Нұра ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі
Нұра орталықтандырылған кітапханалар жүйесі

Ай кітабы

Астана.Путеводитель / Составитель Р.Турлынова. – Астана: Фолиант, 2018. – 144 с.
Астана.Путеводитель / Составитель Р.Турлынова. – Астана: Фолиант, 2018. – 144 с.
Астана бойынша жол көрсеткіш Қазақстанның астанасына сапардың барлық ерекшеліктерін көрсетеді: Қазақстанға қалай жету ыңғайлылығы, жетуді тиімді жоспарлау, Ескі қала мен Сол жағалаудың көрнекі жерлерін, мейманханалар мен мейрамханалар, барлар мен кинотеатрлар - барлығын осы басылым арқылы оңай табуға болады.

Анонс

Іс-шаралар анонсы шілде – 2019 ж.


Көпшілік жұмыс

Уақыты

1.

 Экспресс-шолу «Домбыраның ғажайып әлемі»

01.07.19

2.

 Бейне круиз «Столица, которой можно гордиться»

05.04.19

3.

Ақпараттық сағат  « Жолдау. Жаңа талап. Жаңа серпін»

11.07.19

4.

Библиофреш « Жаңа кітаптар әлемінде»

17.07.19

5.

Эко-вернисаж «Табиғат суретшілер көзімен»

22.07.19

6.

Әдеби кеш «Халқым деп соққан жүрегі»  (Ж.Аймаутовтың - 130 жылдығына арналған)

29.07.19

7.

 Экспресс-шолу «Домбыраның ғажайып әлемі»

01.07.19

 

Көрнекілік насихат

 

1.

Кітап көрмесі  «Бір күй бар домбырамда»

28.06-01.07.19

2.

Көрме-панорама «Архитектурные шедевры Астаны»

03.07.19

3.

Көрме-вернисаж «Танысыңыз: туған өлкенің таланттары»

15.07.19

 


Авторландыру

Қабыкен Мұқышев

Қаралды (4584)

сканирование0015Қабыкен Мұқышев (1920-1976) - Қарағанды облысы, Нұра ауданы, Балықты деген жерде дүниеге келген. Орта білімді өз ауылында алды. Бұдан соң Абай атындағы Қазақ педагогика институтының тіл және әдебиет факультетінде оқиды. 1940 жылы Нұра ауданының орталығындағы қазақ орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиетінен сабақ берді. 1944 — 1949 жж. Қарағанды мемлекеттік педагогикалық институтында аға оқытушы болып істеді. 1950 — 1960 жж. Қарағанды, Ақмола, Алматы облыстарының ауыл-селолық мектептерінде мұғалімдік қызмет атқарды. Кейін таза шығармашылық жұмыспен айналысты.
Өлеңді институтта оқып жүрген кезінен жаза бастаған. Балаларға арналған бірнеше жыр кітаптары, пьесалары жарық көрді. 1959 жылы поэмалар жинағы басылып шықты. Бұған «Аппақ туралы аңыз», «Өкініш», «Достоевский туралы аңыз», «Гүлсім» атты төрт поэмасы енді. Ақын туындылары 1971 жылы орыс тілінде жеке кітап болып басылды. 1972 жылы таңдамалы шығармалар жинағы жарыққа шықты. Әр жылдар баспадан жарық көрген шығармалары: Алтын арқа. Өлеңдер. А., ҚМ КӨБ, 1948; Жақанның арманы. Поэма. А., ҚМКӘБ, 1956; Кірпі мен сұрмойнақ. Суретті кітапша. А., ҚМКӘБ, 1958; Көршілер. Өлеңдер. А., ҚМКӘБ, 1960; Екі мысық. Суретті кітапша. А., ҚМКӘБ, 1963; Мысық неге етіксіз? Суретті кітапша. А., «Жазушы», 1965; Поэмалар. А., «Жазушы», 1970; Құзар шыңдар. Өлеңдер мен поэмалар. А., «Жазушы», 1972; Дана мен бала. Өлеңдер мен поэмалар.   

1.Темирұлы, М.
Елім деп еңіреп туған ер еді.//Нұра. – 2008.- 21 маусым.

2.Ибрагимова, Л.
Поэт и гражданин//Индустриальная Караганда. - 2005.- 20 янв.

© 2013 Нұра орталықтандырылған кітапханалар жүйесі
Әзірлеуші және қолдаушы: Интернет-компания Creatida
Яндекс.Метрика