Нұра ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі
Нұра орталықтандырылған кітапханалар жүйесі

Ай кітабы

Әлімжанов Ә. Ұстаздың оралуы, Жазушы, Махамбеттің жебесі: Романдар (Орысшадан аударған: С. Муратбеков пен Т. Жанұзаков. – Алматы: Жазушы, 1981.-544 б.

Дж.  Неру атындағы халқаралық сыйлықтың, Қазақ ССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Әнуар Әлімжановтың «Ұстаздың оралуы» атты бір томдық жинағына тарихи тақырыпқа жазылған «Ұстаздың оралуы», «Жаушы», «Махамбеттің жебесі» атты шығармалары еніп отыр.

            «Ұстаздың оралуы» романында орта ғасырларда өмір сүрген Ұлы ғалым әл-Фарабидің тарихи бейнесін жасаған.

Қазақстанның өз еркімен Россияға қосылуының 250 жылдығына арналып жазылған «Жаушы» романында қазақ халқының1723 жылдың көктеміндегі жоңғар шапқыншылығына қарсы ұлт-азаттық көтерілісі суреттеледі.

«Махамбеттің жебесі» романы Исатай Тайманұлымен бірге қазақ халқының 1836-1838 жылдардағы ұлт-азаттық көтерілісін басқарған ардагер ақын Махамбет Өтемісұлының тарихи тулғасын сомдауға арналған.

 

Анонс

Іс-шаралар анонсы шілде 2020 жыл


Іс-шаралар анонсы

27.07 – 31.07. 2020 жыл.

Көпшілік жұмыс

Уақыты

«Өзің оқы, өзгемен бөліс!»  онлайн букроссинг. Жараспай ауылдық кітапханасы.

27.07.2020

Библопост  «Дін тәрбие бастауы». Баршын ауылдық кітапханасы.

27.07.2020

Ақпараттық пост «Короновирусқа қарсы әрекеттер немесе карантин кезінде өзін қалай ұстау керек». Тассуат ауылдық кітапханасы.

27.07.2020

Коронавирустың алдын алу туралы «Нұра» газетіне мақала жазу. Изенді ауылдық кітапханасы.

27.07.2020

«Қазақстан – алма мен Қызғалдақ отаны» - қызықты хабарламалар сағаты. Ахметауыл ауылдық кітапханасы.

27.07.2020

«Ұлы даланың Ұлы тұлғасы ұлтымыздың мақтанышы Әбу Насыр Әл-Фарабидің туғанына 1150 жыл» толуына орай «Фараби ғибратты ғалым» бейнеролик. Ақмешіт ауылдық кітапхана.

28.07.2020

«Құлақтан кірап бойды алар» Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған бейнеролик. Кертінді ауылдық балалар кітапханасы.

28.07.2020

«Деңсаулық сенің байлығын» оқырмандар назарына Covid19 індеті жайлы ұсыну/библиопост. Баршын ауылдық кітапхана.

28.07.2020

«Ертегілер әлемінде». Көрме – саяхат. Шахтер ауылдық кітапханасы.

28.07.2020

«Ұлы Абай» Абай Құнанбаев жайында онлайн викторина. ОБК.

29.07.2020

«Дүниенің ең үздік дәрілері»

библиопост. Изенді ауылдық кітапхана.

29.07.2020

«Мейрамдардың сұлтаны Құрбан айт». Онлайн әңгіме. Егінді ауылдық кітапхана.

29.07.2020

«Құрбан байрам дегеніміз не? Мерекенің ерекшеліктері?» Библиопост. Тассуат ауылдық кітапханасы.

29.07.2020

«Мәдени мұра-біздің басты байлығымыз «. Бейне – круизі. ОАК.

30.07.2020

«Коронавирус (Пандемия) қаншалықты қауіпті» атты бейнеоролик. Мұзбел ауылдық кітапхана.

30.07.2020

«Абайлаңыз, вирус!»  Кітапхана оқырманынан бейне ақпарат. Кобетей БК.

30.07.2020

«Коронавирус - 21 ғасыр ауруы». Презентация Ахметауыл ауылдық кітапханасы.

30.07.2020

«Құрбан-байрам қасиетті мерекесі-ол туралы не білеміз?» Ақпарат күні . Кобетей ДБ.

31.07.2020

 


Авторландыру

Бүркіт Ысқақов

Қаралды (8485)

