Нұра ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі
Нұра орталықтандырылған кітапханалар жүйесі

Ай кітабы

Кучинский Х. Макс (Max H. Kuczynski). Дала мен адам. Steppe und mensch. Степь и человек. / Жауап ред. Д. Қамзабекұлы. Аудар. А. Біжкенова, Ж.Жақыпов / -Нұр-Сұлтан: «Алашорда» қоғамдық қоры, 2021. -320 б. Қазақ, неміс, орыс тілдерінде

  Бұл кітаптың авторы Германия ғалымы  (медицина докторы,  физиолог,  антрополог,  бактериолог),  Берлин университетінің патология профессоры  Макс Ханс Кучински  (Max H. Kuczynski). 1924 жылы Қазақ даласын аралап,  Алаш жұртының тұрмыс-тіршілігін,  әдет-ғұрпын  табиғаты мен денсаулық жағдайын,  ем-домын  еуропалық көзқараспен қызықты  етіп хатқа түсірген. Бұл сапарды ұйымдастыруға  Ә.Бөкейхан, Ә.Досұлы, Қ.Кемеңгерұлы т.б.  тұлғалар атсалысқан.  Еңбек 1925 жылы Лейпцигте басылып шығып,  әлемдік  ғылыми айналымға енген.

        Аталған  мұра тұңғыш рет қазақ  және орыс тілдеріне аударылып, оқырманға ұсынылып отыр

Анонс

Іс –шаралар анонсы 19.09.-25.09.2022


 

                                                         Іс-шаралар атауы

Өткізілетін уақыты

  1.  

«Азаматтық қоғам және дін»  имаммен  кездесу. Шұбаркөл ауылдық кітапхана.

19.09.2022.

  1.  

Жайық Бектұровтың 110-жылдығына орай  «Жайық Бектұров қоғам қайраткері» ауызша журнал. Байтуған ауылдық кітапхана.

19.09.2022.

  1.  

«Дәуірдің дара тұлғасы» кең көлемді кітап көрмесі.  Жараспай ауылдық кітапхана.

19.09.2022.

  1.  

«Ахмет - қазақ халқының рухани көсемі» пікірталас. Баршын ауылдық кітапхана.

19.09.2022.

  1.  

«Жақсы көретін кітаптардың парақтарынан»  әдеби калейдоскоп. Аудандық балалар кітапханасы.

20.09.2022.

  1.  

«Жер – біздің үй, сен оған қамқор бол» экологиялық сабақ.  Ақмешіт ауылдық кітапхана.

20.09.2022.

  1.  

М.Шахановтың 80-жылдығына орай  «Өмір өзені» портреттік кеш. Мыңбаев ауылдық кітапхана.

20.09.2022.

  1.  

Ғабит Мүсіреповтың туғанына 120 жыл толуына орай  «Жарқын тұлға» әдеби кеш.  Мұзбел ауылдық кітапхана.

20.09.2022.

  1.  

М.Әуезовтің 125- жылдығына орай «Мәңгілік құндылықтар тудырған жан» портреттік кеш.  Заречная ауылдық кітапхана.

20.09.2022.

  1.  

А.Сейдімбектің 80-жылдығына орай «Ақселеу – Алашқа ортақ тұлға» әдеби кеш.  Ахметауылдық кітапхана.

20.09.2022.

  1.  

«Кітап арқылы руханиятқа» тэйбл-ток.  Қарой ауылдық кітапхана.

20.09.2022.

  1.  

«Менің азаматтық ұстанымым»  дөңгелек үстел.  Көбетей ауылдық кітапхана.

21.09.2022.

  1.  

«Еселі еңбек – ел ертеңінің кепілі» мерекелік кеш.  Жараспай ауылдық кітапхана.

22.09.2022.

  1.  

Ақын, халық жазушысы Сырбай Мәуленовтың туғанына 100 жыл. «Дала жұлдызы Сырбай Мәуленов» библиобар.  Ақмешіт ауылдық кітапхана.

24.09.2022.

  1.  

Жазушы, драматург Мұхтар Әуезовтың туғанына 125 жыл толуына орай «Дәуірдің дара тұлғасы»  портреттік кеш.  Ақмешіт ауылдық кітапхана.

25.09.2022.

