Нұра ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі
Нұра орталықтандырылған кітапханалар жүйесі

Ай кітабы

Әлімжанов Ә. Ұстаздың оралуы, Жазушы, Махамбеттің жебесі: Романдар (Орысшадан аударған: С. Муратбеков пен Т. Жанұзаков. – Алматы: Жазушы, 1981.-544 б.

Дж.  Неру атындағы халқаралық сыйлықтың, Қазақ ССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Әнуар Әлімжановтың «Ұстаздың оралуы» атты бір томдық жинағына тарихи тақырыпқа жазылған «Ұстаздың оралуы», «Жаушы», «Махамбеттің жебесі» атты шығармалары еніп отыр.

            «Ұстаздың оралуы» романында орта ғасырларда өмір сүрген Ұлы ғалым әл-Фарабидің тарихи бейнесін жасаған.

Қазақстанның өз еркімен Россияға қосылуының 250 жылдығына арналып жазылған «Жаушы» романында қазақ халқының1723 жылдың көктеміндегі жоңғар шапқыншылығына қарсы ұлт-азаттық көтерілісі суреттеледі.

«Махамбеттің жебесі» романы Исатай Тайманұлымен бірге қазақ халқының 1836-1838 жылдардағы ұлт-азаттық көтерілісін басқарған ардагер ақын Махамбет Өтемісұлының тарихи тулғасын сомдауға арналған.

 

Анонс

Іс-шаралар анонсы шілде 2020 жыл


Іс-шаралар анонсы

07.07 – 10.07. 2020 жыл.

Көпшілік жұмыс

Уақыты

«Әсем қала, арман қала» атты видеоролик. Мұзбел ауылдық кітапхана.

07.07.2020

«Нұрсұлтан – астанасы елімнің» фото-көрме Ахметауылдық кітапхана.

07.07.2020

«Мемлекет астанасы-ел мақтанышы» Библиопост. Тассуат ауылдық кітапханасы.

07.07.2020

«Еуразия төрінде» виртуалды кітап көрмесі. Заречный ауылдық кітапханасы.

07.07.2020

«Бұл есім бәріне таныс» онлайн-презентация. Егіндікөл ауылдық кітапханасы.

07.07.2020

«Нұр-Сұлтан-арман қала»  фотоқұттықтау. Изенді ауылдық кітапхана.

08.07.2020

«Рухани жаңғыру – дәуір талабына сай жаңғыру» библиопост. Ақмешіт ауылдық кітапхана.

08.07.2020

«Елін ертеңіне жетелген Елбасы» видеопортрет Көбетей ауылдық балалар кітапханасы.

08.07.2020

Фотогаллерея  «Қазақстан астанасының көрнекті орындары». Заречный ауылдық кітапханасы.

08.07.2020

«Күйші, композитор,домбырашы, шертпе күй орындаушылық мектебінің  негізін қалаушылардың бірі Тәттімбет Қазанғапұлының  туғанына  205 жыл» видео шолу. Жараспай ауылдық кітапхана.

09.07.2020

Сөзжұмбақ «астана». Изенді ауылдық кітапхана.

09.07.2020

«Мамандық - өмір таңдауы» -  виртуалды кітап көрмесі. АБК.

09.07.2020

«Аулақ бол жаман әдеттен»-шақыру көрме, Ахметауылдық кітапхана.

09.07.2020

«Достопримечательности столицы» Фото карусель. С кратким описанием. Тассуатская сельская библиотека.

09.07.2020

«Кітап атауын тап» сөзжұмбақ. Изенді вуылдық кітапхана.

10.07.2020

«Латын әліпбиіне көшу- күттірмес мәселе» библиопост. Мұзбел ауылдық кітапхана.

10.07.2020

Алтын Орда хандығына 750 жыл Алтын орда сауалнамасы. Жараспай ауылдық кітапхана.

10.07.2020

«Коронавирус. Ауру туралы білу маңызды»  Слайд-шолу. Кобетей балалар кітапханасы.

