Нұра ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі
Нұра орталықтандырылған кітапханалар жүйесі

Жаңалықтар

«Творение души и рук» мүсіндеу сағаты


Кітапхананың есігі балалар үшін үнемі ашық тұрады, жазғы демалыс уақытында балаларға арналып қызықты іс-шаралар өткізіледі. 2018 жылдың 22 маусымында Байтуған үлгілі ауылдық кітапханасында оқырмандар мен қонақтар үшін «Творение души и рук» мүсіндеу сағаты өтті.  

          Астананың 20-жылдығына орай балаларға ермексаздан Бәйтеректің, ЭКСПО тақырыбы бойынша мүсіндер жасау ұсынылды.  Мүсіндеу бейнелі ойлауды дамытады, балалар есте сақтау қабілетін, объектілерді көру арқылы қабылдауды дамытады, моториканы жаттықтырады. Сонымен бірге мүсіндеу балалардың әсемдік сезімін, олардың эстетикалық тәрбиесін дамытуда рөлі маңызды.     

            Балалар көлемді бейнелермен жұмыс жасау арқылы заттардың сипаттық ерекшеліктерін зерттейді, нақты бөлшектерді айқындайды, объектілердің негізгі сапасын ұғынады. Осылайша біртіндеп қоршаған әлемнің құрамы мен заңдары туралы көрініс пен білім тереңдейді, бала қарапайым бейнелеу дағдысын меңгереді және оларды пайдаланады.   Мүсіндеу барысында бейнені елестету арқылы шығармашылық ойлау дамиды.   Ал бұл сәтті іс-шараның көрсеткіші! Ең жас қатысушы – Омарова Алина кітапханаға қолтаңбасы бар жұмыстарын сыйлап, сыйлық алды. 

123123
123123


Кері қайту

© 2013 Нұра орталықтандырылған кітапханалар жүйесі
Әзірлеуші және қолдаушы: Интернет-компания Creatida
Яндекс.Метрика