Нұра ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі
Нұра орталықтандырылған кітапханалар жүйесі

Ай кітабы

Астана.Путеводитель / Составитель Р.Турлынова. – Астана: Фолиант, 2018. – 144 с.
Голубев, К Козы, овцы, коровы: содержание и разведение / К.А. Голубев, М.В. Голубева. – Москва: Издательство АСТ, 2018. – 128с. – (Азбука дачника)
Бұл кітап ісін жаңа бастаған фермерге да, үлкен тәжірибесі бар малшыларға да қажет. Кітаптан сіз үй жануарларын қалай дұрыс өсіру және ұстау, олар немен ауырады және оны қалай болдырмау, сіздің фермер шаруашылығының өнімділігі мен табыстылығын қалай арттыру және оған кеткен шығындарды аз өтеуге үйретеді. Кітап беттерінде уақытпен тексерілген құнды тәжріби ұсыныстар жинақталған!

Анонс

Іс-шаралар анонсы – қаңтар 2019 жыл


Көпшілік жұмыс

Уақыты

Әдеби өлкетану сағаты «Дәуірмен үндес өмір» (жазушы Бүркіт Ысқақовтың 95 жылдығына арналған)

4.11.19

Слайд – фильм «Қазақстанның ұлттық валютасы»

15.11.19

Ақпарат күні «Дүниежүзілік теледидар күні»

20.11.19

Экономикалық ойын «Бизнес сатылары бойынша»

17.11.19

Дөңгелек үстел «Жаңа дәуірдің Көшбасшысы»

29.11.19

Көрнекілік насихат

 

Көрме-ақпарат «Қазақстан-2050: жаңа даму стратегиясы»

Ай бойы

 Кітап көрмесі «Елін сүйген ердің ізі» (жазушы Бүркіт Ысқақовтың 95 жылдығына арналған)

4.11.19

Кітап көрмесі «Тәуелсіздіктің алтын қазығы-теңге»

11.11.19

«Өз бизнесіңді табысты ет!» (Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің күніне арналған)

13.11.19

Кітап көрмесі «Елбасы әлем таныған тұлға»

26.11.19

 


Авторландыру

Дәкен Шалабекұлы

Қаралды (1950)

Дәкен Шалабекұлы 1922 жылы Қарағанды облысы Нұра ауданының «Балықтыкөл» совхозындағы Нашарбек қыстауы деген жерде орта шаруаның отбасында туған.
Ауылда сауатсыздар мектебінде сауат танып, 1920-33 жылдары бастауыш мектептің 4 сыныбын бітірді. 1933-34 оқу жылында Захаровка жетіжылдық мектебін, содан соң Казгородок қазақ орта мектебін тамамдайды.
  Бұдан кейін Қарағандыдағы екі жылдық мұғалімдер институтына оқуға түсіп, содан соң Захаровка (қазіргі Ақмешіт) мектебінде оқу ісінің меңгерушісі және Плаховка (қазіргі Қантай)  мектебінде директор болып қызмет атқарады.
1945 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің тіл-әдебиет факультетіне түсіп, оны 1948 жылы бітіріп шығады. Сол жылдан бастап Қарағанды қаласындағы екі қазақ орта мектебінде – Ескі қаладағы Жамбыл атындағы №7 мектеп пен Михайловкадағы №2 қазақ орта мектебінде  қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ береді.
Д. Шалабекұлының облыстағы білім беру саласын дамытуға қосқан үлесі үлкен. Ол Нұра ауданындағы қазақ мектептерінің ірге тасын қалаушылардың бірінен саналады. Соғыс кездерінің ауыртапылығына қарамастан майдандағы жауынгерлердің балаларын оқумен қамту үшін аянбай қызмет етеді. Алыстағы Плаховка ауылында мектеп ашады. Оны іргелі оқу орнына айналдыруға айрықша еңбек сіңіреді. Мектепке қажетті жиһаздарды арбаға тиеп Қарағандыдан өзі жеткізеді.
Д. Шалабекұлы 1951 жылы Қазақ ҚСР Ғылым Академиясының Тіл және әдебиет институтына қызметке қабылданады. Инститтуттың бөлім меңгерушісі, ұлы жазушы М. Әуезовтің үміт күттіретін шәкірттерінің бірі болады. Академияда жыл қызмет еткенде Қарғандыда ғылыми іс-сапармен көп болады. Академияның Қарағанды кенші ақындарының фольклорын жинау үшін ұйымдастырған экпедициясын бірнеше рет басқарады. Соның қорытындысы ретінде 1961 жылы «Қарағанды жұмысшыларының әңгіме-жырлары» атты жинақ шығарады. Бұл кітап күні бүгінге дейін ғылыми маңыздылығын сақтап келеді.
Ғылыми ұстазы М. Әуезов Мәскеуде қатты сырқаттанып жатқанда Академияға хат жолдап, жоғарыда аталған кітаптың кешікпей шығаруына алаңдатушылық білдіреді.
           Д. Шалабекұлының бұл еңбегі қазақ әдебиеті тарихының 1-ші томында аталып өтілуін өтінеді.
Дәкен Шалабекұлы 1958 жылы, небәрі 37 жасында ауыр науқастан қайтыс болады. Оның есімі 1998 жылы Қантай ауылындағы мектепке беріледі.

1.Іңкәрбекова, Г.

Жақсының аты, ғалымның хаты өлмейді//Нұра.- 2007.- 10 қараша. – Б.3

2.Өмірбек, Ж.
Жігерлі ғалым, алғыр азамат еді.//Орталық Қазақстан.- 1998.- 23 қыркүйек.- Б. 2
 

© 2013 Нұра орталықтандырылған кітапханалар жүйесі
Әзірлеуші және қолдаушы: Интернет-компания Creatida
Яндекс.Метрика