10.07.2020

 


Авторландыру

Махмет Темірұлы

Қаралды (3312)

1923 жылы Амантауда дүниеге келген.5 жасында байларды тәлкілей бастаған кезде әкесі көшіп Ұлыкөл, Қарағандыны бетке алып, осы балықшы өңіріне келіпті. Малды ортаққа алған сон әйгілі колхоздастыру әуелі малға, сонан соң жанға қырғын әкелді. Жаңаарқадан аштыққа ұшырағандар келе бастайды.1932 жылы Балықшыға дейін аштықтан қырылған  халықты көзбен көреді. Жолшыбай көмілмей жер үстінде қалған қарға құзғынға жем болғаны Ахаңның өміріне мөр салғандай болады. 1941-1946 ға дейін соғыста қан кешкен кездері болды. Азапты күндерді бірге кешкен Бүркіт Ысқақов екеуінің жұбы жазылмай, бірге өсіп,өмірдің ащысы мен тәттісін бірге бөліскені аян. Екеуі Қарағанды мұғалімдер институтына бірге түседі. 1946 жылы университеттің 3 курсына алады. Келесі жылы оқуларын бітіріп,журналдарда жұмыс істейді. Қырқыншы жылдардың орта шеңінде бір топ жастар ЕСЕП - елін сүйген ерлер партиясын ұйымдастырған. Соның ішінде кейін  белгілі ақын, ғалым болған Бүркіт Ысқақовпен бірге жас өрім Махмет те болды.
1950 жылдың желтоқсанында «Правда» газетінде Шойынбаев, Айдарова және Якуниндердің « Қазақстан тарихы мәселелерін маркстік–лениндік тұрғыдан баяндайық» деген мақаласы жарияланды. Мақалада Ермұқан Бекмахановтың «XIX ғасырдың 20-40 жылдарындағы Қазақстан» деген кітабы қатты сыналған. Бұл мақаланы оқыған Махмет: «Қазақстанның келешегі зор жас ғалымдарының бірі Е.Бекмахановқа күйе жағу не деген сұмдық, өскенін өшіргісі келіп тұратын күншілдікті бұл қазақ қашан қояды?...»- деп ызаға булығып,ашына айыптаған болатын.  Міне, осындай үгіті мен өткір пікірі үшін  ақын жерлесімізді 1951 жылдың 18 қаңтарында оған «халық жауы» деген айып тағылып, қамауға алынған.
1951 жылдың 14-15 маусымында ЕСЕП тобын Бүркіт Ысқақов, Рамазан, Айтбай Нарешевтермен бірге  Қазақ КСР Жоғарғы соты РСФСР қылмысты істер кодексінің 11 тармағымен 25 жылға сотталып, қосымша 5 жылға азаматтық құқығынан айрылды. ЕСЕП ұйымының арманы - қазақ елінің басқалармен терезесі тең, адамдарының бақытты болуы еді. Сол бір елін сүйгені үшін халқының ар –намысын, қасіретті халін жеңілдетуді армандаған үшін «халық жауы» атанды. Темір Махметұлы әкеден жалғыз еді. Темірдің ұрпағы өшетін болды,-деп ойлады Темір ағай. Өзіне кесілген әділетсіз жазаны ол Сібірде өткерді, ауыр жұмыстар атқарды. Сібірдің сықырлаған сары аязында, адам төзгісіз жұмыстан талай азамат құрбан болды. Қаһарлы Сталин өлгеннен кейінгі «жылымық» жылдары жас жігіттің тағдырын күрт өзгертті.
