Нұра ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі
Нұра орталықтандырылған кітапханалар жүйесі

Ай кітабы

Әлімжанов Ә. Ұстаздың оралуы, Жазушы, Махамбеттің жебесі: Романдар (Орысшадан аударған: С. Муратбеков пен Т. Жанұзаков. – Алматы: Жазушы, 1981.-544 б.

Дж.  Неру атындағы халқаралық сыйлықтың, Қазақ ССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Әнуар Әлімжановтың «Ұстаздың оралуы» атты бір томдық жинағына тарихи тақырыпқа жазылған «Ұстаздың оралуы», «Жаушы», «Махамбеттің жебесі» атты шығармалары еніп отыр.

            «Ұстаздың оралуы» романында орта ғасырларда өмір сүрген Ұлы ғалым әл-Фарабидің тарихи бейнесін жасаған.

Қазақстанның өз еркімен Россияға қосылуының 250 жылдығына арналып жазылған «Жаушы» романында қазақ халқының1723 жылдың көктеміндегі жоңғар шапқыншылығына қарсы ұлт-азаттық көтерілісі суреттеледі.

«Махамбеттің жебесі» романы Исатай Тайманұлымен бірге қазақ халқының 1836-1838 жылдардағы ұлт-азаттық көтерілісін басқарған ардагер ақын Махамбет Өтемісұлының тарихи тулғасын сомдауға арналған.

 

Анонс

Іс-шаралар анонсы мамыр -2020 жыл


Іс-шаралар анонсы

25.05 – 31.05. 2020 жыл.

Көпшілік жұмыс

Уақыты

Онлайн-өтінімдер бойынша оқырмандарға қызмет көрсету

күнделікті

«Байғұт Мархабат – жазушы, журналист»  «Алаш» халықаралық әдеби сыйлығының лауреаты, туғанына 75 жыл (1945) Виртуалды кітап көрмесі. Жараспай ауылдық кітапхана.

25.05.2020

«Қазақ әдебиетінің майталмандары»- виртуалды-онлайн кітап көрмесі. Мынбаев ауылдық кітапхана.

25.05.2020

Бейне шолу обзор «Кітабын оқы, киносын көр!» ЦРБ

25.05.2020

Белгілі журналист, әдебиетші, қазақ стенографиясының негізін қалаушы Данабике Байқадамовың (Каралдина) туғанына 100 жыл толуына арналған «Оның өмірі – дәуір стенограммасы»атты посты. Заречный ауылдық кітапханасы.

25.05.2020

«Пришла пора – звучат фанфары» виртуалды экскурсия. Егінді ауылдық кітапханасы.  

25.05.2020

«Қазақстанның мәдени мұрасы». Ахметауыл ауылдық кітапханасы.

25.05.2020

Ұлы Жеңіске 75 жыл

«Соғыс менің тағдырымда» акциясын жалғастыру.

«Тыл ардагері» естелік лентасын әлеуметтік жүйеге қою. Кертінді ауылдық кітапхана.

26.05.2020

«Қымызмұрындық» мәлімет, Изенді ауылдық кітапхана.

26.05.2020

«Қош бол, менің мектебім!» видеобейне. ОБК

26.05.2020

«Ақылы асқан Әз – Тәуке» Қазақ хандығы 555 жыл. Көбетей ауылдық кітапхана.

26.05.2020

«Жаңа кітаптар шеруі».Онлайн-көрме (К.Мыңбаев ауылдық кітапханасы).

26.05.2020

«Память как осколок в сердце» қуғын-сүргін жылдарды еске алу күні. Тассуат ауылдық кітапханасы.

26.05.2020

«Кітап инсталляциясы» Жаңа кітаптар шеруі. Көбетей балалар кітапханасы.

26.05.2020

«Сенің досың мерзімді басылымдар» - видео-шолу. Байтуған ауылдық кітапханасы.

26.05.2020

31 мамыр Саяси қуғын сүргін құрбандарын еске алу күні. Презентация. Жараспай ауылдық кітапхана.

27.05.2020

«Тарихтан тағылым – өткенге тағзым» онлайн кітап көрмесі. ОБК

28.05.20

«Үш арыс» библиопост. Изенді ауылдық кітапхана.

28.05.20

«Қайғылы жылдар естелігі» видеоролик, 31 мамыр саяси қуғын сүргін құрбандарын еске алу күні. Көбетей ауылдық кітапхана.

28.05.20

«Алаш туы астында,Күн сөнбесін!». Онлайн әңгіме оқу.Егінді ауылдық кітапхана.

28.05.20

Буктрейлер «Қайғылы тағдырлар тарихы» ОАК

28.05.20

«Счастья вам, дети, на нашей планете!» балаларды қорғау күні мерекесінің шығу тарихы.

