Нұра ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі
Нұра орталықтандырылған кітапханалар жүйесі

Ай кітабы

Есенберлин И. Кочевники: ист. Трилогия/пер. с каз. М.Симашко.- Алматы: Фонд И. Есенберлина, 1998. – 536 с., ил. 52 с.
Есенберлин И. Кочевники: ист. Трилогия/пер. с каз. М.Симашко.- Алматы: Фонд И. Есенберлина, 1998. – 536 с., ил. 52 с.
Ілияс Есенберлиннің трилогиясы- қазақ халқының ХV ғасырынан ХІХ ғасырдың ортасына дейінгі тарихын қайта қалпына келтіретін көптомдық, көп қырлы кітап. Онда Темір империясы ыдырағаннан кейін қазақ тайпаларының бірігуі, шетелдік жаулармен күресу үрдісі көрсетілген және Қазақстанның ХVIII ғасырда Ресейге ерікті түрде қосылуының тарихи негіздемесі берілген.

Анонс

Іс-шаралар анонсы Қаңтар - 2020 жыл


Көпшілік жұмыс

Өткізілетін уақыты

Шолу «Бабалар ізімен»

13.01.20

Кітап көрмесінің тұсау кесері  «Ерліктің арқауы, елдіктің бастауы – Қазақ хандығы» ( Қазақ хандығының 555 – ж. арналған)

20 .01.20

Пікір алмасу  «Волонтерство -  это отзыв души»  (еріктілер жылы аясында)

22.01.20

Әдеби кеш «Дауылпаз ақын» ( Қадыр Мырза Әлінің 85-ж. арналған)

27.01.20

Көрнекілік насихат

 

Кітап көрмесі «Стратегия 2050: шаг за шагом»

Жыл бойы

Кітап көрмесі «Туған өлкем – жерұйығым, жұмағым»

5 января

Ккітап көрмесі «Әл-Фарабидің рухани мұрасы (  Әл-Фарабидің 1150- ж.)

15 января

Кітап көрмесі «Қазақ поэзиясының алып айсбергі» ((Қадыр Мырза Әлінің 85-ж. арналған)

8 январь

Кітап көрмесі  «Тарихи жанрдың шебері» (Ілияс Есенберлиннің туғанына 105 жыл))

10 января

 


Авторландыру

Болат Әбдікәрімов

Қаралды (1278)

Болат Әбдікәрімұлы Әбдікәрімов.

Қарағанды аймағындағы Нұра ауданының тумасы, ардақты аға, қаламгер, ғалым, еңбекқор азамат, қарымды қоғам қайраткері Болат Әбдікәрімұлы 2014 жылдың наурызының 1 –ші жұлдызында бұл фәни жалғанның есігін жауып, бақилық дүниеге өтті.

17.02.1939 жылы жарық дүниенің есігін ашқан. Ержетіп, қатарластарымен қатар орта мектепті, Қарағанды политехникалық институтын бітіріп, ҚазКСР-і мемлекеттік агрошаруашылығында еңбек жолын бастаған. Осы салада кәсіптік- техникалық білім басқармасының басшысы болып қызмет істеген. Одан кейінгі уақыттарда: 1990-1994 жылдары – Қазақстан Республикасы Білім министрінің орынбасары, 1994-1995 жылдары Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі төрағасының орынбасары, 1995-1996 жылдары Қазақстан Республикасы Білім министіргінің кәсіптік-техникалық білім Комитетінің төрағасы. 1996-1997 жылдары Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты құрамының сектор меңгерушісі, ал 1997 жылдан Евразия гуманитарлық институтының кафедра меңгерушілігі қызметін атқарған.

Педагогика ғылымдарының докторы, профессорлық атақ алған ғалымның Қарағанды аймағын дамытудағы іс – әрекеттері де баршаға аян.1996 жылы ол аталмыш бағыттағы тақырып бойынша педа­гогика ғылымдарының докторы дәре­жесіне диссертациясын қорғады. 1997 жылы Б.Әбді­кәрімовке Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры деген атақ берілді. Сонымен қатар еліміздің Жоғары аттестациялық комиссиясы 2001 жылы білікті ғалымға педагогика саласының профессоры атағын тапсырды. Болат Әб­ді­кәрімұлы сондай-ақ экономика ғылым­дарының кандидаты, экономика саласының доценті болды.

2001 жылдан ақырғы уақытына дейін Астана қаласындағы педагогика саласында докторлық қорғау Диссертациялық Кеңестің төрағалық қызметінде қаншама жас ғалымдардың болашағына жақсылық нұрын сепкені аян.

90 –нан астам ғылыми жұмыстары жарық көрген, 47 кандидаттық, 8 докторлық ғылыми еңбектерді қорғауға жетекші болған парасатты да пайымды, сабырлы да салмақты, білімді де білгір азамат «Құрмет белгісі» орденімен және бірнеше мемлекеттік медальдармен марапатталған ғалым.

Библиографиялық шолу

1. Әлеуханұлы, Б. Елдің адамы еді.../ Б. Әлеуханұлы // Орталық Қазақстан.-2015.-14 ақпан.-8 б.

2. Болат Әбдікәрімұлы Әбдікәрімов // Орталық Қазақстан.-2014.-4 наурыз.-5 б.

© 2013 Нұра орталықтандырылған кітапханалар жүйесі
Әзірлеуші және қолдаушы: Интернет-компания Creatida
Яндекс.Метрика