1956 жылдың тамызында лагерден босатылды. Еліне аман – есен оралған соң М.Темірұлы 1956 жылдан былай қарай зейнеткерлікке шыққанша Нұра ауданының Көбетей ауылындағы орта мектепте ағылшын, неміс тілдерінен дәріс берді. Махмет Темірұлының шығармашылық еңбегі 1987 жылы басталды. Кеш бастаған себебі ол аңдуда болды. Кейін де әбден ақталып қолына қалам алып, жазуға отырған Махмет Темірұлы ештеңеден құр қалмады. Оның жүрегін толқытқан ойлары,аңыз-толғау мысалдары,поэмалар мен дастандары аудандық, облыстық газеттерде,Қазақстан жазушыларының әдеби-көркем, қоғамдық саяси, аймақтық «Сарыарқа» журналында жарияланды. 1996,98,2000 жылдары үш бірдей кітабы: «Қилы кезеңдер» - дастандар мен поэмалар, «Арман мен азап»- естелік және «Қуан қазақ  азаттық алғанына» - өлеңдер жинағын жарыққа шығарды.
2006 жылы Махмет Теміұлы Қазақстан Жазушылар Одағының мүшелігіне қабылданды.
Сібірдегі жан түршігерлік лагерь хикаясын ол өзінің «Арман мен азап» деген естелігінде баяндайды. Мұнда  біз бір ғана ақын  тағдыры емес, бүкіл қазақ елінің тағдырын, сол кезде опат болған бар халықтың тағдырын айнымай танимыз. Жалпы ақынның көп еңбегі сол азапты жылдарға арналған. Сонымен бірге халық тағдыры да, ақынның поэзиясынан берік орын алған. Әсіресе, 1932 жылғы ашаршылық, халық басына түскен нәубет ақынды қатты толғандырды. Қазақ еліндегі бұл қасірет, мешін жылы болған еді. Осы бір тарихта қалған күйзеліске ол «Мешкей мешін» деген поэмасын арнады.
Ақын поэзиясының әлемі әр түрлі тақырыптарды қозғайды, оларға мән беріп, өзінің ой-пікірін қосады. Мысалы «Аққуды атқан- азалы» поэмасында Махмет Темірұлы шынайы махаббат пен достықты жырласа, « Жандар батыр» деген дастанында халық жанашыры Жандар ертедегі эпостардың бас кейіпкерлері тәрізді өзінің батылдық қасиетімен бейнеленіп, қалың жұрттың құрметіне бөленген.  Сонымен бірге «Аққуды атпас болар», «Тілеймін бақыт халқыма», «Кенейханның қайғысы» деген көлемді толғаулармен жұртшылық кенінен таныс. 
Махмет Теміұлының лирикаға толы өлеңдері де баршылық. Олар: «Ауыл таңы», «Аққулы көлде», «Көбетей тойы» «Баянды бақыт қонсын қазағыма» «Көңіл күйлері». Өлеңдері тілге жеңіл, терең ойлы, тебіреніске толы шындықпен үндескен. Поэмаларында, толғауларында, лирикалық өлеңдерінде ақын халық поэзиясының жақсы үлгілерін дамыта түседі, ойлы сөздер,жаңа теңеулер қолданады.Талай өлеңдері мен поэмаларын қарша боратып жазушының өзі көпшіліктің көкейкесті арманымен сабақтасып жататыны бір ғанибет.
  Махмет Темірұлының оқытқан қаншама оқушылары қазір әр түрлі салаларда жемісті қызмет атқарып жүр, ал ұстаздық кәсібімен айналысыпжүрген мұғалімдері де баршылық. Бұл да болса ұлағатты ұстаздың еңбегінің  мәуелі жемісі.
Махмет Темірұлы нұралықтарға, жалпы жыр сүйер қауымға кейінгі жылдар ішінде белгілі ақын ретінде танылып отыр.
Ұлғайған жасына қарамай  Махмет Темірұлы қазір қайта қанаттанып, жаңа шабытпен өлеңдерін жазып жерлестерін қуантуда.

1.Алибекова, Г.Қ. 
Алаш асылдарын жырлаған ақын: мерейтой//Нұра.- 2013.- 12 қазан. – Б.5

2.Закарина, Г. 
Имя акына возвращено народу: писатели-нуринцы//Нұра.-1999. – 2,3,4 тамыз.

© 2013 Нұра орталықтандырылған кітапханалар жүйесі
Әзірлеуші және қолдаушы: Интернет-компания Creatida
Яндекс.Метрика