Нұра ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі
Нұра орталықтандырылған кітапханалар жүйесі

Жаңалықтар

«Құстар әлемі» ауызша журналы


            Экологиялық білім беру мақсатында Заречное ауылдық кітапханасында «Құстар әлемі» ауызша журналы өткізілді, оған В.П.Позднякованың жетекшілігімен мектептегі лагерьдің балалары шақырылды.

            Іс-шараның мақсаты: оқушыларды құстардың алуан түрлілігімен және тіршілігімен таныстыру, табиғат пен адам өміріндегі құстардың мәнін көрсету, құстарды, туған өлкенің табиғатын жақсы көруге және оларға ұқыпты қарауға үйрету.
 

            Іс-шара қанатты достар туралы танымдық сұхбаттан басталды. Балалар құстардың дауысы жазылған аудиожазбаларды тыңдап, сұрақ-жауап байқауының сұрақтарына үлкен қызығушылықпен жауап беріп, жұмбақтар шешіп, суреттерден құстарды қарау арқылы олардың аттарын бірге тауып, құс әлемінің сан түрлілігі туралы білді.

            Қатысушылар кітапханашы Ж.Ж.Сүлейменованың әңгімесінен бүркіт құсы бұрынғы ғасырлардан бері қазақ халқының өмірінде ерекше орынға ие екендігін білді. Бұны Қазақстанның мемлекеттік туында шарықтап ұшқан бүркіттің суретінен байқауға болады.

            Жас оқырмандар «Құстар табиғатта қандай орынға ие?» және «Осындай тамаша құстар жоғалмауы үшін не істеу қажет?» деген сұрақтарды талқылаған.

            Андел  Вика  мен Драчук Катя табиғатқа ұқыптылықпен қарау тақырыбында тақпақтар айтқан.

            Қорытындысында тақырыптық кітап көрмедегі әдебиеттерге шолу жасалды.

 

123123
123123
123123
123123
123123
123123
123123
123123


Кері қайту

© 2013 Нұра орталықтандырылған кітапханалар жүйесі
Әзірлеуші және қолдаушы: Интернет-компания Creatida
Яндекс.Метрика