Нұра ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі
Нұра орталықтандырылған кітапханалар жүйесі

Ай кітабы

Астана.Путеводитель / Составитель Р.Турлынова. – Астана: Фолиант, 2018. – 144 с.
Голубев, К Козы, овцы, коровы: содержание и разведение / К.А. Голубев, М.В. Голубева. – Москва: Издательство АСТ, 2018. – 128с. – (Азбука дачника)
Бұл кітап ісін жаңа бастаған фермерге да, үлкен тәжірибесі бар малшыларға да қажет. Кітаптан сіз үй жануарларын қалай дұрыс өсіру және ұстау, олар немен ауырады және оны қалай болдырмау, сіздің фермер шаруашылығының өнімділігі мен табыстылығын қалай арттыру және оған кеткен шығындарды аз өтеуге үйретеді. Кітап беттерінде уақытпен тексерілген құнды тәжріби ұсыныстар жинақталған!

Анонс

Іс-шаралар анонсы – қаңтар 2019 жыл


Көпшілік жұмыс

Уақыты

Әдеби өлкетану сағаты «Дәуірмен үндес өмір» (жазушы Бүркіт Ысқақовтың 95 жылдығына арналған)

4.11.19

Слайд – фильм «Қазақстанның ұлттық валютасы»

15.11.19

Ақпарат күні «Дүниежүзілік теледидар күні»

20.11.19

Экономикалық ойын «Бизнес сатылары бойынша»

17.11.19

Дөңгелек үстел «Жаңа дәуірдің Көшбасшысы»

29.11.19

Көрнекілік насихат

 

Көрме-ақпарат «Қазақстан-2050: жаңа даму стратегиясы»

Ай бойы

 Кітап көрмесі «Елін сүйген ердің ізі» (жазушы Бүркіт Ысқақовтың 95 жылдығына арналған)

4.11.19

Кітап көрмесі «Тәуелсіздіктің алтын қазығы-теңге»

11.11.19

«Өз бизнесіңді табысты ет!» (Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің күніне арналған)

13.11.19

Кітап көрмесі «Елбасы әлем таныған тұлға»

26.11.19

 


Авторландыру

Ахметауылы үлгілі кітапханасы.

Қаралды (1863)


