каталог Құжаттарды электронды жеткізу On-line кітапты ұзарту Виртуальды
анықтама Online-кітаптарды оқимыз Электронды
кітапханалар Буктрейлеры Сұрақ-жауап Фотогалерея
Ай кітабы

Дж. Неру атындағы халқаралық сыйлықтың, Қазақ ССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Әнуар Әлімжановтың «Ұстаздың оралуы» атты бір томдық жинағына тарихи тақырыпқа жазылған «Ұстаздың оралуы», «Жаушы», «Махамбеттің жебесі» атты шығармалары еніп отыр.
«Ұстаздың оралуы» романында орта ғасырларда өмір сүрген Ұлы ғалым әл-Фарабидің тарихи бейнесін жасаған.
Қазақстанның өз еркімен Россияға қосылуының 250 жылдығына арналып жазылған «Жаушы» романында қазақ халқының1723 жылдың көктеміндегі жоңғар шапқыншылығына қарсы ұлт-азаттық көтерілісі суреттеледі.
«Махамбеттің жебесі» романы Исатай Тайманұлымен бірге қазақ халқының 1836-1838 жылдардағы ұлт-азаттық көтерілісін басқарған ардагер ақын Махамбет Өтемісұлының тарихи тулғасын сомдауға арналған.
Анонс
Іс-шаралар анонсы желтоқсан 2020 жыл
Авторландыру
Жаңалықтар
13 Қаңтар 2021 «Терроризм – адамзаттың қасіреті» Библиопост
Ақмешіт үлгілі ауылдық кітапханасы өзінің әлеуметтік парақшаларында «Терроризм – адамзаттың қасіреті» атты библиопост ұсынды
11 Қаңтар 2021 «Бұл екеуміздің өмірбаянымыз» рубрикасы
Заречное ауылдық кітапханасының әлеуметтік парақшаларында Заречное ауылының тұрғындары жайлы әр жылдардағы мәліметтер жарияланған «Бұл екеуміздің өмірбаянымыз» рубрикасы бойынша 4 жарияланым ұсынылды
07 Қаңтар 2021 «Қазақстан – 2050» стратегиясы: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ». Библиопост
Ақмешіт үлгілі ауылдық кітапханасы өзінің әлеуметтік парақшаларында «Қазақстан – 2050» стратегиясы: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты библиопост ұсынады.
07 Қаңтар 2021 Құттықтау – пост
Заречная ауылдық кітапханасы өзінің әлеуметтік парақшаларында Рождество мерекесіне арналған құттықтау пост жариялады.
06 Қаңтар 2021 «Нұраның ақиық ақыны» байқауы
Заречная ауылдық кітапханасы өзінің әлеуметтік парақшаларында «Рухани Жаңғыру» бағдарламасы аясында жерлесіміз Қ.Айнабековтың 135 жылдық мерейтойы қарсаңында аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен өткізілген «Нұраның ақиық ақыны» атты байқауына қатысқан оқырмандарының бейнебаянын ұсынады.
23 Желтоқсан 2020 «Нұраның ақиық ақыны» байқауының салтанатты марапаттау рәсімі
«Рухани Жаңғыру» бағдарламасы аясында Нұраның ақиық ақыны Қайып Айнабековтың туылғанына 135 жыл толуына орай Аудандық кітапхана ұйымдастырған «Нұраның ақиық ақыны» байқауының салтанатты марапаттау рәсімі аудандық кітапханада өтті!
14 Желтоқсан 2020 «Жасай бер, Тәуелсіз Қазақстан!» атты дөңгелек үстел отырысы
Аудандық орталық кітапханасында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік мейрамы қарсаңында «Жасай бер, Тәуелсіз Қазақстан!» атты дөңгелек үстел отырысы өтті.
11 Желтоқсан 2020 «Менің Қазақстаным – менің туған жерім» тарихи сағаты
2020 жылдың 11 желтоқсанында Қайнар үлгілі ауылдық кітапханасында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Менің Қазақстаным – менің туған жерім» атты тарихи сағаты өтті.
11 Желтоқсан 2020 Бейнебаян «Гүлдене бер, Қазақстаным!»
Қайнар ауылдық кітапханасы Ұлттық мейрам қарсаңында өзінің әлеуметтік «Одноклассники» парақшасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 29 жылдық мейрамына арналған «Гүлдене бер, Қазақстаным» атты бейнебаян ұсынды.
10 Желтоқсан 2020 «Гүлдене бер, менің Қазақстаным!» балалар сурет байқауы
Көбетей ауылдық балалар кітапханасы өзінің әлеуметтік парақшаларында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік мейрамының қарсаңында «Гүлдене бер, менің Қазақстаным» атты балалар суретінің байқауын жариялады.