28.05.20

«Үйле оқимын!» - акция. Байтуған ауылдық кітапханасы

28.05.20

«Сказка-терапия!»пост,аудиосказки. Кобетейская ДО.

«Ертегі-терапия!"пост, аудио. Көбетей ауылдық кітапханасы

28.05.20

«Бұл күндер мәңгі есте қалады» - саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға арналған кітаптарға арналған бейне-шолу.Ахметауылдық кітапхана.

28.05.20

31 мамыр ашаршылық күніне,

«Тарихтан тағылым» онлайн викторина. Ақмешіт ауылдық кітапхана.

29.05.20

«Бас иіп тағзым етеміз,Алаштың арыстары!» Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу. Виртуалды кітап көрмесі. Кертінді ауылдық кітапхан.

29.05.20

«Тарихтағы ұмытылмас қасырет» саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні.Пост, Көбетей балалар кітапханасы.

29.05.20

Дүниежүзілік темекісіз күн. «Кальян: за и против»бейне слайд. Заречный ауылдық кітапханасы.

29.04.20

«Зұлмат заманның құрбандары» - видеоролик Мынбаев ауылдық кітапхана.

31.04.20

«Қасіреті жылдар» әдеби шолу. Изенді ауылдық кітапхана.

31.04.20

Слайд-реквием «Қасырет жолдар тарихы». Заречный ауылының қуғын-сүргінге ұшыраған тұрғындарына арналған библиографиялық жаднаманың тұсаукесері. Заречный ауылдық кітапханасы.

31.05.20

 


Авторландыру

Қайып Айнабеков

Қаралды (2943)

