Нұра ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі
Нұра орталықтандырылған кітапханалар жүйесі

Ай кітабы

Рамазан Д. Алланың әмірі. Әңгімелер. – Алматы. – «Жазушы», 2008. – 240 б.

Өзіндік қолтаңбасымен елімізге танылып қалған талантты жазушы Думан Әмірғалиұлы Рамазанның бұл жаңа кітабына кезінде республикалық баспасөзде жарияланып, оқырманның ыстық ықыласына бөленген әңгімелері топтастырылған.

Қаламгер бүгінгі күннің қаһармандарын сәтті сомдай отырып, кейіпкерлердің ішкі жан дүниесін қойма қопарғандай ақтара ашып, ой-саналарындағы толғаныс-тебіреністерін білгірлікпен аша білген.

 

Анонс

Авторландыру

Жаңалықтар

«Олжас поэзиясы – рухани өмір шыңы» онлайн поэзия сағаты


29 маусым Ақмешіт үлгілі ауыл кітапханасы қазақтың ақыны және қоғам қайраткері Олжас Сүлейменовтың туғанына – 85 жыл толуына орай мәнерлеп оқу үйірмесінің оқушыларының қатысуымен «Олжас поэзиясы – рухани өмір шыңы» атты онлайн поэзия сағатын ұсынады.

Мақсаты: Халық жазушысы Олжас Сүлейменов туралы оқушылардың  таным, білім көкжиегін кеңейту. Өлеңнің мазмұнын ұғындыру. Оқушыларды ұлтжандылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу. Оқушыларды ой - пікір айта білуге жетелеу арқылы  сөйлеу тілін дамыту, өлеңді құрылымдық, көркемдік жағынан талдауға  дағдыландыру.

 

https://www.instagram.com/tv/CQsRMEJAu8x/?utm_medium=copy_link

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=418707682918919&id=100043390718530


Кері қайту

© 2013 Нұра орталықтандырылған кітапханалар жүйесі
Әзірлеуші және қолдаушы: Интернет-компания Creatida
Яндекс.Метрика