Нұра ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі
Нұра орталықтандырылған кітапханалар жүйесі

Ай кітабы

Әлімжанов Ә. Ұстаздың оралуы, Жазушы, Махамбеттің жебесі: Романдар (Орысшадан аударған: С. Муратбеков пен Т. Жанұзаков. – Алматы: Жазушы, 1981.-544 б.

Дж.  Неру атындағы халқаралық сыйлықтың, Қазақ ССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Әнуар Әлімжановтың «Ұстаздың оралуы» атты бір томдық жинағына тарихи тақырыпқа жазылған «Ұстаздың оралуы», «Жаушы», «Махамбеттің жебесі» атты шығармалары еніп отыр.

            «Ұстаздың оралуы» романында орта ғасырларда өмір сүрген Ұлы ғалым әл-Фарабидің тарихи бейнесін жасаған.

Қазақстанның өз еркімен Россияға қосылуының 250 жылдығына арналып жазылған «Жаушы» романында қазақ халқының1723 жылдың көктеміндегі жоңғар шапқыншылығына қарсы ұлт-азаттық көтерілісі суреттеледі.

«Махамбеттің жебесі» романы Исатай Тайманұлымен бірге қазақ халқының 1836-1838 жылдардағы ұлт-азаттық көтерілісін басқарған ардагер ақын Махамбет Өтемісұлының тарихи тулғасын сомдауға арналған.

 

Анонс

Іс-шаралар анонсы мамыр -2020 жыл


2020 жылы мамырдың  11-нен – 16 на дейінгі аралықта өткізілетін іс-шаралар анонсы 

Көпшілік жұмыс

Уақыты

Онлайн-өтінімдер бойынша оқырмандарға қызмет көрсету (Күн сайын)

 

Виртуалды кітап көрмесі «Өлмейтұғын артында сөз қалдырған» (АОК)

11.05.20

Пайдалы тандау «Улы жәндіктерден қалай сақтанамыз» (АБК)

11.05.20

«Мерзімді басылымдар» онлайн таныстырылымы (Жараспай ауылдық кітапханасы)

11.05.20

«Ел рухын көтерген ер» Касым Кайсенов-библиопост. (Изенді ауыллдық кітапхана)

11.05.20

«Елін сүйген қорықшы» Ерлан Нұрғалиев өмірбаяны бейнеролик (Мынбаев ауылдық балалар кітапханасы)

11.05.20

«Қазақ хандары – халық қорғандары» қазақ хандығының тарихы туралы библио-глобус ( Ахмет ауылдық кітапханасы)

11.05.20

«Абай туралы сөз» ақынның 175 жылдығына орай (Тассуат ауылдық кітапханасы)

11.05.20

Қабдеш Жұмаділов «Дарабоз» кітабын оқуға ұсыныс (Көбетей ауылдық кітапхана)

11.05.20

«Ертегілер елінде» виртуалды кітап көрмесі (Кертінді балалар кітапханасы)

11.05.20

 Әлімжанов Әнуар Тұрлыбекұлы – жазушы, Қазақстанның халық жазушысы, туғанына 90 жыл (1930-1993) виртуалды кітап көрмесі «Әнуар – әлемі» (Жараспай ауылдық кітапханасы)

12.05.20

«Қазақтын қаһарман ұлы». Н.Әбдиров-библиопост. (Изенді ауылдық кітапханасы)

12.05.20

Нығмет Нұрмақұлы Нұрмақовтың туылғанына 125 жыл толуына орай «Өз елін сүйген тұлға» атты бейнеоролик (Ақмешіт ауылдық кітапханасы)

12.05.20

«Туған өлке туралы айтатын кітаптар» әдеби круизі (Байтуған ауылдық кітапханасы)

12.05.20

«Дархан халықтың дана Абайы» виртуалды кітап көрмесі (Кертінді ауылдық кітапханасы)

              12.05.20

«Мен сіздерге соғыс туралы айтамын...» Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 - жылдығына арналған. (Қарой ауылдық кітапханасы)

12.05.20

 «Журналдар әлемі»  библиофреші (ОАК)

