Нұра ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі
Нұра орталықтандырылған кітапханалар жүйесі

Ай кітабы

Астана.Путеводитель / Составитель Р.Турлынова. – Астана: Фолиант, 2018. – 144 с.
Досанов С. Он екі томдық таңдамалы шығармалары: 1том. Әңгімелер, повестер. – Алматы: «Арда+7», 2018
Қазақтың әйгілі жазушысы, ҚР Мемлекеттік сыйлықтың және М.Шолохов ат. Халқаралық сыйлықтың лауреаты С. Досановтың он екі томдық шығармаларына таңдамалы еңбектері енгізілді. Жазушының 1 томына әңгіме, повестері берілген. Жазушының 2 томына «Екінші өмір» романы берілген. Жазушының 3 томына «Тау жолы» романы берілген. Жазушының 4 томына «Жиырмасыншы ғасыр» романының 1кітабы берілген. Жазушының 5 томына «Жиырмасыншы ғасыр» роман-эпопеясының екінші кітабы берілген. Жазушының 6 томына «Жиырмасыншы ғасыр» роман-эпопеясының үшінші кітабы берілген

Анонс

Авторландыру

«Туган жер»

«Рухани келісім – тәуелсіздік негізі»


1992 жылы Алматы қаласында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен бірінші Бүкіләлемдік рухани келісім конгресі өтті.  Оған қатысушылар монифест қабылдап, 18 қазан күнін - рухани келісім күні деп жариялады.
       «Рухани келісім күні» бұл қақтығыстармен жанжалдарға тоқтау салу күні,татулық іздеу күні, жақынға қайырымдылық және көмек күні.
Биыл бұл жалпыұлттық мерекені Қазақстан 25-ші рет өткізіп отыр.
         Бұл күн халықты біріктіреді, қазақстандық қоғамда бейбітшілік пен тұрақтылықты, толеранттық идеялардың рухани бірлігін және дәстүрлі адамгершілік құндылықтарды насихаттайды.
        Осы орайда Киевка кентінің Орталық аудандық кітапханасында 18 қазан рухани келісім күні ұйымдастырылған «Рухани келісім – тәуелсіздік негізі» атты дөңгелек үстел өткізілді. Оған: қоғамдық келісім Кеңесі, діни бірлестіктер, этномәдени орталықтар, аудан жастары мен аудан орталығы өкілдері қатысты.
         Отырыс барысында Қазақстанда мемлекет пен діни бірлестіктердің өзара қарым-қатынас үлгісі, діндарлардың құқығы мен еркіндігін құрметтеудің демократтық қағидаттары айтылды.
         Рухани келісім күнгі дөңгелек үстел басында әңгіме арқауына адамгершілік ізгі қасиеттер мен имандылыққа, адамдардың бойындағы теріс қылықтар мен қазіргі қоғамда көрініс беріп жүрген түрлі келеңсіз құбылыстарға  қатысты бірталай ойлар қозғалып, бірталай пікір-көзқарастар талқыға түсті.
         Дөңгелек үстелдің соңында қоғамдық келісім төрағасының орынбасары Л. Кумпан қатысушыларға күнделікті өмірде жанымыздағыларға ұлттық тегіне, діни сеніміне, әлеуметтік мәртебесіне  қарамастан жақсылық пен құрмет көрсету қажеттігін айтып, бір-бірімізге төзімді болу керектігін еске салды.

123123
123123
123123


Кері қайту

© 2013 Нұра орталықтандырылған кітапханалар жүйесі
Әзірлеуші және қолдаушы: Интернет-компания Creatida
Яндекс.Метрика