Ахметауылы үлгілі ауылдық кітапханасы 1952 жылы қалыптасқан. Қазіргі уақытта Мәдениет үйінің ғимаратында орналасқан, аумағы 118.3 шаршы метр. 2014 жылы «модельді ауылдық кітапхана» дәрежесін алған. Кітапхананы соңғы 6 жылда Гүлмира Маратовна Көшкүмбаева басқарып келеді.
Ахметауылында 1010 тұрғын бар. Кітапханаға жыл сайын 650-ден астам оқырман жазылады, нәтижесінде олар кітапханаға жылына 6500 рет келеді. Кітап беру саны 11500 дана.
Бір жыл ішінде 300 жаңа басылым алынған, оның ішінде қазақ тілінде – 228 кітап. Қор «Мәдени мұра» серияларымен, «1100 қызықты деректер», «Қазақтың 100 поэмасы», М.О.Әуезовтың шығармалар жинағымен және т.б. толықты. Жылдың соңында кітапхана қорында 13215 дана кітап, оның ішінде қазақ тілінде 5457 кітап болды. Кітапхана 12 мерзімді басылым алып отырады. Дәстүрлі емес тасымалдаушылардағы құжаттар саны – 40 CD.       
ҚҰ «РАБИС» ДБ
Кітапхана 2010 жылдан бастап «Өлкетанушы» электронды каталогын жасауға кірісті. ДБ ҚҰ «РАБИС» бағдарламасында жасалады, АРМ «Каталогизатор», «Іздеу және тапсырыс беру» орнатылған.  Ғаламторға қолжетімділіктің арқасында кітапхананың пайдаланушылары www.gov.kz web-порталымен керек ақпаратқа қол жеткізе алады. Оған қоса ҚРҰАК web-порталы арқылы ҚАЗҰЭК электронды мемлекеттік кітапханалық қорына еркін қолжетімділік бар.  
Гүлмира Мұратқызы Көшкүмбаева Қарағанды облысындағы жас кітапханашыларының І Форумына қатысқан, «Жаңартпашылық жобалар» – кітапхана тартымдылығының жаңа пішіні» жобасы, жазғы оқуларға арналған «Жаздың кілті» жоба-бағдарламасы үшін ынталандыру сыйлығымен және алғыс хатпен марапатталған.
Оқырмандар толық ақпараттық қызметті ғана алып қоймай, қосымша қызметтерді де пайдалана алады: компьютерлік терім және түрлі мәліметтерді басып шығара да  көшірмелер де жасай алады.       
Өлкетану әрдайым үлгілі ауылдық кітапхана қызметінің басым бағыттарының бірі болды. Заманауи компьютерлік техниканың пайда болуымен бұл жұмыс басқа сапалы деңгейге жеткен – «Ауыл энциклопедиясы», «Кітапхана тарихы» құрастырылып жаңа электронды форматқа көшірілген. Өлкетанулық тақырыптардағы электронды деректер қорын толықтыру жүргізілуде. Тілдер мерекесіне арналған ашық іс-шара: «Халықтарды біріктірген мемлекет», мемлекеттік рәміздер күніне арналған іс-шара: «Мемлекеттік рәміздер –  ұлт  мақтанышы».
Ауылдық кітапхана бүгінде – ауылдағы барлық адамға ең қолжетімді және көпшілік мекеме болып табылады. Бұл – жаңа ұрпақты ақпараттық технологиялармен, Ғаламтормен, кітапхана қорларын толықтыру және жаңарту бойынша сұрақтарды шешу, ақпаратты электронды тасымалдаушылар қорын қалыптастырумен қамтамасыз ету деген сөз.
Кітапхана ауылдық әкімдікпен, орта мектеппен, МҮ тығыз байланыста жұмыс істейді, ауылда өтетін барлық іс-шараларға қатысады, «Кітапхананың әрбір пайдаланушысына ақпараттық, зияткерлік, және рухани ресурстарды барынша қолжетімді және пайдалы ету» міндетін іске асыра отыра жан-жақты мәдени-ағартушылық және ақпараттық қызмет жүргізеді.
Ә.Бөкейхановтың 150 жылдығына кітапхана бойынша қазақ тіліндегі жол көрсеткіш «Тәуелсіздіктің жаршысы» жадынамасы құрастырылған. Қ.Аманжоловқа арналған «Қыран қанатты ақын», А.Құнанбаевқа «Абайдан асырып кім айтқан» және т.б. бумалар бар.
Кітапханада 2009 жылы құрылған «Шеберлер» өнер сүюшілер клубы жұмыс істейді. Клубтың қатысушылары – 1-4, 5-6, 7-8 сынып аралығындағы мектеп оқушылары. Бұл өзіндік демалыс және тілдесу, жас оқырмандардың көркемдік талғамын тәрбиелеу, қиялын дамыту. Жас оқырмандар біздің кітапханада өтетін іс-шараларға рахаттана қатысады. Поэзия сағатында өздері жазған өлеңдерін оқиды. Оқырман-балаларға «Қазақстанның мәдени мұрасы», «Сөйлейтін кітаптар» атты қызықты кітаптар топтамасы ұсынылған, сәбилерге «Ойыншық кітапшалар», «Жиналмалы кітапша» және тақырыптық топтамалар ұсынылған.

Қалыптасқан жылы – 1954 ж., Ахметауылы
Кітапханашы – Гүлмира Мұратқызы Көшкүмбаева, жұмыс өтілі – 6 жыл 6 ай.
Бақылау көрсеткіштері:
Оқырмандар – 812
Пайдаланушылар – 268
Кітап беру – 14460
Қатысушылық саны – 8010
Кітап қоры–13215
Бағдарлама – «Жаздың кілті»
Байланыс телефоны -( 8-72-144)  52779
E-mail: entuaul@mail.ru

© 2013 Нұра орталықтандырылған кітапханалар жүйесі
Әзірлеуші және қолдаушы: Интернет-компания Creatida
Яндекс.Метрика