13.05.20

«Сапарғали Бегалиннің шығармашылығына саяхат» викторина (АБК)

13.05.20

«Жараспайлық жас шайыр»  Жараспайлық жас ақын Ерболат Қуатбековтің өмірі мен өнеріне шолу (Жараспай ауылдық кітапханасы)

13.05.20

Ақындық минуттар Молдағалиев Ж."Әлия". Көбетей балалар кітапханасы)

13.05.20

М. Әуезов шығармашылығының шыңы – «Абай жолы» роман – эпопея (Заречный ауылдық кітапханасы)

13.05.20

«Ұлы халықтың - ұлы Абайы» . 175 жыл.  Виртуальная выставка (Егінді ауылдық кітапханасы)

13.05.20

«Жазда не оқу керек!» кіші мектеп жасындағы балаларға арналған кітап көрмесі (Ахметауыл ауылдық кітапханасы)

13.05.20

«Дарынды ақын» Қайып Айнабеков (Көбетей ауылдық кітапханасы)

13.05.20

 «Жақында қандай кітапты оқыдыңыз?» сауалнамасы (Байтуған ауылдық кітапханасы)

13.05.20

«Қазақтың зергерлік бұйымдары». Тұсаукесер (Кертінді ауылдық кітапханасы)

13.05.20

«Ұлы даланың екінші ұстазы» «Әл-Фараби бейнеролик (Кертінді балалар кітапханасы)

13.05.20

Ертегіні сүйетін балалар үшін: орыс халық ертегісі «Маша және аю» бейнеролик (Қарой ауылдық кітапханасы)

14.05.20

« Не ? Қайда? Қашан?». Есірткіге қарсы викторина (АОК)

14.05.20

Шығармашылық конкурс «Абай-дәуірдің тынысы»

14.05.20

«Әкем,шешем және мен-отбасымыз оқырман». Отбасылық оқу-фотогалерея (Изенді ауылдық кітапханасы)

14.05.20

«Соғыс туралы балаларға» мультфильмдер (Көбетей балалар кітапханасы)

14.05.20

«Нуркен Абдиров – прерваный полет...» (Тассуат ауылдық кітапханасы)

15.05.20

Қазақ КСР ҒА академигі, техника ғылымдарының докторы, профессор, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, КСРО Жазушылар Одағының мүшесі Евней Букетовтың туғанына 95 жыл толуына арналған Слайд

15.05.20

Біздің өнеріміздің бай тарихи өткені: Шолохов М. А., 150 жыл. Бейнеролик көрсетіледі. (Егінді ауылдық кітапханасы)

15.05.20

«Саған, кәсіпкер» виртуалды көрмесі (Байтуған ауылдық кітапханасы)

15.05.20

«Ұлылардың  ұлысы – Абай» Абай  Құнанбаевтың  туғанына 175 жыл. (Қарой ауылдық кітапханасы)

15.05.20

 


Авторландыру

Абдолла Асылбеков

Қаралды (2742)

