Нұра ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі
Нұра орталықтандырылған кітапханалар жүйесі

Жаңалықтар

«Домбыра – асыл мұра»


Қазақстанның Президенті «Ұлттық домбыра күні туралы» Қаулыға қол қойды, бұл күн шілденің алғашқы жексенбі күнінде мерекеленетін болады.
Жаңа енгізілімнің мақсаты: ұлттық мәдениет пен бірдейлікті сақтау және қайта дамыту.
Заречное ауылдық кітапханасында «Домбыра – асыл мұра» атты кітап көрмесі рәсімделді, кітапхана келушілері көрме арқылы жаңа мереке жайында біле алды.
Кітапханашы Ж.Ж.Сүлейменова жас оқырмандармен танымдық сұхбат өткізді, балалар оның барысында қазақ халқының өміріндегі домбыраның рөлі туралы, домбыраға қатысты қызықты деректерді білді. Сонымен бірге Құрманғазы, Тәттімбет, Дина Нұрпейісова, Жұбанов, Затаевич сияқты шығармашылықтары домбыраға арналған Қазақстанның т.б. көптеген әйгілі музыканттарының есімдерімен танысты. 
Кітапханашы кітап көрмесіне шолу жасағанда балалардың назарын профессор Орынбай Жанайдаров жазған «Легенды Древнего Казахстана» кітабына аудартты. Бұл кітап Ұлы даланың бай ауыз әдебиетінің ерекше аңыздар жинағы болып табылады. Ал ежелгі қазақ аңыздары арғы бабаларымыздың рухани өмірін көрсетеді. Кітапта «Ақсақ құлан туралы аңыз» бар. Ол – өнердің күші мен өлмейтіндігін жырлайтын қазақтың көркем аңыздарының бірі.

 

123123
123123
123123
123123
123123
123123


Кері қайту

© 2013 Нұра орталықтандырылған кітапханалар жүйесі
Әзірлеуші және қолдаушы: Интернет-компания Creatida
Яндекс.Метрика