Ғасырдан ғасырға жалғасып жатқан халқымыздың ең үлкен дәулеті оның рухани байлығы. Еліміздің мерейін өсіруге, еңбектерін жан аямай жасаған арыстарымыз баршылық. Осындай ардақтыларымыздың бірі атақты жерлесіміз, белгілі ақын және әдебиетші ғалым Бүркіт Ысқақов болатын. Ақын ағамыз тірі болғанда биыл 85 жасқа келер еді. Ол өзіміздің Нұра ауданының Көкмөлдір ауылында 1924 жылы 4 – ші қарашада дүниеге келген. Оның оқуға зеректігі, сөз түсінер пайымы, өнерге деген ынтасы ерте аңғарылады.
      Білімге деген құштарлығы арқасында Бүркіт Ысқақов 1940 жылы Қарағандының екі жылдық мұғалімдер институтына келіп оқуға түседі. Мұнда соғыс жылдары Ресейдің орталық қалаларынан келген атақты оқытушылар, профессорлар сабақ берген екен. Ал профессор П.С.Богуславскийдің Бүркіт туралы: «Біздің курста Ысқақов деген студент оқиды. Ол емтиханнан бүркітше самғап ұшып өтті» деуі өзінің зерек шәкіртіне деген ризашылығын байқатады.    
   Ол 1942 жылы институтты бітіргеннен кейін әскер қатарына алынып, Ұлы Отан соғысына қатысады. Одан аман–есен оралғаннан кейін Бүркіт Ысқақов Қазақ университетінің тарих–филология факультетіне оқуға түсіп, оны кейіннен белгілі болған жазушылар Ә.Нұршайықов, М.Дүйсенов, А.Байтұрсыновтармен бірге ойдағыдай бітіріп шығады. Белгілі ғалымдар Е.Ысмайлов, Б.Кенжебаев сияқты ұстаздардың кеңесімен Бүркіт Қазақ КСР Ғылым академиясының аспирантурасына түседі, «Қазақ балалар әдебиетінің даму жолдары» деген тақырыпта диссертация жазады.
      Әдебиеттің түрлі жанрларында қалам тартып, жүрген талант иесін жұртшылық алдымен ақын ретінде таныды. Оның алғашқы шығарған «Ақын болғым келеді», «Ана туралы жыр» деген өлеңдері бірінші рет «Қарағанды комсомолы» газетінде жарияланды.  Бүркіт  Ысқақов Қарағанды облыстық газетіне әдеби қызметкер республикалық «Пионер», «Білім және еңбек» журналдарында бөлім меңгерушісі. «Лениншіл жас» газетінің жауапты хатшысы болып журналистік қызмет атқарды. 
     1951 жылы жаппай қудалау мен қуғын тұсында «Үкіметке қарсы үгіт таратып жүр» деген жаламен Бүркіт Ысқақов жазықсыз тұтқынға алынып, жиырма бес жылға бас бостандығынан айырылады.
     Ақынның шығармалары негізінен 1938 жылдан бастап баспасөздерде жарық көре бастады. Ал оның тұңғыш өлеңдер жинағы «Сенің Отаның» деген атпен 1958 жылы баспадан басылып шықты. Қарғандылықтардың еңбектегі ерліктерін жырлайтын «Москваны тындаймын», «Жылдар жырлайды», «Шабыт шуағы», «Өлеңді жылдар», «Шындық дауысы» деген поэзиялық жинақтары жақсы бағаға ие болды.Сонымен бірге Бүркіт Ысқақов «Қазыналы Қарағанды», «Арқаның алып жүрегі», «Нұрлы Нұра бойында» көркем очерктердің авторы. Ақын аудармашы ретінде де белгілі. Ол  А.С. Пушкин, М.Ю. Лермонтов, В.В Маяковский, И. Франков, Назым Хикметтің, Самед Вургуннің, Сайфи Құдаштардың шығармаларын қазақ тіліне аударуға қатысты. Ал әдебиетті зерттеу саласында «Қазақ – театр әдеби байланысы» және «Қазақ – башқұрт әдебиет қатынастары тарихынан» тақырыптарында монографиялар жазды.
       Бүркіт Ысқақовтың өлеңмен жазған «Қарлығаштың құйрығы неге айыр» деген аңызы бойынша 1966 жылы қазақтың тұңғыш мультфильмі жасалды. Фильм көрермендер тарапынан үлкен жоғары бағаға ие болып, аймақтық және басқа да байқауларда да жүлделі орындарды жеңіп алып бүкілодақтық экранға қабылданды. Ал 1975 жылы Американың Нью – Йорк қаласында өткен мультфильмдерің халықаралық фестивалында да бұл шығармаға сыйлық берілді.
       Ақынның шығармалары тәрбиелік мәндеріне лайықты іріктеліп мектептердің оқулықтары мен балалар әдебиетінің хрестоматияларына беріліп келеді. Оларда тұрмыс – салт, ұлттық дәстүр, әдеп өлшемдері үлгілері қырынан айқын көрініп жүр.
       Бүркіттің тағы да бір ерекшелігі – достарына деген адалдығы. Мысалы, қиын – қыстау кезінде жазылған «Қайран Нұра» деген өзінің өлеңінде бірге өскен жолдастары Құдыман Халықбергенов, Дәулетбек Әкімбеков, Жүсіп Сүлейменов және басқа да жолдастары  туралы жылы лебізбен жазады.                                                                
Әдебиетші–ғалым ретінде бірнеше монграфиялық еңбектер жазды. «Қазақ әдебиетінің Жайық жағасында тұратын халықтар» творчествосымен рухани байланыстары» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғауына санаулы күн қалғанда, 1991 жылы  дүниеден өтті.  

1. Темирұлы, М.
Елім деп еңіреп туған ер еді.//Нұра. – 2008.- 21 маусым. 


2. Ибрагимова, Л. 
Поэт и гражданин//Индустриальная Караганда. - 2005.- 20 янв.

© 2013 Нұра орталықтандырылған кітапханалар жүйесі
Әзірлеуші және қолдаушы: Интернет-компания Creatida
Яндекс.Метрика