Нұра ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі
Нұра орталықтандырылған кітапханалар жүйесі

Ай кітабы

Әлімжанов Ә. Ұстаздың оралуы, Жазушы, Махамбеттің жебесі: Романдар (Орысшадан аударған: С. Муратбеков пен Т. Жанұзаков. – Алматы: Жазушы, 1981.-544 б.

Дж.  Неру атындағы халқаралық сыйлықтың, Қазақ ССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Әнуар Әлімжановтың «Ұстаздың оралуы» атты бір томдық жинағына тарихи тақырыпқа жазылған «Ұстаздың оралуы», «Жаушы», «Махамбеттің жебесі» атты шығармалары еніп отыр.

            «Ұстаздың оралуы» романында орта ғасырларда өмір сүрген Ұлы ғалым әл-Фарабидің тарихи бейнесін жасаған.

Қазақстанның өз еркімен Россияға қосылуының 250 жылдығына арналып жазылған «Жаушы» романында қазақ халқының1723 жылдың көктеміндегі жоңғар шапқыншылығына қарсы ұлт-азаттық көтерілісі суреттеледі.

«Махамбеттің жебесі» романы Исатай Тайманұлымен бірге қазақ халқының 1836-1838 жылдардағы ұлт-азаттық көтерілісін басқарған ардагер ақын Махамбет Өтемісұлының тарихи тулғасын сомдауға арналған.

 

Анонс

Іс-шаралар анонсы мамыр -2020 жыл


Іс-шаралар анонсы

25.05 – 31.05. 2020 жыл.

Көпшілік жұмыс

Уақыты

Онлайн-өтінімдер бойынша оқырмандарға қызмет көрсету

күнделікті

«Байғұт Мархабат – жазушы, журналист»  «Алаш» халықаралық әдеби сыйлығының лауреаты, туғанына 75 жыл (1945) Виртуалды кітап көрмесі. Жараспай ауылдық кітапхана.

25.05.2020

«Қазақ әдебиетінің майталмандары»- виртуалды-онлайн кітап көрмесі. Мынбаев ауылдық кітапхана.

25.05.2020

Бейне шолу обзор «Кітабын оқы, киносын көр!» ЦРБ

25.05.2020

Белгілі журналист, әдебиетші, қазақ стенографиясының негізін қалаушы Данабике Байқадамовың (Каралдина) туғанына 100 жыл толуына арналған «Оның өмірі – дәуір стенограммасы»атты посты. Заречный ауылдық кітапханасы.

25.05.2020

«Пришла пора – звучат фанфары» виртуалды экскурсия. Егінді ауылдық кітапханасы.  

25.05.2020

«Қазақстанның мәдени мұрасы». Ахметауыл ауылдық кітапханасы.

25.05.2020

Ұлы Жеңіске 75 жыл

«Соғыс менің тағдырымда» акциясын жалғастыру.

«Тыл ардагері» естелік лентасын әлеуметтік жүйеге қою. Кертінді ауылдық кітапхана.

26.05.2020

«Қымызмұрындық» мәлімет, Изенді ауылдық кітапхана.

26.05.2020

«Қош бол, менің мектебім!» видеобейне. ОБК

26.05.2020

«Ақылы асқан Әз – Тәуке» Қазақ хандығы 555 жыл. Көбетей ауылдық кітапхана.

26.05.2020

«Жаңа кітаптар шеруі».Онлайн-көрме (К.Мыңбаев ауылдық кітапханасы).

26.05.2020

«Память как осколок в сердце» қуғын-сүргін жылдарды еске алу күні. Тассуат ауылдық кітапханасы.

26.05.2020

«Кітап инсталляциясы» Жаңа кітаптар шеруі. Көбетей балалар кітапханасы.

26.05.2020

«Сенің досың мерзімді басылымдар» - видео-шолу. Байтуған ауылдық кітапханасы.

26.05.2020

31 мамыр Саяси қуғын сүргін құрбандарын еске алу күні. Презентация. Жараспай ауылдық кітапхана.

27.05.2020

«Тарихтан тағылым – өткенге тағзым» онлайн кітап көрмесі. ОБК

28.05.20

«Үш арыс» библиопост. Изенді ауылдық кітапхана.

28.05.20

«Қайғылы жылдар естелігі» видеоролик, 31 мамыр саяси қуғын сүргін құрбандарын еске алу күні. Көбетей ауылдық кітапхана.

28.05.20

«Алаш туы астында,Күн сөнбесін!». Онлайн әңгіме оқу.Егінді ауылдық кітапхана.

28.05.20

Буктрейлер «Қайғылы тағдырлар тарихы» ОАК

28.05.20

«Счастья вам, дети, на нашей планете!» балаларды қорғау күні мерекесінің шығу тарихы.

