Нұра ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі
Нұра орталықтандырылған кітапханалар жүйесі

Жаңалықтар

«Ауыл тарихы адамдар тарихында» өлкетанулық кездесуі


Осы жылы Нұра ауданының құрылуына 90 жыл толады. Бұл күн бізді көп нәрсеге міндеттейді. Ол кіші Отанды, оның тарихын, табиғи байлықтарын, мәдениетін сүюге тәрбиелеу бойынша жұмысты белсендендіруге әсер етті.
Осымен байланысты Заречное ауылдық кітапханасында кітапханашы Ж.Ж.Сүлейменова «Ауыл тарихы адамдар тарихында» өлкетанулық кездесуін өткізді.
Кездесудің қатысушылары: ауыл әкімі У.Б.Нукушев, Қоғамдық келісім кеңесінің мүшелері, Ардагерлер кеңесінің төрағасы Т.Ф.Самойлюк, Аналар кеңесінің төрайымы Г.М.Ахметова, құрметті демалыстағы Н.И.Кривопляс, «Общение» әуесқойлар клубының мүшелері.
   Еліміздің әрбір өлкесінің, әрбір бұрышының қайталанбас әсемдігі, айрықша тарихы бар. Отанның тарихы – маңызды оқиғалар, ерліктер мен ұлыс іс туралы әңгімелер ғана емес, сонымен бірге қарапайым адамдардың, өткен мен бүгіннің батырлары туралы тарих.
Біздің ауыл тың болып есептеледі. Тың игеру жылдары ауылымыздың тарихына жарық тарих беті ретінде енген. Тың және тыңайған жерлерді игеруге комсомол жолдамасымен мыңдаған еріктілер келген, олардың арасында іс-шараға қатысушылардың жақындары да болған.
Біз орасан зор уақыт кезеңін қамтитын бай тарихи өткені бар ауылда тұрамыз және оның тарихын мақтан тұтамыз. Тарихта туған өлкенің дамуына үлкен үлес қосқан аңызға айналған жерлестеріміздің тағдыры көрініс табады. Кіші Отанның тарихын білу заманауи адам үшін маңызды. Себебі өткенімізді білмей, бүгінгі мен болашақты ұғыну мүмкін емес. 
Іс-шараның қонақтары ұлы тарих өрнек сияқты адамдардың тарихынан салынады, отбасы тарихы өлкенің тарихына енеді, оның ажырамас бөлігіне айналады деген пікірді ұстанған. Ал ұрпақтардың байланысы – адамдарды қауіпті бытыраңқылықтан сақтайтын цемент тәрізді.
Қорытындысында «Нұра  ауданына  - 90  жыл» көрнекі көрмесіндегі әдебиеттерге шолу жасалды.

123123
123123
123123
123123


Кері қайту

© 2013 Нұра орталықтандырылған кітапханалар жүйесі
Әзірлеуші және қолдаушы: Интернет-компания Creatida
Яндекс.Метрика