Нұра ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі
Нұра орталықтандырылған кітапханалар жүйесі

Ай кітабы

Астана.Путеводитель / Составитель Р.Турлынова. – Астана: Фолиант, 2018. – 144 с.
Голубев, К Козы, овцы, коровы: содержание и разведение / К.А. Голубев, М.В. Голубева. – Москва: Издательство АСТ, 2018. – 128с. – (Азбука дачника)
Бұл кітап ісін жаңа бастаған фермерге да, үлкен тәжірибесі бар малшыларға да қажет. Кітаптан сіз үй жануарларын қалай дұрыс өсіру және ұстау, олар немен ауырады және оны қалай болдырмау, сіздің фермер шаруашылығының өнімділігі мен табыстылығын қалай арттыру және оған кеткен шығындарды аз өтеуге үйретеді. Кітап беттерінде уақытпен тексерілген құнды тәжріби ұсыныстар жинақталған!

Анонс

Іс-шаралар анонсы – қаңтар 2019 жыл


Көпшілік жұмыс

Уақыты

Әдеби өлкетану сағаты «Дәуірмен үндес өмір» (жазушы Бүркіт Ысқақовтың 95 жылдығына арналған)

4.11.19

Слайд – фильм «Қазақстанның ұлттық валютасы»

15.11.19

Ақпарат күні «Дүниежүзілік теледидар күні»

20.11.19

Экономикалық ойын «Бизнес сатылары бойынша»

17.11.19

Дөңгелек үстел «Жаңа дәуірдің Көшбасшысы»

29.11.19

Көрнекілік насихат

 

Көрме-ақпарат «Қазақстан-2050: жаңа даму стратегиясы»

Ай бойы

 Кітап көрмесі «Елін сүйген ердің ізі» (жазушы Бүркіт Ысқақовтың 95 жылдығына арналған)

4.11.19

Кітап көрмесі «Тәуелсіздіктің алтын қазығы-теңге»

11.11.19

«Өз бизнесіңді табысты ет!» (Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің күніне арналған)

13.11.19

Кітап көрмесі «Елбасы әлем таныған тұлға»

26.11.19

 


Авторландыру

Сүлейменов Мүташ

Қаралды (2732)

Қазақстан халық ағарту ісінің үздігі. Ол кісі 1921 жылы 10 қыркүйекте Казгородок селосында дүниеге келген.
              М. Сүлейменовтың жастық шағы соғыстың басталуымен қатар келеді. Ол 1941 жылы 9-шы сыныпты аяқтап Чкалов атындағы колхозға есепші болып жұмысқа алынады.  Жоғары сынып оқушыларының қатарында жүріп, ол тың жерлерді игеруге белсене араласады. Сол еңбегі үшін ол кейін мемлекеттік сыйлыққа ие болады. Бірақ басталған соғыс бәріне кедергі болады.
           Майданға 1942 жылдың қаңтар айында алынады. Алдымен 3-4 айлық зеңбірекшілер курсынан өтеді. Оның майдандық өмірі 114-ші атқыштар бригадасында басталады. Алғаш рет  Калинин облысына қарасты Ржев қаласының маңындағы Зубцево деген жердегі қанды қырғынға қатысады. Осыдан кейін де талай ұрыстарға қатысқан Мүташ Сүлейменов  сол жылдың қазан айында ауыр жараланып, госпитальге түскен. Қарашада сауығып шыққанда  өз бөлімінен көз жазып қалып, 139-шы Қызыл Тулы Ярославль гвардиялық атқыштар дивизиясына қарасты 364-ші атқыштар полкінің құрамында танкіге қарсы ататын 45 миллиметрлік зеңбіректің көздеушісі болып қайта сапқа тұрады. Осы кезге дейін ол бірнеше ерлік істерімен көзге түсіп, өңіріне «Ерлік үшін» медалін және «Қызыл Жұлдыз» орденін қадап үлгереді.
         1944 жылдың маусымында зеңбірек расчетінің командирі болып жүрген аға сержант Мүтәш Сүлейменов Белоруссияның Погоран деген жерін азат ету кезінде көрсеткен ерлігі үшін үшінші дәрежелі Даңқ орденіне ие болады. Осовец қамалын азат ету кезінде көрсеткен тапқырлығы мен ерлігі үшін екінші дәрежелі Даңқ ордені беріледі. Осы шайқас жайында ол өз күнделігіне жазады.,
           17 қаңтарда Варшава азат етіледі. Бұдан кейін наурызда бүкіл Польша азат етіледі. 30 наурызда Польша мемлекетінің ұлттық туы Данциг үстіне тігіледі. Бұл ерліктері үшін Мүтәш ағаның қарамағындағы жауынгерлер тегіс медаль, ордендерге ие болады. М. Сүлейменовтың өзіне бірінші дәрежелі Даңқ ордені беріледі.
          Мүкең соғысты немістердің Аргшемонд қаласында аяқтайды. 1945 жылы 24 маусымда Мәскеу қаласында болған Жеңіс парадына қатысады.
          Соғыстан туған ауылына қайта оралып, ауылдағы мектепте ұстаздық етеді. Қарағанды қаласындағы университеттің тарих факультетін бітіреді. 40 жылдан астам мектеп шәкірттеріне алғашқы әскери дайындық пәнінен сабақ береді. Көп жылғы талмас еңбегі үшін «Қазақ ССР халық ағарту ісінің үздігі», «СССР халық ағарту ісінің үздігі», «Еңбек ардагері» медалімен және көптеген құрмет грамоталарымен мараппатталған.
          1993 жылдан Кертінді ауылдық мектебі Мүтәш Сүлейменов атымен аталады.  

 

© 2013 Нұра орталықтандырылған кітапханалар жүйесі
Әзірлеуші және қолдаушы: Интернет-компания Creatida
Яндекс.Метрика