28.05.20

«Үйле оқимын!» - акция. Байтуған ауылдық кітапханасы

28.05.20

«Сказка-терапия!»пост,аудиосказки. Кобетейская ДО.

«Ертегі-терапия!"пост, аудио. Көбетей ауылдық кітапханасы

28.05.20

«Бұл күндер мәңгі есте қалады» - саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға арналған кітаптарға арналған бейне-шолу.Ахметауылдық кітапхана.

28.05.20

31 мамыр ашаршылық күніне,

«Тарихтан тағылым» онлайн викторина. Ақмешіт ауылдық кітапхана.

29.05.20

«Бас иіп тағзым етеміз,Алаштың арыстары!» Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу. Виртуалды кітап көрмесі. Кертінді ауылдық кітапхан.

29.05.20

«Тарихтағы ұмытылмас қасырет» саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні.Пост, Көбетей балалар кітапханасы.

29.05.20

Дүниежүзілік темекісіз күн. «Кальян: за и против»бейне слайд. Заречный ауылдық кітапханасы.

29.04.20

«Зұлмат заманның құрбандары» - видеоролик Мынбаев ауылдық кітапхана.

31.04.20

«Қасіреті жылдар» әдеби шолу. Изенді ауылдық кітапхана.

31.04.20

Слайд-реквием «Қасырет жолдар тарихы». Заречный ауылының қуғын-сүргінге ұшыраған тұрғындарына арналған библиографиялық жаднаманың тұсаукесері. Заречный ауылдық кітапханасы.

31.05.20

 


Авторландыру

Бос уақыт

Қаралды (1992)


Флек, Д.  Ыстық тастармен уқалау (Стоун терапиясы) [Электронды ресурс]/Д. Флек.- СПб.: Вектор, 2012.- 128 б.: сур.
Уқалау күшті қалыпқа келтіруге көмек береді, әр түрлі жастағы адамдарға, түрлі кәсіп иелеріне сергектік пен  жақсы көңіл-күй сыйлайды. Ыстық тастармен уқалау – ыстық тастардың энергетикалық емдеуі мен пайдалы әсер етуінің тамаша үйлесімдік уқалауы болып табылады. Берілген кітапта мынадай ақпарат бар: ыстық тастармен уқалаудың пайда болуы; осындай уқалауды қолдану жерлері; оның ықпал етуінің мәні; көрсетімдер мен қарсы көрсетімдер; тастарды немен қыздырған дұрыс; оларды қалай таңдау керек және уқалауға қалай дайындалу керек.  Сапалы түрлі-түсті суреттер әрбір ниет білдірушіге осы релаксация мен айығудың тамаша тәсілін меңгеруге көмек береді.

 

Кивиулома, Л. Фейслифтинг: беттің жастығы мен сұлулығы [Электронды ресурс]: нәтижелі жаттығулар мен уқалау/Л№ Кивиулома.- СПб.: Вектор, 2013.- 192 б.
    Оқырман DVD қосылған кітапта бет әжімдерін жазып, бетке саулық сыйлайтын; бет терісін жазатын және мойын терісін жасартатын; бас ауруынан, оған қоса жақ және мойын тұсындағы ауырудан құтылуға көмек  беретін “Mimilift faciat musclecare” арнайы бағдарламасын табады. Жаттығулар орындалу ережелері сақталған кезде қауіпсіз болады. Дегенмен, осы кітапта берілген ақпарат дербес диагноз қоюға пайдаланыллмайды. Берілген жағдайда дәрігерлік білімі бар білікті маман қажет.

 

Яшнова, Т. Рэйкидің әмбебап энергия ағымы [Электронды ресурс]/Т. Яшнова.  – СПб.: Вектор,2013.- 128 б.
    Кітап Рэйки жөнінде ештеңе білмейтін, алайда ол іліммен танысқысы келетіндерге арналған. Рэйки өз өміріңді толықтай өзгертуге мүмкіндік береді. Сіз өзіңіздің физикалық, эмоционалдық денсаулығыңызды қалыпқа келтіре аласыз, яғни ауруларды жеңіп, өзіңізге тыныштық пен рухани салмақтылықты қайтара аласыз. Бұдан басқа, кітап Рэйкимен баяғыдан таныс адамдарға, оның бізге қандай ғажайыптар сыйлай алатынын естіп білгендерге арналған.

 

5000 сурет жауһары [Электронды ресурс]:  еуропалық 700 суретші.- М.: Директ Медиа Паблишинг, 2004.- (Электронды кітап). 
  Дискіде 5000-нан астам көшірме бар: эскиздер, табиғаттың суреттемелері, көркем суреттердің, фрескалардың, витраждар мен мүсіндердің дайындық эскиздері, кітап суреттемелері және т.б. кейінгі Орта ғасырдан бастап ХХ ғ. дейінгі еуропалық суретшілердің шығармашылығындағы графика жанрлары. Барлық бейнелер біртұтас деректер базасына біріктірілуі, іздеуді автордың есімі арқылы немесе шығарманың атауы бойынша жасауға мүмкіндік береді. Дерекқор әрбір суреттің орындалу техникасы, өлшемі және орналасқан жері жөнінде толық ақпаратты қамтиды.   

