Нұра ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі
Нұра орталықтандырылған кітапханалар жүйесі

Ай кітабы

Астана.Путеводитель / Составитель Р.Турлынова. – Астана: Фолиант, 2018. – 144 с.
Самоучитель английского языка для начинающих + СD / С.А. Матвеев. – Москва: АСТ, 2014. - 351с.
Ағылшынша өз бетімен үйрену қарапайым және қолжетімді курсы. Оқу құралы 3 бөлімнен және қосымшадан тұрады. Бірінші бөлімде сіз қажетті грамматикалық ақпаратты, сонымен қатар дискіде тындауға болатын ағылшын тілінің қысқаша фонетикалық курсын таба аласыз. Екінші бөлімде сіз алған білімдерді практикалық қолдану мүмкіндіктерімен танысасыз. Үшінші бөлімде тиісті тақырыптар .бойынша көптеген қызықты диалогтарды ұсынады, оларды дискіде тыңдауға, оқуды, айтылымды және аударманы орындауға болады. Бұл оқу құралы ағылшын тілінің негіздерін меңгеруге, кедергілерді еңсеруге және сөздік тілін толықтыруға көмектеседі.

Анонс

Іс-шара анонсы Қазан – 2019 жыл


 

Көпшілік жұмыс

 

Уақыты

1

«Поэзиядағы, музыкадағы, бейнелеу өнеріндегі күз»

02.10.19

2

Өлеңдер сайысы «Сәкен - жырдың сарқылмас дариясы» Сәкен Сейфуллиннің 125 жылдығына арналған

15.10.19

3

Актуалды диалог  «Рухани келісім әлемі»

18.10.19

4

Көрме «» А.Нүрпейісовтың 90 жылдығына арналған

22.10.19

5

Акция «Бір ел- бір кітап»

25.10.19

6

Флешмоб  «Кітапқа құрметпен»

29.10.19

 

Көрнекілік насихат

 

1

Таңғажайып әлем!»

01.10.19            

2

 Көрме-ақпарат «Стратегия-2050: дамудың жаңа стратегиясы»

Тоқсан бойы

3

Көрме шақыру  «Жат ағымнан аулақ бол»                                     

07.10.19

4

Кітап көрмесі «Духовность – путь к миру и согласию»

14.10.19


Авторландыру

Қабыкен Мұқышев

Қаралды (4779)

сканирование0015Қабыкен Мұқышев (1920-1976) - Қарағанды облысы, Нұра ауданы, Балықты деген жерде дүниеге келген. Орта білімді өз ауылында алды. Бұдан соң Абай атындағы Қазақ педагогика институтының тіл және әдебиет факультетінде оқиды. 1940 жылы Нұра ауданының орталығындағы қазақ орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиетінен сабақ берді. 1944 — 1949 жж. Қарағанды мемлекеттік педагогикалық институтында аға оқытушы болып істеді. 1950 — 1960 жж. Қарағанды, Ақмола, Алматы облыстарының ауыл-селолық мектептерінде мұғалімдік қызмет атқарды. Кейін таза шығармашылық жұмыспен айналысты.
Өлеңді институтта оқып жүрген кезінен жаза бастаған. Балаларға арналған бірнеше жыр кітаптары, пьесалары жарық көрді. 1959 жылы поэмалар жинағы басылып шықты. Бұған «Аппақ туралы аңыз», «Өкініш», «Достоевский туралы аңыз», «Гүлсім» атты төрт поэмасы енді. Ақын туындылары 1971 жылы орыс тілінде жеке кітап болып басылды. 1972 жылы таңдамалы шығармалар жинағы жарыққа шықты. Әр жылдар баспадан жарық көрген шығармалары: Алтын арқа. Өлеңдер. А., ҚМ КӨБ, 1948; Жақанның арманы. Поэма. А., ҚМКӘБ, 1956; Кірпі мен сұрмойнақ. Суретті кітапша. А., ҚМКӘБ, 1958; Көршілер. Өлеңдер. А., ҚМКӘБ, 1960; Екі мысық. Суретті кітапша. А., ҚМКӘБ, 1963; Мысық неге етіксіз? Суретті кітапша. А., «Жазушы», 1965; Поэмалар. А., «Жазушы», 1970; Құзар шыңдар. Өлеңдер мен поэмалар. А., «Жазушы», 1972; Дана мен бала. Өлеңдер мен поэмалар.   

1.Темирұлы, М.
Елім деп еңіреп туған ер еді.//Нұра. – 2008.- 21 маусым.

2.Ибрагимова, Л.
Поэт и гражданин//Индустриальная Караганда. - 2005.- 20 янв.

© 2013 Нұра орталықтандырылған кітапханалар жүйесі
Әзірлеуші және қолдаушы: Интернет-компания Creatida
Яндекс.Метрика