Нұра ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі
Нұра орталықтандырылған кітапханалар жүйесі

Ай кітабы

Әлімжанов Ә. Ұстаздың оралуы, Жазушы, Махамбеттің жебесі: Романдар (Орысшадан аударған: С. Муратбеков пен Т. Жанұзаков. – Алматы: Жазушы, 1981.-544 б.

Дж.  Неру атындағы халқаралық сыйлықтың, Қазақ ССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Әнуар Әлімжановтың «Ұстаздың оралуы» атты бір томдық жинағына тарихи тақырыпқа жазылған «Ұстаздың оралуы», «Жаушы», «Махамбеттің жебесі» атты шығармалары еніп отыр.

            «Ұстаздың оралуы» романында орта ғасырларда өмір сүрген Ұлы ғалым әл-Фарабидің тарихи бейнесін жасаған.

Қазақстанның өз еркімен Россияға қосылуының 250 жылдығына арналып жазылған «Жаушы» романында қазақ халқының1723 жылдың көктеміндегі жоңғар шапқыншылығына қарсы ұлт-азаттық көтерілісі суреттеледі.

«Махамбеттің жебесі» романы Исатай Тайманұлымен бірге қазақ халқының 1836-1838 жылдардағы ұлт-азаттық көтерілісін басқарған ардагер ақын Махамбет Өтемісұлының тарихи тулғасын сомдауға арналған.

 

Анонс

Авторландыру

«Туган жер»

«Халықтың рухани негізі» көрмесі жанындағы сұхбат


Осы жылы Қазақстанда рухани келісім күні мерекеленетініне 25 жыл толды.
Қазақстан рухани келісім идеясын шынайы күшке айналдыра алған ТМД кеңістігіндегі мемлекеттердің бірі. Президент Н.Ә.Назарбаев мемлекеттің ақсүйектігі мен еркін тіршілігін сақтау және дәстүрлі дінді дамыту маңызды екендігін әрбір сөзінде айтады.
Заманауи қоғамдағы кітапхананың міндеттерінің бірі – барлық жағдайда руханиятты, өнегелікті, төзімділікті сақтауға бағытталған Қазақстан халықтарының ұлттық мәдени дәстүрлерін жаңғырту бойынша бірлескен жұмыс жүргізу.
Рухани келісім күні қарсаңында 25 қазанда Байтуған үлгілі ауылдық кітапханасында «Халықтың рухани негізі» кітап көрмесінің жанында сұхбат өтті. Іс-шараның құрметті қонағы «Ислам білім діні» сұхбатын өткізген мешіт имамы А.Шохметов болды. Ол сұхбат барысында мәдениет біздің қоғамның руханият негізі болып табылатынын атап өтті. Сонымен қатар сұхбат барысында бүгінгі күні өзекті болып табылатын латын әліпбиіне көшу тақырыбы қозғалды.
Кітапханашы кітапхананың қорындағы діни сипаттағы басылымдар туралы айтты. Қатысқандар саны: 12 адам.

123123
123123
123123
123123


Кері қайту

© 2013 Нұра орталықтандырылған кітапханалар жүйесі
Әзірлеуші және қолдаушы: Интернет-компания Creatida
Яндекс.Метрика