Нұра ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі
Нұра орталықтандырылған кітапханалар жүйесі

Ай кітабы

Астана.Путеводитель / Составитель Р.Турлынова. – Астана: Фолиант, 2018. – 144 с.
Голубев, К Козы, овцы, коровы: содержание и разведение / К.А. Голубев, М.В. Голубева. – Москва: Издательство АСТ, 2018. – 128с. – (Азбука дачника)
Бұл кітап ісін жаңа бастаған фермерге да, үлкен тәжірибесі бар малшыларға да қажет. Кітаптан сіз үй жануарларын қалай дұрыс өсіру және ұстау, олар немен ауырады және оны қалай болдырмау, сіздің фермер шаруашылығының өнімділігі мен табыстылығын қалай арттыру және оған кеткен шығындарды аз өтеуге үйретеді. Кітап беттерінде уақытпен тексерілген құнды тәжріби ұсыныстар жинақталған!

Анонс

Іс-шаралар анонсы – қаңтар 2019 жыл


Көпшілік жұмыс

Уақыты

Әдеби өлкетану сағаты «Дәуірмен үндес өмір» (жазушы Бүркіт Ысқақовтың 95 жылдығына арналған)

4.11.19

Слайд – фильм «Қазақстанның ұлттық валютасы»

15.11.19

Ақпарат күні «Дүниежүзілік теледидар күні»

20.11.19

Экономикалық ойын «Бизнес сатылары бойынша»

17.11.19

Дөңгелек үстел «Жаңа дәуірдің Көшбасшысы»

29.11.19

Көрнекілік насихат

 

Көрме-ақпарат «Қазақстан-2050: жаңа даму стратегиясы»

Ай бойы

 Кітап көрмесі «Елін сүйген ердің ізі» (жазушы Бүркіт Ысқақовтың 95 жылдығына арналған)

4.11.19

Кітап көрмесі «Тәуелсіздіктің алтын қазығы-теңге»

11.11.19

«Өз бизнесіңді табысты ет!» (Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің күніне арналған)

13.11.19

Кітап көрмесі «Елбасы әлем таныған тұлға»

26.11.19

 


Авторландыру

«Сәкен оқулары» аудандық байқауының ЕРЕЖЕСІ

Қаралды (37)

Нұра ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, Нұра ОКЖ, аудандық МҮ  2019 жылдың 15 қазанында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында және Сәкен Сейфуллиннің 125 жылдығына орай қазіргі қазақ әдебиетінің негізін қалаушы, ақын және жазушы, қоғам, мемлекет  қайраткері  - Сәкен Сейфуллин атындағы көркемсөз оқу шеберінің аудандық байқауын өткізеді.

Байқаудың мақсаты:
1) С.Сейфуллиннің шығармашылығын насихаттау;
2) Мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту;
3) Тіл мәдениетін көтеру;
4) Талантты жастарды қолдау.

Байқау тапсырмалары:
1) Сәкен Сейфуллиннің шығармаларынан үзінді оқу;
2) Сәкен Сейфуллиннің өмірбаянына қатысты сұрақтарға жауап беру.

Байқаудың міндетті шарттары:
1) байқау мемлекеттік тілде өтеді;
2) байқауға 14-20 жас аралығындағы Нұра ауданының тұрғындары қатыса алады;
3) мәтінді оқу уақыты бес минуттан аспауы керек;
4) мәтінді жатқа оқу;
5) фонограммаларды пайдалануға тыйым салынады.

Қазылар алқасы қатысушылардың өнерін бағалау кезінде төмендегі талаптарды ескереді:
1) көркем мәтінді оқу шеберлігі;
2) дұрыс дыбыстауы;
3) көркем мәтінді таңдау талғамы;
4) сахналық образ.
          Байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлері қазылар алқасының дауыс беру қортындысы бойынша анықталады.
          Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлері арнайы дипломдармен, алғыс хаттармен және басқа да құнды сыйлықтармен марапатталады.
          Байқауға қатысу туралы өтінім 2019 жылғы 1 қазанға дейін Нұра ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне (Нұра кенті,Абай көшесі,35 үй),тел. 79026, немесе электрондық пошта: nurakultura@mail.ru, аудандық орталық кітапхана (Нұра кенті,Абай көшесі,35 үй), тел.22210, немесе элетрондық пошта: metodnura@ mail.ru. қабылданады.


 

© 2013 Нұра орталықтандырылған кітапханалар жүйесі
Әзірлеуші және қолдаушы: Интернет-компания Creatida
Яндекс.Метрика