Нұра ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі
Нұра орталықтандырылған кітапханалар жүйесі

Ай кітабы

Рамазан Д. Алланың әмірі. Әңгімелер. – Алматы. – «Жазушы», 2008. – 240 б.

Өзіндік қолтаңбасымен елімізге танылып қалған талантты жазушы Думан Әмірғалиұлы Рамазанның бұл жаңа кітабына кезінде республикалық баспасөзде жарияланып, оқырманның ыстық ықыласына бөленген әңгімелері топтастырылған.

Қаламгер бүгінгі күннің қаһармандарын сәтті сомдай отырып, кейіпкерлердің ішкі жан дүниесін қойма қопарғандай ақтара ашып, ой-саналарындағы толғаныс-тебіреністерін білгірлікпен аша білген.

 

Анонс

Іс-шаралар анонсы 13.09.21-19.09.21


Іс-шаралар атауы

Өткізілетін уақыты

1.

Парасат жолы «Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз» бейнеролик. Кертінді үлгілі ауылдық кітапханасы.

13.09.2021.

2.

«Нұрлы Нұраның жаужүрек батыры» М.Сүлейменовтың 100 жылдығына арналған кітапханалық сабақ. Алғабас ауылдық кітапханасы.  

13.09.2021.

3.

Жазушы, әдебиет сыншысы, филология ғылымдарының докторы Сәйділ Омарұлы Талжановтың  туғанына - 115 жыл. Онлайн бейнеролик. Ақмешіт үлгілі ауылдық кітапханасы. 

13.09.2021

4.

"Үй гүлдері" ұсыныс сабағы. Изенді ауылдық кітапханасы.

13.09.2021.

5.

Чернобыль апатына-35 жыл  «Чернобыль апаты ғасыр қайғысы» библиопост. Мұзбел ауылдық кітапханасы.

14.09.2021.

6.

«Ана тілі –арын бұл» мақал-мәтелдер. Изенді ауылдық кітапханасы.

14.09.2021.

7.

«Жемқорлыққа қарсы күрес басты міндетіміз» дөңгелек үстел. Көбетей үлгілі ауылдық кітапханасы.            

14.09.2021.

8.

"Сәйділ Талжанов - Сарыарқаның мақтанышы" эссе байқау. Аудандық орталық  кітапхана.

15.09.2021.

9

"Білім елінің сиқырлы кілті" бейнеролик. Аудандық балалар кітапханасы.

15.09.2021.

10.

 

16.09.2021.

11.

"Еңбек адамды көтереді" кітап көрмесінің тұсаукесері. Аудандық орталық  кітапхана.

17.09.2021.

12.

 

18.09.2021.

13.

 

19.09.2021.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

       


Авторландыру

Парасат жолы орталығы

Қаралды (686)

 

«Мінез–жанның айнасы. Адамның басына қонған бақыттың тұрақты болуы жақсы мінез-құлыққа байланысты. Мінез бен ақыл жарасса – адамгершілік ұтады»

 

Әбу Насыр әл-Фараби

 

«Адалдық алаңы»

 

         5 ақпан күні Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі мен Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі арасындағы   Меморандумға сәйкес, Нұра орталық аудандық кітапханада «Парасат жолы» орталығы ашылды.  «Парасат жолы» – адалдық, парасаттылық, әділеттілік қағидаттарын қалыптастыруға, сондай-ақ ұлттық мәдениет пен руханият құндылықтарын қоғамда ілгерілетуге бағытталған жоба.

         Орталықтың салтанатты ашылу рәсіміне  аудан мәслихатының депутаты Д.Алшынбаев, аудан мәслихатының депутаты, М.Жұмабаев атындағы мектептің директоры - К.Д.Жанқуатова, осы мектептің жаратылыстану пәнінің мұғалімі  Ж.Елтай, Нұра ауданы ардагерлер кеңесінің мүшелері М.Ақыжанов, Аринов Е.П., Нұра кентінің жергілікті қауымдастық төрағасы Д.Бикенов Нұра ауданының жастар орталығынан Е.Амантай,   Т.Шолтаев және   зиялы қауым өкілдері қатысты. 

        Шара барысында парасаттылық құндылықтары кеңінен насихатталып, қоғамда болып жатқан мәселелер талқыға алынды.  Сонымен қатар жобаның мақсаты мен міндеті ортаға салынып, орталықтың алдағы жұмыс жоспары бекітілді.

       Соңында «Адалдық алаңы» атты кітап көрмесіне шолу жасалды. Көрмеге өзінің шығармаларымен оқырманын әділдікке, парасаттылыққа адамгершілікке, адалдыққа баулыйтын ақын-жазушылардың, көрнекті қоғам қайраткерлерінің, кітаптары қойылды.

 Осындай орталықтар Нұра ауданының барлық кітапханаларында ашылуы жоспарланып отыр.

 

© 2013 Нұра орталықтандырылған кітапханалар жүйесі
Әзірлеуші және қолдаушы: Интернет-компания Creatida
Яндекс.Метрика