында да өз қолданысын тапқан. Кітапхана үрдістерін автоматтандыру секторының басшысы А.А.Никитова «QR-код: заманауи кітапханаларда пайдалану тәжірибесі» практикалық жаттығуын өткізді. Ол өлкенің құжаттық мұрасына пайдаланушылардың қолжетімділігін кеңейту үшін оны Нұра ОКЖ-да пайдалануға назарды сала отыра, шетелдік және қазақстандық ақпаратты штрих-кодтау тәжірибесіне жан-жақты тоқталған. Ауданымыздың жерлес авторларының цифрланған толық мәтінді шығармалары QR-код арнайы генератор бағдарламасымен кодталады, кітаптың бетіне штрих коды бар жапсырма жапсырылады. Осылайша оқырман мобильді құрылғымен кодты сканерленген кезде шығарманы оқуға мүмкіндік пайда болады. Кітапхана өзінің дәстүрлі қызметтерін орындағанда жұмыстың жаңартпашылық түрлерін енгізе, барлық кітапханалық үрдістерге толықтай жаңаша қарауға мүмкіндік бере отыра, өзінің қызметін кеңейтеді. ОКЖ басшысы Л.А.Кумпан семинарды қорытындылады.
Семинардың қорытындысында әдістемелік ұсынымдар қабылданды:  
• «Рухани жаңғыру» – менің тарихым, менің мәдениетім, менің өлкем» бағдарламасы бойынша жұмысты жүргізу
•  Нұра ауданының құрылуының 90-жылдығына жоспар жасау;
• Кітапханаларда Н.Ә.Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» кітабының тұсаукесерін өткізу.

           «Латын әліпбиіне көшу – күттірмес мәселе» тақырыбындағы тренинг

(6.02.2018)

      06.02.2018 ж. Нұра АОК-да ауылдық және аудандық кітапханашылар арасында «Латын әліпбиіне көшу – күттірмес мәселе» тақырыбында тренинг өткен.  Тренинг барысында «Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ маманы Ж.Қ.Нұрмағамбетов қазақ жазуы және латын әліпбиінің тарихы туралы, жаңадан бекітілген әліпби жайында, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы қоятын міндеттер туралы сөз сөйледі.
     АОК басшысы Г.С.Ажмағамбетова оқырмандармен сұрақ-жауап ойынын өткізді, ойын барысында қатысушылар экраннан латын жазуымен жазылған қазақша сөздерді, сөз тіркестерін, мақал-мәтелдерді жарыса отыра оқыған.
    Тренинг практикалық жаттығумен аяқталды. Тапсырмалардың үш нұсқасында өз аты-жөнін, сондай-ақ кітап туралы төрт жолды латынша жазу керек болды. Мектепте ағылшын тілін үйренген жас кітапханашылар тапсырманы белсенді әрі тез орында


 

© 2013 Нұра орталықтандырылған кітапханалар жүйесі
Әзірлеуші және қолдаушы: Интернет-компания Creatida
Яндекс.Метрика