Абдолла Асылбеков 1896 жылы сол кездегі Ақмола уезінің Нұра болысында, Құндызды өзенінің бойындағы Кеңқияқ алқабында, Қарасуда (қазіргі Қарағанды облысының Осакаров ауданындағы (бұрынғы Нұра ауданы) Абдолла Асылбеков атында¬ғы кеңшардың орталығы Богучар селосы¬ның маңында) дүниеге келіпті. Ауылда ашыл¬ған бірінші бастауыш татар медресесіне оқуға түсіп, оны 1913 жылы бітіріп шығады. Содан 1914 жылы Қызылжарға келген Аб¬долла осындағы мұғалімдер даярлайтын қазақ мектебіне түсіп оқиды. Жастар арасында белсенді жұмыс жүргізуге бой ұрады. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісіне араласады. Ақпан төңкерісінен кейін Сәкен Сейфуллинмен бірге Қараөткел (қазіргі Астана) қаласында, жергілікті жерлерде жастарды, жұмыскерлерді ұйымдастыру ісіне кіріседі.
1917 жылдың көктемі. Абдолла Асылбеков – Қызыл гвардия отрядын ұйымдастыру жөніндегі Соғыс Советінің мүшесі. Кеңес үкіметінің азық-түлік комиссары. С.Сейфуллин ұйымдастырған «Жас қазақ» ұйымының мүшесі болған. Ұйым мүшелері халық арасына еркін жетіп, онымен тілдесу, сырласу үшін «Айна» деген журнал шығарды, көп ұзамай «Тіршілік» атты газет дүниеге келді.
1917 жылдың мамыр айында жиыр¬мадан енді ғана асқан Абдолла большевиктер қатарына еніп, өзінің бұдан былайғы тағдырын партиямен берік байланыстырады. Осы тұста Қараөткел атқару комитетінің мүшесі болды. Қазан төңкерісінен кейін Сәкен мен Абдолла әлеумет, саясат майданындағы күресті бұрынғыдан да күшейте түсті. Бірақ 1918 жылы-ақ Ақмоланы ақтар қайта басып алды. Абдолла Сәкенмен бірге тұтқынға түсті. Сонан соң Анненковтың «Азап вагонына» қамап, оларды Омбыға, онан соң Семейге айдады. Онда да тұрақтатпай, қайтадан Омбыға әкелді. Суық вагонда 1,5 ай жүргенде 20 шақты азамат аштықтан, үсігеннен өледі. Омбы лагерінде бұларды сүзек ауруы жайлады. Күрескерлердің көбі осында мерт болды. Абдолланың жаны осы дерттен зорға қалды. Сәкен түрмеден қашып кеткенде ол әл үстінде жатыр еді. Колчак құлардың алдында совдепшілерді Күншығысқа айдады. 1920 жылы Абдолла лагерьден қашып шығып, Қиыр Шығыстағы сарбаз әскерлерге қосылды. Сондағы азамат соғысына қатысты.
1921 жылы 21 наурызда А.Асылбеков Омбыдағы Сиббюроның қарамағына кір¬ді. Ол оны Қызыл Армияның Петропавл, Ақмола, Көкшетау уездеріндегі контрре¬волюциялық көтерілісті басу жө¬ніндегі штаб бастығының орынбасары етіп жіберді. Губком, Губревком мүшесі болып сайланды. Бұдан кейін ҚАССР Халық ағарту комиссариаты саяси ағарту бөлімінің бастығы қызметін атқарады. Сол жылдың маусым айында Қазақ Республикасының сол кездегі астанасы Орынборда Қазақ облыстық (республикалық) партия ұйымының құрылтай конференциясы өткізілді. Қазақстандық коммунистердің осы тұңғыш бас қосуында оған делегат ретінде қатысқан Абдолла Асылбеков облыстық комитеттің мүшесі болып сайланды. Ал келер 1922 жылдың ақпанында өткізілген облыстық екінші партия конференциясында ол облыстық комитеттің екінші хатшысы және РК(б)П ХІ съезіне делегат болып сайланады.
  Абдолла 1923-26 жылдары Тимирязев атындағы Ауылшаруашылық академиясында оқыды. 1926-28 жылдарда егінші – Халық комиссариатында басшылық қызметте жүрді, Қостанай округтік Атқару Комитетінің төрағасы болды. 1928-37 жылдарда Қазақстан Орталық Атқару Комитетінің хатшысы, Қарқаралы округтік, Қарағанды облыстық Кеңестеріі атқару комитеттерінің төрағасы, Қазақ ССР-і жеңіл өнеркәсіп халық комиссарының орынбасары, әлеуметтік қамсыздандыру халық комиссары болып қызмет істеді. 1937 жылы «халық жауы» деген жаламен атылды.
Абдолла Асылбеков қоғам қайраткері ғана емес, жазушы ретінде де белгілі. «Біздің де күніміз туды», «Октябрь күнінде» атты повестері, «Аш-жетімге жәрдемге» және «Қойшылар мен қасқырлар» өлеңдерінің авторы.

"Октябрь күнінде"    Үзінді оқу         
© 2013 Нұра орталықтандырылған кітапханалар жүйесі
Әзірлеуші және қолдаушы: Интернет-компания Creatida
Яндекс.Метрика