 

 

Әлемдік сурет өнерінің 5555 жауһары (Электронды ресурс) : CD-ROM; 1000 еуропалық суретшілер..- М.: Директ Медиа Паблишинг, 2004.- (Электронды кітап).- ISBN 5-94865-004-9
     1000-нан астам суретшілердің жұмыстары бар және олардың авторлары мен суреттері жөнінде ақпарат пен классикалық туындылардың көшірмелерінің жинағы. Еуропалық сурет өнерінің бас кезінен жиырмасыншы ғасырдың үштен біріне дейінгі туындылар көрініс тапқан. Басылымда өзімен 1000-нан астам еуропалық суретшілердің және өзге де елдердің суретшілерінің табиғат және графикалық туындыларының жоғары сапалы көшірмелері бар. Жинақтың негізін орта ғасырлардан бастап жиырмасыншы ғасырдың бірінші жартысына дейінгі суреттер құрайды. 

 

Есімдер, Жұлдызнамалар және Тағдырлар [Электронды ресурс].- М.: Жаңа диск, 2007.- 1 эл. опт.диск.(CD-ROM).  
        Әрбір адам осы бағдарламаның көмегімен классикалық, зодиак, қытай, австриялық, ежелгі славяндық және тіпті афро-карибтік жұлдызнамалары бойынша оны не күтетінін біле алады. Бұған қоса есімнің қандай мағына білдіретінін және оның адам мінезіне қалай әсер ететіні жөнінде де білуге болады. Бағдарламада «Бақсы» атты талдаудың арнайы алгоритмі жүзеге асырылған.

 

Сұлулық пен денсаулық 2007-2010 [Электронды ресурс]: күнтізбе - энциклопедия.- Екатеринбург: Бука, 2007.- 1 эл.опт.диск. (CD-ROM).    
Бірегей бағдарлама жұмыс үстелін көркем және ақпараттық қылып ресімдеуге көмек береді. Энциклопедия ағзаның қасиеттері, ауруларды алдына-ала емдеу әдістері мен салауатты өмір салты, дұрыс тамақтану, халық емінің сенімді тәсілдері жөнінде әңгімелейді. Мақалалар суреттермен және пайдалы ақпаратпен қамтылған.

 

                Аспаздық сіздер үшін 2007-2009 [Электронды ресурс]: күнтізбе- энциклопедия.- Екатеринбург: Бука, 2007.- 1 эл.опт.диск.- (CD-ROM).
Менеджер-бағдарламада көптеген пайдалы және көңіл көтеретін ақпарат бар: ұлттық және халықаралық асхананың 300-ден астам тағамдары. Жұмыс үстелінің тақырыбы мен дизайнын оңай өзгерте алудың, әсерлі жеке қабырға күнтізбелерін дербес құру және оны басып шығарудың бірегей мүмкіндігі.

 

Правдина, Н. Табыстың формуласы  [Электронды ресурс]: тілектердің орындалуына арналған медитациялар / Н.Правдина.- М.: [б.б.], 2004.- 1 эл.опт. диск.
     Фэн-шуйдің белгілі шеберінің медиативті аудиоальбомы. Басылым музыканың сүйемелдеуімен өзіңді шексіз әлемнің бір бөлігі етіп сезінуге көмек береді. Сіз осы күшке сенетін болсаңыз, мол игілікке, махаббатқа толған, рухани өсуі бар, ертегідей ғажайып өмір мүмкін бола алады. сіз осы күшке сенген кезде мүмкін бола алады. Сізді сәттілікке энергетикалық күй күтіп тұр. «Болашаққа артқа», «Сиқырлы қала».

 

Тұлғаны психологиялық тестілеу [Электронды ресурс]: теория мен практика.- М.: Равновесие, 2003.- 2 эл. опт.диска.- (CD-ROM). 
         Адамның зиятты, эмоциялық, жеке бас ерекшеліктері кәсіби не жеке бас сияқты кез келген айқын жағдайларда оның сәттілігі мен сәтсіздігін анықтайды. CD-да тестілеу әдістемесінің сипаттамалары, жеке және топтарда тестілеуді өткізудің сауалнамаларының бланктері, мысал ретінде кейбір тесттердің компьютерлік нұсқалары берілген.  

© 2013 Нұра орталықтандырылған кітапханалар жүйесі
Әзірлеуші және қолдаушы: Интернет-компания Creatida
Яндекс.Метрика