Нұра ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі
Нұра орталықтандырылған кітапханалар жүйесі

Жаңалықтар

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» ақпараттық шолуы


2018 жылдың 19 маусымында Байтуған үлгілі ауылдық кітапханасында  «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасының аясында «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» кітап көрмесінің жанында ақпараттық шолу өткізілді. Қазақстанның Президенті өз сөзінде «дәстүр мен мәдениет – ұлттың генетикалық коды» деп белгілеген.
Жаңа платформада жаңғырудың басты шарты өз мәдениетімізді, ұлттық кодымызды сақтау екендігі айрықша баса айтылған. Қоғамның рухани жаңғыруы үздік дәстүрлерге және ұлттық-мәдени тамырларға сүйенуі тиіс. Кітапханашы Н.Вагнер ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандық қоғам өмірінің барлық негізгі салаларын: экономика, саясат, рухани-мәдени саланы қамтитын, еліміздің дамуының ұзақ мерзімді келешегін табысты қалыптастыратын бірегей болашақты көретіндігі, ал жаңғырудың жаңа ауқымды міндеттері халқымыздың алдында рухани жаңғырудың жаңа мүмкіндігін ашатындығы жайында айтты.
Іс-шараға қатысушылар үштілділікті енгізу және қазақ тілінен латын әліпбиіне көшу мәселелерінің өзектілігін бағалады. Қазақ тілінде сөйлеу және оны түсіну барлық қазақстандықтар үшін нормаға айналуы тиіс.
Шолуда туған өлкені зерттеуге бағытталған «Туған жер» және «Туған ел» бағдарламаларына, сонымен бірге көптеген өнерлі адамдардың жолын ашатын «Заманауи қазақстандық мәдениет» жобасына және «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасына ерекше назар аударылды. 
Елбасының саясатының арқасында жеріміз татулық пен тыныштықта. Елбасы бейбітшілік, бірлік, достық пен келісім – қазақстандықтардың іргелі жаулап алуы, сақтау мен нығайтуды қажет ететін шынайы құндылық екенін үнемі айтады.

123123
123123


Кері қайту

© 2013 Нұра орталықтандырылған кітапханалар жүйесі
Әзірлеуші және қолдаушы: Интернет-компания Creatida
Яндекс.Метрика