 


Авторландыру

Облыстық бейне дәйексөз акциясы «БІЛІМДІДЕН ШЫҚҚАН СӨЗ»

Қаралды (1285)

                                                                ЕРЕЖЕ

Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған "БІЛІМДІДЕН ШЫҚҚАН СӨЗ" облыстық бейне дәйексөз  акциясын өткізу туралы

Тұжырымдамалық идея:

Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу жөніндегі жалпы республикалық жоспарды іске асыруда кітапханалардың рөлін арттыру

Ұйымдастырушы:

Н.В.Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы.

І. Жалпы ережелер

1.1 Осы Ереже акцияның мақсатын, өткізілу тәртібін, мазмұнын анықтайды;

1.2 Акция Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2019 жылғы 30 мамырдағы "Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын мерекелеу туралы" Жарлығы аясында өткізіледі.»;

1.3 Акция ақпараттық коммуникация саласындағы шығармашылық бастаманы қолдайды;

1.4 Акцияның өткізілу барысы туралы ақпарат және осы Ереже  karlib.kz сайтында және әлеуметтік желілерде  жарияланады.

ІІ. Акцияның мақсаты мен міндеттері

2.1 Акцияның мақсаты ұлы ақын және ағартушы Абай Құнанбайұлының мәдени мұрасын қазіргі заманғы ақпараттық коммуникацияларды қолдану арқылы насихаттау болып табылады.

2.2 Акцияның Міндеттері:

ü Ұлы гуманисттің шығармаларын көркем және мәнерлеп оқуға мүмкіндігінше көп адамдар санын, әсіресе жастарды баулу;

ü Ақынның ағартушылық идеяларын тарату бойынша алаң құру, ақынның шығармашылығын танымал ету контекстіндегі инновациялармен таныстыру;

ü Халықтың ақын тұлғасы туралы, оның ғасырлар тоғысында және қазіргі уақытта елдің рухани дамуына әсері туралы білім деңгейін көтеру.

II. Акцияға Қатысушылар

3.1 Акцияға қатысуға оқырмандар, кітапхана қызметкерлері және Қарағанды облысының әдеби клубтары шақырылады.

ІV. Акцияны өткізу тәртібі

4.1 Бейнеролик үшін Абай шығармаларынан кез келген дәйексөз таңдап, бейне дәйексөз дайындау қажет;

4.2 Бейнеролик қатысушының таңдауы бойынша қазақ, орыс немесе ағылшын тілдерінде ресімделеді. Ағылшын тіліндегі бейнероликтер қазақ немесе орыс тілдерінде субтитрлермен сүйемелденуі тиіс;

4.3 Бейнеролик 1 минуттан аспауы тиіс;

4.4 Жіберілетін бейнежазбаларда кітапхананың атауы, бейнероликтің қатысушының аты-жөні және дәйексөзге сілтеме көрсетілген титрлер міндетті.;

4.5 Жіберілетін бейнежазбаларда жарнамалық сипаттағы ақпарат, бөгде ресурстарға сілтемелер болмауы тиіс;

Дайын бейнеролик кітапханалардың YouTube, Instagram Facebook және т. б. әлеуметтік желілерінің беттерінде #karlib #Абайбейнецитата #Абайвидеоцитата #Абай175krg#Abay175krg #бейнецитата хештегтерімен орналастырылуы тиіс.

V. Бейнероликтер келесі талаптарға сай болуы тиіс

5.1 Жұмыстың көркемдік мәнерлілігі;

5.2 Мультимедиа контентін дұрыс пайдалану;

5.3 Жұмысты техникалық іске асыру ерекшеліктері;

5.4 Бейнеқатар, дыбыстық сүйемелдеудің үйлесімділік шектеулілігі.

Жоғарыда аталған шарттарға сәйкес бейнероликтер абайтанушылардың, Қазақстан Жазушылар одағы мүшелерінің қарауына ұсынылып, Н.В.Гоголь атындағы ОӘҒК YouTube арнасында  жарияланады.

Акция ұйымдастырушылары ең ерекше және креативті бейне дәйексөздерді атап өтеді.

VІ. Бейнероликтерді жариялау мерзімі

6.1 Бейнероликтерді жариялау 2020 жылғы 15 наурыздан 31 қазанға дейін жалғасады;

6.2 Бейнероликтерді төменде көрсетілген толтырылған кестемен бірге (қатысушының мәліметтері) metod@karlib.kz электрондық поштасына жіберу қажет.

№ Т. А.Ә. Туған жылы, күні, айы

 Кітапхана атауы Байланыс телефоны

 

© 2013 Нұра орталықтандырылған кітапханалар жүйесі
Әзірлеуші және қолдаушы: Интернет-компания Creatida
Яндекс.Метрика