Қайып (шын аты Қайыпберген)  Айнабеков 1885 жылы сәуір айында  Нұра ауданының Көкмөлдір ауылында қарапайым шаруа отбасында дүниеге келген.  Әкесі  Айнабектің  ерте қайтыс болуына байланысты нағашыларының қолында тәрбиеленеді. Қайып ән айтып, қобыз, домбыра тартумен қатар он бес жасынан өлең жазуға  машықтана бастайды.  Жас кезінен  ауылда өтетін той-домалақтарда халық әндерін орындап, жиналған жұртты таң қалдырған. Абайдың, Естайдың, Біржан, Ақан және басқа да әнші композиторлардың ән-әуендерін жатқа орындаған.
Шын мәнінде өлең жазуға ден қойып, бет бұруы 1907 жылдан басталады. Сол жылдары жарық көрген «Сұлу қызға жазған хат», «Сұлудан жауап» атты өлеңдері кейінгі заманға жетіп отырғаны оның шын мәнінде талантты ақын болғанының дәлелі.
1923 жылы Мәскеу қаласында Бүкілодақтық көрмеде ол қобыз тартып,   сол кездегі  астана еңбекшілеріне өз өнерін көрсетеді. Осы сапарында   белгілі музыка жинақтаушы А.В.Затаевич одан «Сұлушаш», «Қоскөтерме», «Әупілдек», «Назқоңыр», «Жеңеше»  атты  және басқа  да халық әндерін жазып алады. Затаевич  барлығы  жиырмаға тарта ән жазып алыпты. Кейін Затаевич «Қазақ халқының 1000 ән-күйі» атты жинағында Қайып Айнабековтің әншілік талантына жоғары баға береді. «Қайып Айнабеков – қазақ ақыны. Өлең айтқанда ырғағын нақышына келтіріп, жүректі елжіретіп жібереді.  Сөйлескенде мінезі жібектей, жаратылысында ақжарқын. Қорғалақ емес, өркөкірек те емес.   Өзін еркін ұстайды.  Жанынан суырып салатын өлеңдері білгір оқымысты қазақтардың айтуынша, жамбыдай сұлу, бейнелеуі мүлтіксіз.  Қорыта айтқанда, бойында туа біткен ақындығы күшті дарынды адам. Туып-өскен ұланбайтақ сахара-даласын жанындай жақсы көреді.  Дүниеқорлық-пайдакүнемдіктен де, қала тіршілігінің әуре-сарсаңынан да бойын аулақ ұстайды», - деп жазады.
Қайып Айнабеков Сәкен Сейфуллинмен дос-жар қарым-қатынаста болады.  Сәкен Айнабековтар отбасы туралы  өзінің «Тар жол, тайғақ кешу» романында сөз қозғайды.  Ақын тек қана өлең жазумен шектелмейді, әртүрлі қызметтер атқарады. Өзі мұғалім болмаса да, ауылдық жерде мектеп салу, бала оқыту жұмыстарына араласады.
Ақынның тұңғыш өлеңдер жинағы 1928 жылы «Қырдың қызыл гүлі»  деген атпен жарық көреді.   Қайып   өзі өмір сүрген заманның тынысын өлеңдеріне арқау етеді. Ол заман бәрімізге белгілі – Кеңес заманы.   Сондықтан  дәуір ерекшеліктерін «Тілеу ниетім», «Азат құс», «Өмір кілті», «Өз елімде» сияқты өлеңдерінен көруге болады. Ақын  тың жерді игеру, егінжай туралы да біраз өлеңдер жазады.  Көп өлеңдерінде  халық өмірі мен еңбегін, ой-арманын жырлайды.
  Ақынның Отанға деген сүйіспеншілік сезімін Ұлы Отан соғысы жылдары жазған  өлеңдерінен байқауға болады.  Нұркен мен Төлегенге, Мартбек пен Мәлікке арнап жазылған өлеңдерінен осы батырлардың қуанышы мен ренішін, олардың жауынгерлік сезімін, қайтпас қайсар мінезін, жауға деген жек көру сезімін көргендей боласыз.
Қайып Айнабеков тек қана өлең жазып қана қоймай этникалық жанрға да көңіл бөледі.  Оның  айғағы ретінде «Қолаң» дастаны мен шағын көлемді «Алып туралы ертегі» поэмасын алуға болады.  Алғашқысына  Қолаң мен Кертінді (шын аты Абзал)  ру аралық  тартыстың құрбаны болған екі ғашық оқиғасы арқау болса, соңғысы өзіміздің облыс орталығымыз Қарағандыға арналған.  Ақын  қаланың өткен тарихы мен сол кездегі тынысын суреттейді.
Қайып Айнабеков айтыс ақыны ретінде де белгілі.  Қарқаралы ақыны Сәбит Әзденбаевпен айтысы «Қарқаралы – Нұра аудандары ақындарының айтысы»  деген атпен 1943  жылдың «Еңбек майданы» басылымының беттерінде жарияланады.    Ол 1943 жылы өткен Қарағанды ақындарының алғашқы айтысын бастайды.  Ол Қарағанды  шахтерлерінің ерлік еңбегін жырлайды.  Осы жылы Қазақстан Жазушылар Одағына мүше болады.  Оның таңдамалы шығармалары 1951 жылы «Өлеңдер» деген атпен баспадан жарық көреді.
Қайып Айнабеков сонымен қатар ауыз әдебиеті нұсқаларын, мақал-мәтелдерді, аңыз-әңгімелерді  да жинастырумен айналысады.  Шешендік сөздерді жатқа айтатын, жақсы жыршы, әрі әңгімеші  болған.
Қайып  туралы Бүркіт Ысқақов былай дейді: «Қарағандылық  халық ақыны Қайып Айнабеков өзіндік өлең өрнегі, суреттеу мәнері бар, өзінше ой топшылай білетін ерекше дарын иесі еді.  Өзі  көтерген  қандай да бір тақырыпты болмасын жалпы сарынмен, ескі сүрлеумен кетпей, оны өзінше түсініп, өзінше шешіп жырлайтын.  Сондықтан да  оның ақындық үні өз тұрғылыстарынан өзгеше, соңы да тың естілетін».
1955 жылы қаңтар айында 70 жасында қайтыс болады.  Қарт  ақын қайтыс болған жылы, Асқар Тоқпановтың құрастырумен «Шығармалар» атты жинағы 1955 жылы жарық көреді.  Бұл кітапқа ақынның өлеңдері, дастандары, мақал-мәтелдері енгізіліпті. Осыдан кейін көп жылдарға дейін ақынның мол мұрасы  баспа бетін көрмепті.  Мерейтойларына   ғана  байланысты  мерзімді басылымдар беттерінде бір-екі өлеңінен ғана жарияланып тұрады.  Тек  ақынның 120 жылдығына орай, ақынның мұрасы ұмыт болып кетер ме екен деген ой туындай бастаған кезде,  Қарағанды маңызды білім беретін «Болашақ» институтының баспасынан «Нұрлы Нұра Қайыбы» атты жинағы шығарылады.   Бұл   жинаққа   Қ.Айнабековтің  шығармаларымен қатар өмірі мен шығармашылығына  зерттеу жасаған белгілі филолог-ғалымдар, ақындардың Т.Сыдықов, Ж.Бектұров, Б.Ысқақов, С.Дәуітова, З. Рахымбекованың мақалалары енгізілген. 
Жергілікті  «Нұра» газетінің беттерінде де  әр жылдары Махмет Теміровтың, осы басылымның бұрынғы редакторы Дыбыс Ахметовтың, өлкетанушы Ю. Поповтың   халық ақыны Қайып Айнабеков туралы жазған  мақалалары жарияланып тұрды.

Гордиенко, Л. Кайып Айнабеков//Нұра. - 1998.

© 2013 Нұра орталықтандырылған кітапханалар жүйесі
Әзірлеуші және қолдаушы: Интернет-компания Creatida
Яндекс.Метрика